break [breik] A.v (pt broke [brәuk], pp broken [brәukәn]) 1.(a) ~ (in/into smth) сыну, паршалану; үзілу; қирау; жыртылу; бөліну ¨The string broke. – Ішек (жіп) үзіліп кетті. ¨Glass ~s easily. – Шыны тез сынады. ¨The bag broke under the weight of the shopping inside it. – Сөмке (дорба, қоржын) ішіндегі дүкеннен алған заттарды көтере алмай жыртылды. ¨She dropped the plate and it broke into pieces. – Оның қолынан табақ түсіп кетіп, быт-шыты шықты. (b) ~ smth (in/into smth) сындыру; үзу; жырту; бөлу ¨to ~ a cup – тостақты сындыру ¨She fell off a ladder and broke her arm. -  Ол сатыдан құлап қолын сындырып алды. ¨If you pull too hard you will ~ the rope. – (Егер) тым қатты тартсаң, жіпті үзесің. ¨He broke the bar of chocolate into two pieces. – Ол шоколад плитасын екіге бөлді. 2.бұзылып жарамай қалу; бұзу, сындыру ¨My watch is broken. – Сағатым істемей қалды. 3.(теріні, үстіні, т.с.с.) кесу, тілу ¨The dog bit me but didn’t ~ the skin. – Ит мені қапқанымен, тісі өтпеді. 4.(заңды, уәдені) бұзу, (одан) таю, айну ¨to ~ the law, the rules, the conditions – заңды, ережені, (уағдаласқан) шарттарды бұзу ¨to ~ an appointment – тағайындаған кездесуге келмеу ¨He was ~ing the speed limit. – Ол рұхсат етілген жылдамдық шегінен шығып бара жатқан болатын. 5.~ (off) үзіліс жасау, кідіру, жұмысты бір сәтке доғару ¨Let’s ~ off for tea. – Үзіліс жасап шай ішейік. 6.тоқтату, доғару; бөлу, бөліп жіберу; үзу, бұзу ¨to ~ smb’s concentration – біреудің терең ойын бөліп жіберу ¨We broke our journey to London at Oxford. – Біз Лондонға сапарымызды Оксфордта үздік. ¨a broken night’s sleep – бұзылған түнгі ұйқы ¨She broke the silence by coughing. – Ол үнсіздікті жөткеріне бұзды. ¨to ~ a blockade, siege – блокаданы/қоршауды бұзу 7. (ауа-райы ж) күрт өзгеру ¨The fine weather/The heatwave broke at last. – Ақыры ауа-райы күрт жақсарды/аптап ыстық келіп жетті. 8.(бұлт ж) ысырылу, тара(л)у ¨The clouds broke and the sun came out. – Бұлт ысырылып күн шыға келді. 9.(a) ¨Dawn/The day was ~ing. – Таң ата бастаған еді. (b)¨The storm broke. – Құйын астаң-кестең басталып кетті. (c)әшкере болу, белгілі болу ¨There was a public outcry when the scandal broke. – Іс әшкере болғанда жұртшылықтың ашу-ызасы туды. 10. әлсіре(т)у, діңкеле(т)у; басу, жою; жасу, сыну; ойсыратып, есеңгіретіп тастау ¨to ~ smb’s morale – біреудің жігерін жасыту, мысын басу ¨to ~ smb's resistance – біреудің қарсылығын басу ¨to ~ smb’s spirit – біреудің рухын әлсірету ¨The scandal broke him. – Оны айқай-шу (жанжал) діңкелетіп тастады. ¨He broke under the questioning and confessed to everything. – Ол тергеуге шыдай алмай бәрін мойындады. ¨The death of his wife broke him completely. - Әйелінің өлімі оны жер тартқызып кетті. 11.(a) (көңіл-күй толқуынан даусы) өзгеру ¨Her voice broke as she told the dreadful news. – Ол сұмдық хабарды айтқанда дауысы дірілге басты. (b) (жеткіншектердің өтпелі кезеңде даусының жуаруы) ¨His voice broke when he was thirteen. – Он үш жасында оның даусы жуарды. 