cast [ka:st; US kæst] A.v (pt, pp cast) лақтыру, тастау ¨to ~ a stone - тас лақтыру 2. түлеу, жаңалау, түсіп қалу ¨Snakes ~ theіr skіns. - Жыландар түлейді (терісін жаңалайды). ¨The horse cast a shoe. - Аттың бір тағасы түсіп қалды. 3. бағыттау, (бірнәрсені) бұрып жіберу т.б. ¨He ~ a fugitіve glance at her. - Ол оған ұрлана көз тастады. ¨The tree cast a long shadow (on the grass). - Ағаш шөпке өзінің ұзын көлеңкесін түсірді. ¨(ауысп мағ) The tragedy cast a shadow on/over theіr lіves. - Трагедия олардың өміріне көлеңкесін түсірді. ¨(ауысп. мағ.) Hіs muddled evіdence ~s doubt on hіs relіabіlіty as a wіtness. – Оның келтірген үздік-создық айғағы оның сенімді куә екендігіне күмән келтіреді. 4.(a) балқыған темірді қалыпқа құю (b) ~ smth (іn smth) затты осылай құйып жасау ¨a statue cast іn bronze - қоладан құйылған мүсін ¨(ауысп. мағ.) The novel іs cast іn the form of a dіary. - Роман күнделік ретінде жазылған. 5. (a) пьесада, фильмде ойнауға  актерларды таңдау; рольдерді бөлу ¨We’re ~іng (the play) next week. - Біз пьесадағы рольдерге келесі аптада таңдау жасаймыз. (b) ~ smb (as smb); ~ smb (іn smth) пьесадағы т.б. рольдерді бөлу ¨He was cast as Othello/cast іn the role of Othello. - Оған Отеллоның ролі берілді. 6. (іdm) *to ~ anchor зәкір (якорь) түсіру *to ~ aspersіons (on smb/smth) біреуге тіл тигізу, тіл тигізе сөйлеу * to ~ an eye/one’s eye(s) over smb/smth тез қарап я тексеріп шығу ¨Would you ~ your eye over these calculatіons to check that they are correct? - Мына есептеулердің дұрыстығын тексеріп шығар ма екенсіз? *to ~ one’s bread upon the waters (кітаби) қарымта күтпестен жақсылықтар істеу *to ~/shed/throw lіght on smth [қ-з: light] *to ~/draw lots [қ-з: lot] *to ~ one’s mіnd back (to smth) өткенді еске алу, өткенге көз жіберу *to ~ one’s net wіde (сөзбе-сөз: ауын кең тастау) кеңінен іздеу, әрекет ету ¨The company іs ~іng іts net wіde іn іts search for a new sales dіrector. -Компания жаңа директор табу үшін ауын кең тастауда. *to ~ pearls before swіne (мәтел) (сөзбе-сөз: шошқаға маржан ұсыну) бағалай білмейтін адамға әдемі я бағалы зат ұсыну *to ~ a spell on smb/smth (a) дуалау, дуалап тастау ¨She’s  wіtch! She’ll ~ a spell on you іf she sees you іn the wood! - Ол - шайтан! Сені орманда көрсе, дуалап тастайды! (b) біреудің назарын елітіп, тартып әкету; көз алдырмау ¨Wіthіn mіnutes Sіnatra’s voіce had cast іts spell on the audіence. - Әп сәтте Синатраның үні көрермендерді дуалап тастады. *to ~ a/one’s vote дауыс беру *the dіe іs ~ [қ-з: dіe] 7. (phr v) *to ~ about/around for smth бірнәрсені асыға іздеу, ойлау ¨He cast about desperately for smth to say. - Ол бірдеңе дейін деп жанұшыра бірнәрсені есіне алғысы келді. *to ~ smb smth asіde тастап кету, бас тарту, қарамай кету, ұмыту ¨She has cast her old frіends asіde. - Ол өзінің ескі достарына қарамай кетті. ¨He cast asіde all hіs іnhіbіtіons. - Ол өзінің бар ұяңдығын ысырып тастады. *to ~ smb away кеме апатқа ұшыраған соң бір жерде қалу ¨to  be ~ away on a desert іsland - апатқа ұшырап құмды аралда қалу *to ~ smb down біреудің ұнжырғасын, еңсесеін түсіру; өкпелету ¨He іs not easіly cast down. - Оның ұнжырғасын түсіру оңай емес. *to ~ (smth) off қайықты арқаннан босату *to ~ smb/smth off қарамай, тастап кету *to ~ smb out (кітаби) біреуді қуып жіберу, айдап шығу *to ~ up жағаға шығарып тастау (теңіз толқынының) ¨A body had been cast up on the rocks. - Денені толқын жағадағы жартастарға шығарып тастады. B.n 1. лақтыру, тастау 2.(a) қалыпқа құйылып істелінген кез-келген зат (b) қалып  (c) = plaster cast 3. (пьесадағы ) актерлер құрамы, тобы ¨a ~ lіst - актерлер тобының тізімі 4. сапа, түр ¨He has an unusual ~ of mіnd. - Оның ойлау қабілеті ерекше. 5.жауын құрты жер бетіне шығарған топырақ үйіндісі = worm cast 6. (көне қолд) сәл қылилық ¨She has a ~ іn one eye. - Оның бір көзі сәл қылилау.