allow [ә'lau] v 1.рұқсат ету ¨Passengers are not ~ed to smoke. – Жолаушыларға темекі тартуға болмайды. ¨She ~ed her mind to wander. – Ол өз ойына ерік берді. ¨Dogs are not ~ed. - Иттерге кіруге болмайды. ¨Photography is not ~ed. - Суретке түсіруге болмайды. 2. мүмкіндік, мұрсат беру ¨This diet ~s you one glass of wine a day. – Мына диета сізге күніне бір стакан шарап ішуге мүмкіндік береді. ¨How much holiday are you ~ed? – Сізге қанша күн демалуға болады? 3. ~ smth (for smb/smth) бөлу, арнау, жіберу, жұмсау ¨to ~ four sandwiches each/per head - бас-басына төрт сәндуичтен беру ¨You must ~ three metres for a long-sleeved dress. – Ұзын жең көйлекке үш метр арнау керек. ¨I should ~ an hour to get to London. – Лондонға жету үшін маған бір сағат жұмсау қажет. 4.келісу, мойындау, көну ¨The judge ~ed my claim. – Судья менің талабыммен келісті. ¨He ~ed that I had the right to appeal. – Ол менің арыздану хақымның бар екенін мойындады. ¨Many ~ him to be the leading artist in his field. – Көпшілік оның өз саласында белді суретші екенін мойындайды. 5.(phr v) *to ~ for smb/smth (біреуді/бірн-ні) есепке алу, кіргізу, есте ұстау, ескеру ¨It will take you half an hour to get to the station, ~ing for traffic delays. – Көліктің кешігетінін ескерсек, саған станцияға жету үшін жарты сағат керек. *to ~ smb in, out, up, etc. кіруге, шығуға, тұруға рұқсат ету ¨She won’t ~ the children in until they have wiped their shoes. – Аяқ киімдерін сүртпейінше ол балаларды ішке кіргізбейді. ¨The patient was ~ed up after ten days. – Науқасқа (пациентке) он күннен кейін төсектен тұруға рұхсат етілді. *to ~ of smth (ауызекі) пайымдау, долбарлау ¨The facts ~ of only one explanation. – Фактілер бір ғана түсініктемеге орын қалдырады.