blood [blʌd] A.n 1.қан ¨He lost a lot of ~ in the accident. – Ол апатта көп қан жоғалтты. ¨Much ~ was shed in the war. – Соғыста көп қан төгілді. 2.тек, тұқым, қан ¨of noble Scottish ~ - текті шотландиялық әулеттен (шыққан) ¨They are of the same ~. – Олардың қаны бір (яғни, туыс). 3. (Brit көне қолд) дәнди (дэнди), дәулетті әрі сылқым жігіт 4. (idm) *bad ~ (between A and B) (біреулер арасындағы) қастық, жаулық ¨There’s a lot of bad ~ between those two families. – Ол екі әулеттің арасында ұзақтан бері келе жатқан егестік бар. *to be after/out for smb’s ~ біреудің қыр соңында болу, қудалау *to be/run in one’s/the ~ қанында, тұқымында болу ¨Most of my family are musicians; it runs in the ~. - Әулетіміздің көбі музыканттар; бұл (бұндай қасиет) тұқымымызда бар. *~ and thunder (сөзбе сөз: қан мен жасын) шытырман оқиғалы ¨a ~ and thunder story – шытырман оқиғалы хикая *~ is thicker than water (сөзбе сөз: қан судан қою) тұқымдық, қандық байланыс мықты байланыс деген мағ. *smb’s ~ is up ашулану, қаны қайнау ¨After being insulted like that my ~ is really up! – Ана сөз сүйегімнен өтіп кетті, шынымен де қаным қайнап тұр! *(like getting/trying to get) ~ out/from a stone біреуден сұрап алу, өтіну мүлде мүмкін емес деген мағ. ¨Getting a pay rise in this firm is like getting ~ from a stone. – Бұл фирмада жалақыны көтергізу тастан қан шығарғанмен бірдей. *(to have smb’s) ~ on one’s hands біреудің қанын жүктеу, ауыр қылмысты болу ¨a dictator with much ~ on his hands – қанды қол диктатор *to draw ~ [қ-з: draw] *flesh and ~ [қ-з: flesh] *one’s flesh and ~ [қ-з: flesh] *to freeze one’s ~; to make one’s ~ freeze [қ-з: freeze] *in cold ~ [қ-з: cold] *to make smb’s ~ boil біреудің қанын қайнату (ызаландыру) ¨The way he treats his children makes my ~ boil. – Оның өз балаларына деген қарасы менің қанымды қайнатады. *to make smb’s ~ run cold денені түршіктіру, мұздату ¨The sight of the dead body made his ~ run cold. - Өлі дененің көрінісі оның жанын түршіктірді. *new/fresh ~ тың күш, ресурс, идеялар ¨This company is badly in need of new ~. – Бұл компания жаңа адамдарға өте зәру. *of the ~ (royal) ақсүйек, төре тұқымынан ¨a prince of the ~ (royal) – қуатты әулеттен шыққан принц *to spill ~ [қ-з: spill] *to stir the/one’s ~ [қ-з: stir] *to sweat ~ [қ-з: sweat] B.v 1.қанау, қан болу, қансырау 2.(аң аулағанда) жас төбетке олжаланған аңның қанын татыру 3. (ауысп. мағ.) алғаш рет жарысқа қатысу, сынға түсу ¨This will be her first match for her country; she hasn’t yet been ~ed. – Бұл оның өз елі үшін алғашқы ойыны; бұғанға дейін ол сынға түспеген болатын.