bow

bow 1 [bәu] A.n 1.садақ ¨to hunt with ~s and arrows – садақпен және жебемен аң аулау 2.ысқы (скрипканың), қияқ 3.доға (кез-келген имек нәрсе) 4.күрмеу, түйін, бант(ик) 5. (idm) *to have two strings/a second, etc. string to one’s ~ қосымша айласы, ойы, жоспары болу; жан-жақты, пысық болу B.v 1.ию, бүгу 2.ысқымен скрипка ойнау

bow 2 [bau] A.v 1. ~ (down) (to/before smb/smth) (құрмет я сәлем ретінде) тәжім, тағзым ету (бас ию, кеуде ию) ¨The cast ~ed as the audience applauded. – Актерлар тобы көрермендер қол соққанда тағзым етті. 2.иілу, бүгілу, бүкірею ¨His back was ~ed with age. – Кәрілік оны бүкірейтті. ¨branches ~ed down by the snow on them – үстіндегі қарды көтере алмай иілген бұтақтар 3. (idm) *~ and scrape (әдетте жақтырм) жарамсақтану, маймөңкелеу ¨The waiter showed us to our table with much ~ing and scraping. – Күтуші асты-үстімізге түсе отырып орнымызды көрсетті. 4. (phr v) *to ~ smb in/out сәлемдесе/қоштаса бас ию *to ~ out (of smth) (a)бірнәрседен бас тарту ¨I’m ~ing out of this scheme – I don’t approve of it. – Мен мына жобадан шығамын – мен мұны қолдамаймын. (b)отставкаға, зейнетке кету ¨After thrity years in politics, he is finally ~ing out. – Отыз жыл бойы саясатқа араласқаннан соң, ол ақыры демалысқа кетіп барады. *to ~ to smth көну; мойындау, қабылдау ¨to ~ to smb’s opinion – біреудің пікіріне мойын ұсыну B.n 1.тағзым, ізет 2. (idm) *to take a/one’s ~ (актер ж) көрермендерге тәжім ету, бас ию

bow 3 [bau] n (көбінесе pl) кеме-қайықтың тұмсығы, бас жағы