burn 1 [bз:n] n (Scot) жылға, бұлақ

burn 2 [bз:n] A.v (pt, pp burnt [bз:nt] не burned [bз:nd]) 1. жану, күю, өртену; күйдіру, жағу, өртеу ¨to ~ dead leaves, waste paper – түскен жапырақтарды, қалдық қағаздарды өртеу (жағу) ¨The house was burnt to the ground. – Үйдің түгі қалмай жанып кетті (өртеніп кетті). ¨His face was badly burnt by the hot sun. – Оның беті күнге қатты күйіпті. ¨The soup is very hot. Don’t ~ your mouth. – Суп - өте ыстық. Аузыңды күйдіріп алма. ¨I can smell something ~ing. – Бір жерден күйік иісі мұрныма келіп тұр. 2. күйдіріп ой, тесу, күйдіріп жасау ¨The cigarette burnt a hole in the carpet. – Темекі төсенішті күйдіріп ойып жіберіпті. 3. отын ретінде жағу ¨a central heating boiler that ~s gas/coal – газ/көмір жағатын орталық жылу қазандығы 4. жанып, күйіп өлу ¨Ten people burnt to death in the hotel fire. – Қонақ үй өртінде он адам қайтыс болды. 5.(a) жанып жату, жарқырап тұру ¨The house ~ed for hours before the blaze was put out. - Өрт жалыны сөндірілгенше үй бірнеше сағат жанып жатты. ¨A single light ~ed in the empty house. – Қаңыраған үйде жалғыз жарық жанып тұрды. (b) ¨Paper ~s easily. – Қағаз тез жанады. 6.күйдіріп жасау ¨to ~ charcoal – ағаш көмірін жасау 7. денесі қызу, жану ¨Your forehead is ~ing. Have you got a fever? – Маңдайың өртеніп тұр ғой. Суық тигізіп алмадың ба? 8.~ with smth сезімнен толқып тұру ¨to be ~ing with rage, desire – ашудан, ынтық сезімнен жанып жату 9. ~ for smth бірнәрсе істегісі келіп есі кету ¨He was ~ing to avenge the death of his father. – Ол әкесінің (өлімінің) кегін қайтаруға буынып-түйінген еді. 10. (idm) *~ one’s boats/bridges (сөзбе-сөз: қайығын/көпірін жағу) келмеске кету, ат құйрығын кесу ¨Think carefully before you resign – if you do that you will have burnt your boats. – Қызметіңді тастамас бұрын мұқият ойлан – егер өйтсең, онда ат құйрығын кескенің. *~ the candle at both ends (сөзбе-сөз: май (парафин) шамның екі жағын да жағу) әр нәрсені бір істеймін деп сансырау *~ one’s fingers/get one’s fingers burnt ақымақтықтың я жөнсіз араласудың арқасында опық жеу, ақшасынан айырылу *~ the midnight oil түн ортасы ауғанша оқу, жұмыс істеу *~ smth to a crisp күйгенше пісіру, қуыру *smb’s ears are ~ing [қ-з: ear] *to feel one’s ears are ~ing [қ-з: feel] *to have money to ~ [қ-з: money] 11. (phr v) *~ away жанып жату ¨a fire ~ing away in the grate – пеште жанып жатқан от *~ (smth) away (a) жанып біту, жанып кету ¨Half the candle had burnt away. – Май (білте) шамның жартысы жанып бітті. (b) жанып түсу, жанып кету ¨Most of the skin on his face got burnt away in the fire. - Өрт кезінде оның бет терісінің көбі жанып кетті. *~ down (от ж)  азаю, қоламталану ¨The room grew colder as the fire burnt down. – От азайған сайын бөлме суи түсті. *~ (smth) down жанып, өртеніп кету ¨The house burnt down in half an hour. – Үй жарты сағатта жанып кетті. *~ smth off күйдіріп, (от) жағып кетіру ¨Burn the old paint off before re-painting the door. – Есікті қайта сырламас бұрын ескі сырды күйдіріп кетір. *~ (itself) out (a) (от ж) өзі өшу, жанармайдың жоқтығынан өшу ¨The fire had burnt (itself) out before the fire brigade arrived. - Өрт өрт бригадасы келерден бұрын өзі өшті. (b) (ракета ж) өзінің жанармай қорын (запасын) бітіру, тауысу *~ (smth) out (үйкелістен, қатты ыстықтан) күйіп кету ¨to ~ out motor, transformer – моторды, трансформаторды күйгізіп жіберу *~ oneself out ауыр жұмыстан денсаулығын құрту, өзін қалжырату ¨If he doesn’t stop working so hard, he’ll ~ himself out. – Егер ол анандай өліп-талып істеуін тоқтатпаса, өзін құртады. *~ smb out біреудің үйін өртеп, өзін қуу ¨The family was burnt out (of house and home) and forced to leave the area. – Бұл отбасының үй-жайы өртеліп, өзі аймақтан қуылды. *~ smth out жанып кету, өртеніп кету ¨The hotel was completely burnt out. – Қонақ үй мүлдем жанып кетті. *~ (smth) to smth жанып, өртеніп бірнәрсеге айналу ¨It ~ed to ashes. – Ол (бұл) жанып күл болды. *~ up (a) жана түсу, жалындай, маздай түсу ¨to put more wood on a fire to make it ~ up – отты маздату үшін көбірек ағаш салу (b) (жердің атмосферасына енген дене, зат ж) ыстықтан жанып кету *~ smb up (US ауызекі) біреуді өте ашуландыру, ызаландыру *~ smth up жағып, өртеп кетіру, құтылу ¨to ~ up all the garden rubbish – бақшадағы күл-қоқысты өртеп жіберу B.n 1. күйген жер, күйік ¨He died of ~s he received in the fire. – Ол өртте алған күйігінен қайтыс болды. 2. ғарыш (космос) кемесінің ракеталарының оталуы (бағытын өзгерту үшін)