12. (спортта) рекорды алу, жаңарту ¨to ~ the World 100 metres record – 100 метрге жүгіруден әлемдік рекордты алу (жаңарту). 13.(су ж) толқындай ұру, соғылу ¨the sound of waves ~ing on the beach – пляжға жетіп жығылып жатқан толқындар үні ¨The sea was ~ing over the wrecked ship. – Теңіз толқындары апатқа ұшыраған кемеге соғылып жатты. 14. кодын, құпия нөмірін ашу, табу ¨to ~ the code – кодты табу, ашу 15.(құрамында break сөзі бар идиомалар үшін басқа сөз таныстырылымдарын қараңыз, м: *to ~ even [қ-з: even] *to ~ smb’s heart [қ-з: heart] 16. (phr v) *~ away (from smb/smth) (a)(тұтқыннан) қашып кету ¨The prisoner broke away from his guards. -  Тұтқын күзетшілерден қашып кетті. (b)(саяси партияны, т.с.с.) тастау, (-дан, т.с.с.) кету ¨Several Labour MPs broke away to join the Social Democrats. –Бірнеше парламент мүшесі социал-демократтарға қосылу үшін Лейбористік партиядан шықты. ¨A province has broken away to form a new state. – Провинция өзінше бір мемлекет болу ниетімен бөлініп кетті. *~ down (a) бұзылу, бүліну, жұмыс істемей қалу ¨The telephone system has broken down. – Телефон жүйесі жұмыс істемей қалды. ¨We broke down on the motorway. – Біз (машинамыз) үлкен жолда бұзылып қалдық. (b)құру, сәтсіздікке ұшырау, құлау, үзілу ¨Negotiations between the two sides have broken down. – Екі жақ арасындағы келіссөздер үзіліп қалды. ¨If law and order ~ down, anarchy will result. – Заң мен тәртіп құрыса, анархия басталады. (c)(денсаулық ж) құру, нашарлау ¨Her health broke down under the pressure of work. – Оның денсаулығы жұмысты көтере алмай құрыды. (d) сезімін, өзін-өзі тоқтата алмау ¨He broke down and wept when he heard the news. – Хабарды естігенде ол өзіне-өзі ие бола алмай жылап жіберді. *~ (smth) down (кеткен ақшалай шығынды) сарапқа сала жік-жігімен бөлу ¨The expenditure on the project ~s down as follows: wages £10 m, plant ₤4 m, raw materials ₤5 m. – Жобаның  шығыны төмендегідей бөлінеді: жалақы –  ₤10 млн, завод - ₤4 млн, шикізат материалдары - ₤5 млн. . *~ smth down (a) ұрып құлату, сұлату ¨Firemen had to ~ the door down to reach the people trapped inside. - Өрт сөндірушілер іште қамалып қалған адамдарға жету үшін есікті ұырп құлатты. (b) құрту, жою ¨to ~ down resistance – қарсылықты жою ¨to ~ down smb’s shyness – біреудің ұяңдығын жою (c) химиялық құрамын өзгерту, ыдыра(т)у ¨Sugar and starch are broken down in the stomach. – Қант пен крахмаль асқазанда ыдырайды. *~ smth from smth (бірнәрседен бірдеңе) үзу, сындырып алу ¨He broke a piece of bread from the loaf. – Ол наннан бір үзім үзді. *~ in (үйге, ғимаратқа) бұзып кіру, (ұрылар ж) үйге түсу ¨Burglars had broken in while we were away on holiday. – Біз демалыста болған кезде ұрылар үйге түсіпті. *~ smb/smth in (біреуді/бірн-ні) үйрету, машықтандыру, тәрбиелеу ¨to ~ in a young horse – тайды үйрету *~ in (on smth) ентелеу, кимелеу, бөліп