bundle ['bʌndl] A.n 1. орама, түйме, түйіншек, буда, бау, бума, тізбек, байлам ¨a ~ of sticks – бір бума таяқ ¨a ~ of clothes – бір түйіншек киім ¨a ~ of newspapers – бір бума газет ¨books tied up in ~s of twenty – жиырма-жиырмадан буылған кітаптар ¨a ~ of hey – бір бау шөп 2. a ~ of smth (ауызекі) (соншама көп, ірі дег мағ) ¨That child is a ~ of mischief! – О баланың тентектігі ағыл-тегіл! (О бала жатқан бір тентек!) 3. (ауызекі) көп ақша ¨That car must have cost a ~. – Мына машина қыруар ақшаға түскен болар. 4. (idm) *a ~ of nerves қобалжыған, құты қашқан, мазасызданған *to go a ~ on smb/smth (ауызекі) біреуді/бірн-ні жақсы көру, -ге бүйрегі бұру ¨I don’t go a ~ on her new husband, do you? – Оның қазіргі күйеуіне бүйрегім бұрмайды, сенікі ше? B.v 1.~ smth (up) орау, түю, түйіншек етіп орау, буу, байлау, баулау ¨The firewood was cut and ~d (together). – Отынға жағатын ағаштарды кесіп, буды. 2. (phr v) *~ smth into smth бірн-ні жалма-жан, қалай болса солай бір жерге тастау, қою, сүңгіту, ытқыту ¨She ~d her clothes into the drawer without folding them. – Ол киімдерін бүктеместен суырмаға сүңгітіп жіберді. *~ (smb) out, off, into, etc асыға, алқын-жұлқын жүру, кету; біреуді шұғыл, алқын-жұлқын жөнелту, жіберу ¨We all ~d into the tiny car. – Біздің бәріміз құртақандай машинаға апыр-топыр ұмтылдық. ¨She ~d her son off to school. – Ол жалма-жан ұлын мектепке жөнелтті. *~ (smb) up жылы киімдерін кию, кигізу