bitter ['bitә(r)] A.adj 1.кермек, ащы, өткір (дәм) ¨Black coffee leaves a ~ taste in the mouth. – Қара кофе ауызда кермек дәм қалдырады. ¨(ауысп. мағ.) to learn from ~ experience – ащы тәжірибеден үйрену 2.бітіспес, өшіккен; зәрлі, ащы ¨~ quarrels, words – зәрлі ұрыс-керіс ¨~ enemies – бітіспес жаулар ¨to shed ~ tears – көз (ащы) жасын төгу ¨She feels/is ~ about her divorce. – Ол (әйел) ажырасқанына күйініп жүр. 3.ызғарлы, сүйектен өтетін ¨a ~ wind – ызғарлы суық жел 4. (idm) *a ~ pill (for smb) (to swallow) (сөзбе сөз: жұтатын ащы таблетка) іші күйгенде жалайтын тұз, іш күйік, запыран ¨Defeat in the election was a ~ pill for him to swallow. – Сайлаудағы жеңіліс оған у ұрттағанмен бірдей болды. *to the ~ end соңына, ақырына дейін, демі таусылғанша ¨to fight/struggle to the ~ end – дымы құрығанша соғысу/күресу B.n ащы, кермек дәмді сыра ¨A glass of ~, please. – Бір стакан сыра берсеңіз.