as

as [әz; екпінді формасы æz] A.prep 1.сияқты, -ша, -ше ¨dressed ~ a policeman – полицайша киінген ¨They entered the building disguised ~ cleaners. – Олар мекемеге тазалаушылар сияқты болып киініп кірген. 2.болып (істеу), ретінде ¨a job ~ a packer – зат салғыш (қаптағыш) болып жұмыс істеу ¨I am speaking ~ your employer. – Мен бастығың ретінде сөйлеп тұрмын. ¨I respect him ~ a writer and ~ a man. – Мен оны жазушы әрі адам ретінде құрметтеймін. ¨Treat me ~ a friend. – Маған дос ретінде қара. 3.ретінде, болғандықтан ¨As his private secretary he has access to all her correspondence. – Жеке хатшысы болғандықтан ол (еркек) арқылы оның (әйелдің) хаттарының бәрі өтеді. B.adv 1.as ... as сияқты, ұқсаған, -дай, -дей, -тай, -тей ¨~ tall ~ his father – әкесіндей ұзын ¨This dress is twice ~ expensive ~ that. – Мына көйлек андағы сияқты екі есе қымбат.  ¨I haven’t known him ~ long ~ you. – Мен оны сен сияқты ұзақтан бері білмеймін. ¨As likely ~ not, it will rain. – Жауын жаууы әбден мүмкін. ¨His eyes aren’t quite ~ blue ~ as they look in the film. – Оның көзі нақ фильмде көрінгендей көк емес. ¨Run ~ fast ~ you can. – Жүгіре алғаныңша тез жүгір. ¨She’s ~ good an actress ~ she is a singer. – Ол қандай жақсы әнші болса, тура сондай актриса. 2.сияқты, тсс  ¨As beforehe remained unmoved. – Бұрынғысынша ол жібімей қойды (селт еткен жоқ). C.conj 1.(кезде, кезінде, уақытта, уақытында, тс.) ¨I watched her ~ she combed her hair. – Ол шашын тарап жатқан кезде мен оған қараумен болдым. ¨As he grew older ... – Ол қартая келе, қартайған сайын ... 2.(өйткендіктен, сондықтан) ¨As you weren’t there I left a message. – Сен онда болмағандықтан хат тастап кеттім. 3.(сондай болса да, дегенмен де, қайткенмен де) ¨Young ~ I am, I already know what career I want to follow. – Жас болсам да, қандай қызмет қуатынымды әлдеқашан білемін.  ¨Talented ~ he is, he is not ready yet to turn professional. – Қаншама дарынды болса да, ол әлі кәсіпқой маман болуға даяр емес. ¨Much ~ I like you, I couldn’t live with you. – Сені соншама жақсы көргенмен, мен сенімен тұра алмас едім. ¨Try ~ he would/might, he couldn’t open the door. – Қанша тырысса да ол есікті аша алмады. 4.(қандай күйде болса солай) ¨Do ~ I say and sit down. – Мен айтқандай істе де отыр. ¨Leave the table ~ it is. – Стол қалай тұрса солай тастап кет (яғни, тиіспе). ¨Why didn’t you catch the last bus ~ I told you to? – Мен саған айтқандай неғып соңғы автобусқа отырмадың? 5. ¨Cyprus, ~ you know, is an island in the Mediterranean. – Кипр, өзің (өз(дер)ің(із)) білетіндей, Жерорта теңізіндегі арал. ¨The Beatles, ~ many of you are old enough to remember, cam from Liverpool. – «Битлз», араларыңыздағы ересектердің есінде бар болар, Ливерпулден шыққан. 6.сияқты, тәрізді, секілді, тсс ¨She is unusually tall, ~ are both her parents. – Ол өз әке-шешесі сияқты ерекше ұзын. ¨He’s a doctor, ~ was his wife before she had children. – Ол – дәрігер, әйелі де балалары болғанға дейін дәрігер болған. 