жіберу ¨Please don’t ~ in on our conversation. - Әңгімемізге кимелемеші. *~ into smth (a) (бірн-ге) бұзып кіру, күшпен ену ¨His house was broken into last week. - Өткен аптада оның үйіне ұры түсіпті. (b) ду ете ән айту, дабырлау, тсс ¨As the President’s car arrived, the crowd broke into loud applause. – Президенттің машинасы келген бетте жиналған жұрт ду қол шапалақтай бастады. (c) жүгіре, қаша жөнелу ¨The man broke into a run when he saw the police. - Әлгі кісі полицияны көргенде қаша жөнелді. (d) ¨All this extra work I’m doing is ~ing into my leisure time. – Істеп жүрген қосымша жұмысымның бәрі бос уақытымды алады. (f) (төтенше жағдайларға арнап сақтаған азық-түлікті) ашып қолдану ¨to ~ into emergency supplies of food – төтенше жағдайларға арналған азық қорларын ашып қолдану . *~ off сөзін тоқтату, доғару ¨He broke off in the middle of sentence. – Сөйлемнің ортасына жете бере ол тоқтап қалды. *~ (smth) off жұлып алу, жұлынып қалу, үз(іл)у, сындыра бөліп алу ¨The door handle was broken off. – Есіктің тұтқасы сынып қалыпты. ¨She broke off a piece of chocolate and gave it to me. – Ол шокаладтан бір үзім бөлді де маған берді. *~ smth off бұзу, үзу, тсс ¨to ~ off diplomatic relations – дипломатиялық қарым-қатынастарды үзу *~ out (суыт оқиғалар ж) басталып кету, бұрқ ете түсу ¨Fire broke out during the night. - Өрт түнде бұрқ ете түсті. ¨War broke out in 1939. – Соғыс 1939 ж. басталып кетті. *~ out (of smth) қашып құтылып кету, сытылып кету ¨Several prisoners broke out of the jail. – Бірнеше тұтқын түрмеден сытылып кетіпті. *~ out in smth (a) бірдеңе үстін, денесін жабу, басу ¨His face broke out in a rash. – Оның беті қызарып, бөртіп кетті. ¨He broke out in a cold sweat. – Оның үстінен суық тер бұрқ ете түсті. (b) ашуланып кету ¨She broke out in a rage. – Ол ашуланып шыға келді. *~ through тың ғылыми, тб жаңалықтар ашу (сөзбе-сөз: жарып шығу) ¨Scientists say that they are beginning to ~ through in the fight against cancer. – Ғалымдар қылтамақ (рак) ауруымен күресте тың нәтижелердің алдында тұрмыз дейді. *~ through (smth) (a) бұзып, жарып өту ¨Demonstrators broke through the police cordon. – Шерушілер полиция шебін бұзып өтті. (b) күннің, айдың бұлт арасынан көрінуі, шығуы ¨The sun broke through at last in the afternoon. – Күн ақыры түстен кейін шықты. *~ through smth бірн-ні жою, арылу, ада болу ¨to ~ through smb’s shyness – ұяңдығынан ада болу (арылу) *~ up (a) тарау, тарқау ¨The meeting broke up at eleven o’clock. – Жиналыс сағат 11-де тарқады. (b) (Brit) (мектепте) каникулдың басталуы, каникулға тар(қ)ау ¨When do you ~ up for Christmas? – Рождествоға (Крисмас) қашан тарайсыңдар? (c) әлсіреу, нашарлау, болдыру ¨He was ~ing up under the strain. – Жүйкеге тиер жұмыстан ол болдырып жүрген. (d) (ауа-райы ж) бұзылу, нашарлау ¨The weather shows signs of ~ing up. – Ауа-райының бұзылайын деген түрі бар. *~ (smth) up (a) быт-шытын, күл-паршасын шығару, бөлшектеу ¨The ship broke up on the rocks. – Кеме жартасқа ұрылып быт-шыты шықты. ¨The ship was broken up fro scrap metal. – Кемені бөлшектеп кесіп темір сынықтарына жіберді. (b) үзу, бітіру, аяқтау ¨Their marriage is ~ing up. – Олардың шаңырақтары шайқалуда. ¨They decided to ~ up the partnership. – Олар әріптестіктерін доғарайын деді (доғаруға ұйғарды). *~ smth up (a) тарату, тарқату ¨Police were called in to ~ up the meeting. – Митингіні тарату үшін полиция шақырылды. (b) жіктеу, бөлу ¨Sentences can be broken up into clauses. – Сөйлемдерді тармақтарға жіктеуге болады. ¨The government has broken up the large private estates. – Үкімет ірі жекеменшік иеліктерді (қожалықтарды) бөліп тастады. *~ up (with smb) айырылысу, қарым-қатынасын үзу ¨She’s just broken up with her boyfriend. – Ол өзінің жігітімен айырылысып кетті. *~ with smb айырылысу, қарым-қатынасын үзу ¨to ~ with one’s girlfriend – дос (сүйген) қызымен айырылысу *~ with smth (әдетін, т.с.с.) тастау, доғару, (-інен) арылу ¨to ~ with tradition - әдет-ғұрыптан арылу ¨to ~ with old habits – ескі әдеттерін тастау B.n 1. ~ (in smth) (a) сынық, тесік, ойық, сынған, шытынаған жер ¨a ~ in a fence – шарбақтың сынған тұсы (тесік) ¨a ~ in a wall – дуалдағы ойық (ойылып қалған жер) ¨a ~ in a water-pipe – су құбырындағы тесік (b) ашық жер, аралық; үзіліс, кідіріс; саябырсу, бәсеңдеу ¨a ~ in the clouds – бұлттар арасындағы саңылау (ашық жер) ¨Wait for a ~ in the traffic before crossing the road. – Көшеден өтер бұрын көлік қозғалысындағы кідірісті күт. 2.(a) (жұмыстағы, т.с.с.) үзіліс, кідіріс, тоқтам ¨lunch-break – түскі асқа үзіліс ¨to have/take an hour’s ~ for lunch – түскі асқа бір сағат үзіліс жасау ¨to work for five hours without a ~ - бес сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істеу ¨a ~ in conversation - әңгімедегі үзіліс (b) қысқа демалыс, каникул ¨a weekend ~ in the country – ауылды аймақтағы апта соңындағы демалыс 3. ~ (in smth); ~ (with smb/smth) (a) өзгеріс; үзіліс, кідіріс ¨a ~ in a child’s education – баланың оқуындағы (мекебіндегі) үзіліс, кідіріс ¨a ~ in the weather – ауа-райындағы жақсарыс ¨a ~ with tradition – дәстүрдегі елеулі өзгеріс (b) (қарым-қатынастағы) үзіліс, тоқтау, айырылыс ¨a ~ in diplomatic relations – дипломатиялық қарым-қатынастардың үзілуі ¨She’s been depressed since the ~ with her boyfriend. – Сүйген жігітімен айырылысқалы бері ол күйзеліп жүр. 4. (ауызекі) жолы болғыштық, сәттілік ¨a big/lucky ~ - ірі олжа, жолы болу ¨a bad ~ - опық жеу, жолы болмау ¨to give smb a ~ - біреуге мүмкіндік беру 5. (кейде ~ of service, service ~) (теннисте) брейк (яғни, басымдыққа ие болу) ¨Smtih has had two ~ points already in this set. – Бұл сеттің өзінде Смит екі брейк алған болатұғын. ¨~ point – (теннисте) брейк-пойнт (шешуші соққы, яғни басымдық, м: 30-40 болып тұрған кезде) 6. (idm) *~ of day іңір, таңсәрі ¨at ~ of day – іңірде *to make a ~ (for it) қамақтан (қамаудан) қашып кету