brew [bru:] A.v 1. (дән жармасы мен құлмақтан) сыра қайнату, жасау; ашыту, божыту, көпірту ¨He ~s his own beer at home. – Ол сырасын өз үйінде қайнатады. 2.(a) ~ smth (up) (шай, т.б.) қайнату ¨We ~ed (up) a nice pot of tea. – Біз бір шәйнек (құман) дәмді шай қайнаттық. (b) (шай, т.б.) қайнау, шығу 3.(a) ~ smth (up) (бір жаман іс, пәле, тсс) әзірлеу, жоспарлау ¨Those boys are ~ing up mischief. – Ана балалар бір пәле жоспарлап жатыр. (b) ашу, божу, көпіру; туып келе жату, туындау ¨A storm is ~ing. – Дауыл тұрып келе жатыр. ¨In 1938 war was ~ing in Europe. – 1938 ж. Европада соғыс туып келе жатқан болатын. 4. (phr v) *to ~ up шай, су қайнату ¨campers ~ing up outside their tents – шатырларының сыртында су қайнатып жүрген саяхатшылар B.n 1.(a) қайнатып не ашытып, божытып, көпіртіп жасалған сусын (м: шай, сыра) ¨home ~ - үй сырасы (үйде қайнатылған сыра) ¨What’s your favourite ~ (of beer)? – Сыраның қай түрін ұнатасың(ыз)? (b) қайнатпа, тұнба ¨I like a good strong ~. – Мен жақсы әрі күшті тұнбаны жақсы көремін. 2. (ауысп. мағ.) қоспа (түрлі ойлардың, жайттардың, тсс) ¨The film is a rich ~ of adventure, sex and comedy. – Фильм хикая, секс және комедияның қоспасы.