busy ['bizi] A.adj (-ier, -iest) 1.~ (at/with smth); ~ (doing smth) бос емес, жұмыс басты, шаруалы, жұмыспен айналысқан, бірнәрсемен шұғылданған ¨Doctors are ~ people. – Дәрігерлер жұмыс басты адамдар. ¨Could I have a word with you, if you’re not ~? – Бос болсаң, сенімен тіл қатуға бола ма екен? ¨She’s ~ at/with her homework. – Ол үй тапсырмасын істеп жатыр. ¨Please go away – can’t you see I’m ~? - Әрі бара тұршы – бос емес екенімді көрмей тұрсың ба? ¨She’s ~ writing letters. – Ол хат жазып жатыр. 2. қауырт, жұмысқа толы, бос емес, іске толы, жұмыспен болған ¨a ~ day – жұмыс қызған күн (жұмыс қауырт күн) ¨a ~ street – ығы-жығы көше ¨Victoria is one of London’s ~iest stations. – Виктория Лондонның халық көп жүретін вокзалдарының бірі. 3. бос емес, қолы бос емес ¨The telephone line is ~. – Телефон желісі бос емес. ¨The photocopier has been ~ all morning. – Фотокөшіргіш бүткіл таңертеңгісін бос болмады. 4. (сурет я дизайн ж) айқыш-ұйқыш, әлем-жәлем, қым-қуыт ¨The rug has a ~ design. – Кілемше айқыш-ұйқыш өрнектерге толы. 5. (idm) *~as a bee (сөзбе-сөз: арадай еңбектенген) шаруадан бас алмаған, ісі көп *to get ~ іске кірісу, жұмыс істей бастау ¨We’ve only/got an hour to do the job – we’d better get ~. – Жұмысты тындыруға бір сағат уақытымыз ғана бар – кірісе берген жөн болар. B.v (pt, pp busied) ~ oneself (with smth); ~ oneself (in/with) doing smth жұмыс басты болу, бірнәрсемен айналысу, шұғылдану, жұмыстан бас алмау ¨to ~ oneself in the garden – бақшада жұмыспен болу ¨He busied himself cooking the dinner. – Ол түскі ас пісірумен болды.