again [ә'gen, ә'gein] adv 1.тағы да, тағы бір рет, жаңадан, қайтадан ¨Try ~. – Тағы бір рет көр (талпын). ¨Say that ~, please. – Қайтадан айтыңызшы. ¨Here comes Joe, drunk ~. – Міне Джо келеді, тағы да мас. ¨Don't do that ~. – Бұны ендігәрі қайталама. ¨This must never happen again.  – Енді бұл еш қайталанбайтын болсын. 2.бұрынғыдай, қайта, қайта айнала ¨He was glad to be home ~. – Ол айналып үйге келгеніне қуанды. ¨Back ~ already? – Қайта оралып қойғансың ба? ¨You'll soon be well ~. – Аздан соң бұрынғыдай болып сауығып кетесің. ¨I'm glad he's himself/his old self ~. – Оның бұрынғы қалпына келгеніне қуаныштымын. 3.(a) сонда да, тағы да, дегенмен ¨Again, we have to consider the legal implications. – Дегенмен, құқықтық салдардың қандай болатыны жөнінде ойлануымыз керек. (b) бір жағынан, т.с.с. ¨I might, and (there/then) ~ I might not. – Солай етуім де мүмкін, болмаса олай етпеуім де мүмкін. 4.(idm) *~ and ~ қайта-қайта, үсті-үстіне, бастырмалата *now and ~ кейде, ара-тұра *time and ~ бірнеше дүркін, жиі *as much ~ тағы осынша *half as high ~ as smb, half ~ smb’s height біреуден бір жарым есе ұзын, жарты бел биік *half ~ his size одан анағұрлым ірі

against [ә'genst, ә'geinst] prep 1.қарсы, қайшы ¨to row ~ the current – ағысқа қарсы есу ¨That is ~ law. – Ол заңға қайшы. ¨His age is ~ him. - Өз жасы өзіне кедергі. 2.-ға, -ге, -қа, -ке ¨Put the piano there, with its back ~ the wall. – Пианиноны ана тұсқа, арт жағын қабырғаға жақындата қой. ¨He was leaning ~ a tree. – Ол ағашқа сүйеніп тұрған. ¨The rain beat ~ the car windscreen. – Жауын машинаның маңдайын төпеледі. 3.қарама-қайшы, кереғар, сиыспайтын ¨The skier's red clothes stood out clearly ~ the snow. – Шаңғышының алқызыл киімі ақ қардың үстінде көзге оттай басылды. 4.(бірдеңеден сақтана, бірнәрсе күте, бірнәрсеге дайындала деген мағ.)  ¨to protect plants ~ frost – көшеттерді үсіктен сақтау ¨to take precautions ~ fire – отқа қарсы қамдану  ¨an injection ~ rabies – құтырмаға қарсы егу 5.сәйкес, тиісті  ¨allowances to be set ~ income – жалақы кіріске сай белгіленеді 6. қатысты, сай, шаққанда ¨What's the rate of exchange ~ the dollar? – Долларға шаққандағы айырбас курсы қандай? ¨Tickets are issued only ~ payment of the full fee. – Құны толық төленгеннен кейін ғана билеттер беріледі. 7.(idm) *to be up ~ мәселеге бетпе бет келу, бірд. істеуге тиісті болу *to tell a story ~ smb біреудің сыртынан сөз айту *as ~ smth: ¨We had twelve hours sunshine yesterday, as ~ a forecast of continuous rain. – Кеше күні бойы күн жарқырап тұрды, үздіксіз жауын болады деген болжам бекер болды.