ahead [ә'hed] adv 1.алдында, қарсыда ¨Tim pointed to a tree ~ of them. – Тім өздерінің қарсысындағы ағашты нұсқады. ¨We could see the lights of Las Vegas up ~. – Біз алғы жақтан (алдыдан) Лас-Вегас оттарын көре алдық. 2.алдыға, -да, ілгеріге, -де ¨Let Tom wlk ~, he knows the way. – Том алға (алда) жүрсін, ол жолды біледі. ¨to step ~ - алға қадам басу 3. ~ (of smb/smth) бұрын, алдында ¨There were four people ~ of me at the doctor’s. – Докторға кіру үшін менен бұрын төрт адам отырды. 4. алдын ала, ілгері ¨You can prepare these salads ~. – Мына салаттарды алдын ала дайындап қойсаң болады. ¨~ of time – күні бұрын, алдын ала ¨Can you tell me ~ of time if you are coming. – Келетін болсаң маған күні бұрын ескертші. 5.алда, болашақта, келер уақытта ¨Rest now because you have a long journey ~ of you. – Демал, өйткені алдыңда ұзақ сапар бар. ¨to lie ~ - алда күтіп тұру, алда жату ¨What problems may lie ~?Алда қандай проблемалар кезігуі мүмкін? ¨the years/days/months ~ - алдағы жылдары/күндері/айлары ¨a plan ~ - болашаққа (болашақтағы) жоспар 6. ~ of time/schedule мерзімнен бұрын, ерте, күні бұрын ¨We might finish the project ~ of schedule. – Жобаны мерзімнен бұрын бітіруіміз мүмкін. 7. go ~ (ауызекі) істей бер, бастай бер 8. to be ~ of its time уақытынан, заманынан озған, алда ¨His educational theories were way ~ of their time. – Оның оқыту теориялары заманынан көш ілгері еді. 9. to get ~ еңбекті, т.с.с. жолға қою, бір ізге түсіру ¨Getting ~ at work is the most important thing to her at the moment. – Жұмысты бір ыңғайға түсіру қазіргі кезде ол үшін ең маңызды нәрсе. 10. to go ~ (with smth) бірнәрсені бастау 11. to get/keep ~ (of the game) (АҚШ ауызекі) бір нәрсені тізгінде, бақылауда ұстау ¨I find it hard to keep ~ of the housework. – Үй шаруасына бас-көз болу оңай емес екен.