7. (idm) *~ against smth (қарама-қарсы, кереғар дег мағ) ¨We had twelve hours of sunshine yesterday, ~ a forecast of continuous rain. – Толассыз жауын-шашын болады деп болжанғандай емес, кеше күн күні бойы жаоқырап тұрды. *~ and when а)кезде, сөйтсе, сөйткенде, тсс ¨We’ll decide on our team ~ and when we qualify for the competition. – Біз командамыз жөнінде сайысқа іліксек шешеміз. в) (ауызекі) мүмкін болған кезде, әйтеуір бір ¨I will tell you more ~ and when. – Мен саған әйтеуір бір көбірек айтармын. *~ for smb/smth (біреу/бірн-се жөнінде айтсақ, бірн-ге келсек, тсс) ¨As for the hotel,it was very uncomfortable. – Қонақ үйге келсек (жайында сөз етсек), ол өте жайсыз болды. ¨As for you, you ought to be ashamed of yourself. – Ал саған келсек, өзің үшін ұялуың керек. *~ from; (әсіресе US) ~ of (белгілі бір күннен бастап, бастай, әрі қарай) ¨As from next Monday you can use my office. – Дүйсенбіден бастап менің кеңсемді пайдалана берсең болады. ¨We shall have a new address ~ of 12 May. – 12 мамырдан бастай бізде жаңа адрес болады. *~ if; ~ though тап бір, құдды бір, бейне бір ... ¨He behaved ~ if nothing had happened. – Ол тап/ бейне бір ешнәрсе болмағандай жүрді. ¨As if unsure of where she was, she hesitated and looked around. – Құдды/ Бейне бір қай жерде екенін білмейтіндей ол абыржи жан-жағына қарай берді. ¨He rubbed his eyes and yawned ~ though waking up after a long sleep. – Ол тап бір ұзақ ұйқыдан оянғандай көзін уқалап ыңыранды. *~ it is қазіргі жағдайда, осылай болса ¨We were hoping to have a holiday next week - ~ it is, we may not be able to get away. – Біз келесі аптада демалыс алайық деп үміттенгеміз, бірақ жағдай осындай болатын болса, біз еш жаққа шыға алмауымыз мүмкін. *~ it were былайша айтқанда, былай алып қарағанда, белгілі бір дәрежеде ¨He became, ~ it were, a man without a country. – Ол, былайша айтқанда, елі жоқ адамға айналды. ¨Jim Radcliffe became our idol, ~ it were, the man we wanted to be. – Джім Рәдкліфке бәріміз құшатр едік, былайша айтқанда, барлығымыздың да сондай болғымыз келетін. *~ to smt; ~ regards smth бірдеңе ж. айтсақ, бірд-ге келсек ¨There are no special rules ~ regards what clothes you should wear. – Қандай киім кию керектігі жөнінде арнайы ереже жоқ. *~ yet әлі, әлі күнге дейін, осы уақытқа дейін ¨an ~ yet unpublished document – әлі күнге дейін жарық көрмеген құжат ¨As yet little is known of the causes of the disease. – Аурудың себебі жөнінде әлі күнге дейін ештеңе белгісіз. *~ if to say (тап бір) айтқысы келгендей ¨Beckworth shook his head ~ if to say “don’t trust her”. – Бекуорт тап бір «оған сенбе» дегісі келгендей басын шайқады. *~ usual әдеттегідей ¨Roberta was late ~ usual. – Роберта, әдеттегідей, кеш келді. *so ~ to do smth бірдеңе істеу, тсс үшін ¨The little boy ran off so ~ not to be caught. – Кішкене бала ұсталмас үшін қашып кетті. *~ you were (солдаттарға айтылған бұйрық) бұрынғы қалыпқа (кел) *~ to бірн-ге сәйкес, сай ¨The fabrics were arranged ~ to size and colour. – Маталар көлемі мен реңіне сай ыңғайластырылды. *~ well (~ smb/smth) (біреу/бірд-е) да, де, та, те; және де ¨Are they coming ~ well? – Олар да келе жатыр ма? *~ well ~ да, де, та, те; және де ¨He grows flowers ~ well ~ vegetables. – Ол гүлдер және де көкөніс өсіреді.