appearance [ә'piәrәns] n 1.пайда болу (болыс), көріну (-ніс), келу (-ліс) ¨The sudden ~ of a policeman caused the thief to run away. – Полицияның кенет пайда болуы ұрыны үркітіп жіберді. ¨They finally made their ~ at 11.30. – Олар ақыры сағат 11.30-да келді (көрінді). 2. (сахнаға (-да), көпшілік жерге (-де)) көріну, шығу ¨His first ~ at the stage was at the age of three. – Оның сахнаға алғаш шыққан кезі үш жасында болатын. 3.(а) көрініс, көріну; пішін, түр ¨You mustn’t worry about your ~ - you look fine. -  Сыртқы пішінің жайлы ойламай-ақ қой – тамаша болып тұрсың. ¨She gave every ~ of being extremely rich. – Ол қай жағынан қарасаң да аса дәулетті болып көрінді. ¨Don’t judge by ~s - ~s can be misleading. – Сыртынан түйме – сырт көрінісі алдамшы болуы мүмкін. ¨The building was like a prison in ~. – Ғимараттың сыртқы көрінісі түрмеге ұқсаған еді. (b)белгі, нышан ¨The case had all the ~s of a murder. – Қылмыстық істе кісі өлтірудің барлық белгілері бар болып шықты. 4.(idm) *to keep up ~s көрініп бағы, жасамықтану, тыраштану ¨There is no point in keeping up ~s when everyone knows we’re nearly bankrupt. – Біздің банкрот болайын деп тұрғанымызды елдің бәрі білетіндіктен құры тыраштанудың жөні жоқ. *to put in an ~ бой көрсету, көрініп қайту, қою ¨I don’t want to go to the party but I’d better put in an ~. – Тойға барғым келіп тұрған жоқ, дегенмен де барып бой көрсетіп қайтайын. *to all ~s сырттай қарағанда, сырт көзге ¨He was, to all ~s, a respectable, successful businessman. – Ол, былай алып қарағанда (сырт көзге), беделді, табысты кәсіпкер болып көрінді.