basics [ˈbeɪsɪks] n 1. ​​∼ (of smth) негіздер, бастапқы/ негізгі нәрселер ¨the basics of computer programming – компьютерлік программалаудың негіздері ¨This range of books for young children covers basics like the alphabet and numbers. – Кішкентай балаларға арналған бұл кітаптар әліпби және сандар сияқты бастапқы нәрселерді қамтиды. 2. ең керек/ қажетті нәрселер, қарапайым/ жай нәрселер ¨Some schools lack money for basics like books and pencils. – Кейбір мектептерде кітап, қарындаш секілді қарапайым нәрселерге ақша жетпейді. ¨It's best to stick to basics when planning such a large party. – Үлкен той-томалақ жасағанда ең керекті нәрселерге көңіл бөлген жөн. 3. (idm) *go/get back to basics ең негізгі/ бастапқы/ қарапайым нәрселерге көңіл бөлу ¨Managers should get back to basics and examine the kind of products people really want. – Менеджерлер ең қарапайым нәрселерге көңіл бөліп, адамдарға қандай өнімдер қажет екенін тексеруі керек. ¨It's time our education system got back to basics. – Білім жүйеміздің ең бастапқы нәрселерге көңіл бөлетін кезі болды.