bite [bait] A.v (pt bit [bit], pp bitten ['bitn]) 1. ~ (into smth) тістеу, қыршу; қабу ¨Does your dog ~? – Итің қаба ма? ¨She bit into the apple. – Ол алманы бір тістеді. ¨The dog just bit me in the leg. – Ит аяғымнан қауып алды. ¨Stop ~ing your nails! – Тырнағыңды тістеме (кемірме)! 2.шағу (жылан, жәндік ж), талау (шыбын-шіркей ж) ¨badly bitten by mosquitoes – масаға таланған ¨We were bitten to death by flies while camping. – Сапарға шыққанда шыбын-шіркей бізді өлтіре талады. 3.тұзақжемді тістеу, қабу (балық ж), қармаққа түсу ¨The fish won’t ~ today. – Бүгін балық қармаққа түспей тұр. ¨(ауысп. мағ.) I tried to sell him my old car, but he wouldn’t ~. – Оған ескі машинамды сатайын дегенмін, бірақ ол көнбей тұр. 4.тызылдау, тыз ету; тыз етіп ашу, ауыру, күйдіру ¨Her fingers were bitten by the frost/were frost-bitten. – Оның саусақтары аязға үсіді. 5.нық тұру, мықты ұстау ¨Wheels won’t ~ on a slippery surface. – Дөңгелектер тайғақ жерде нық тұра алмайды. 6.жайсыз әсер ете бастау ¨The miners’ strike is really starting to ~. – Шахтерлар ереуілі әсерін тигізе бастады. 7. (idm) *to be bitten by smth бірдеңеге аса қызыққан, берілген ¨John’s taken up stamp-collecting: he seems realy bitten by it. – Джон марка жинауды ермекке айналдырыпты: есіл-дерті сол бопты. *the biter bit біреуге ор қазамын деп өзі түскен адам *to ~ the bullet ащы шындықты мойындау *to ~ the dust (a)құлап мерт болу (сөзбе сөз: шаң қабу) (b)сәтсіздікке ұшырау ¨Another of my great ideas ~s the dust! – Тамаша идеяларымның тағы бірі шаң қабуда! *to ~ the hand that feeds one су ішкен құдығына түкіру *to ~ smb’s head off біреуді қатты сынау, сөгу ¨I was only five minutes late but she really bit my head off. – Небәрі бес минутқа ғана кешіксем де, ол менің ит терімді басыма қаптады. *to ~ off more than one can chew тыраштану (әліне қарамай өзеуреу) *to ~ one’s lip (сөзбе сөз: ернін тістеу) (жыламас я сыр бермес үшін) ернін тістеу, тістену, ернін жымқыру *to ~ one’s tongue «тілін тістеу», сезімін, ойын жасыра я опық жеп тістену/ тымпию, үндемей қалу *once bitten twice shy аузы күйген үріп ішер *what’s ~ing him, you, etc? оны, сені не абыржытуда? 8. (phr v) *~ at smth тістелеу, тістеу ¨dogs ~ing at each other’s tails – бірінің құйрығына бірі жармасып жатқан иттер *~ smth off тістеп жұлып алу ¨to ~ off a larcge chank of apple – алманың үлкен бөлігін тістеп бөліп алу B.n 1.(a) тістеу, тістес, қыршу, қабу ¨The dog gave me a playful ~. – Ит мені ойнап тістеді. (b) үзім, тістем ¨A ~ had been taken out from my sandwich. – Сәндуичімді біреу бір тістепті. 2.(бір тістем) тағам, ас ¨I haven’t had a ~ all morning. – Ертелі бері нәр татпадым. 3.(шыбын-шіркей, тб) шаққан тұс, бөртпе, жара ¨insect ~s – шіркейдің шаққаны 4.балықтың тұзақжемді тістеуі, қармаққа түсуі ¨anglers waiting for a ~ - балықтың қабуын күтіп отырған қармақшылар 5.тызыл, уыт, шаншу; әсер, өткірлік ¨There is a ~ in the air. –Аяз шымшылаған ауа. ¨His words had no ~. – Оның сөзінің мәні болмады. 6.тесу, кесу күші ¨Thi drill has no ~. – Мына дрельдің (бұрғының) түк күші жоқ. 7. (idm) *to have/get two ~s at the cherry бірнәрсені қайта істеуге талпыну я осылай етуге мүмкіндігі болу *smb’s bark is worse than his ~ [қ-з: bark]