age

age [eiʤ] А.n 1.өмір жасы, жас ¨What ~ is he? – Оның жасы қаншада? ¨We have a son your ~. – Біздің сенімен жасты ұлымыз бар. ¨I left school at the ~ of 18. – 18 жаста мектепті тастадым. 2.кәрілік, қартайған кез ¨His face was wrinkled with ~. – Оның бетін кәрілік әжімдеген. 3.дәуір, заман, кезең, ғасыр ¨the Elizabethan Age – Елизавета дәуірі (Королева І Елизавета билеп тұрған кезең) ¨modern ~, the nuclear ~, the Middle Ages – қазіргі заман, атом ғасыры, орта ғасырлар 4. (әдетте pl) (ауызекі) тым ұзақ, көп уақыт ¨I waited (for) ages/an ~. – Мен тым ұзақ күттім. ¨It took (us) ages to find a place to park. – Көлікті қоятын жер тапқанша талай уақыт өтті. 5.(idm) *the ~/years of discretion ер жеткен шақ *at a tender ~/of tender ~ жасөспірім шақ, жеткіншек шақ *the awkward ~ өтпелі кезең, балалықтан ер жеткен шаққа өтетін кезең *to be/come of ~ кәмелетке толу *be your ~ (ауызекі көбінесе бұйрықты рай) жасыңа қара, яғни жасыңа қылығың сай болсын дегенді білдіреді *to feel one's ~ жасы келгенін, қартайғанын сезу *in this day and ~ қазіргі кезде, бүгіндері *to look one's ~ жасына сай көріну ¨She doesn 't look her ~ at all. – Ол мүлде жасына сай көрінбейді. *(to be) of an ~ шағы, кезі келу ¨He's of an ~ when he ought to settle down. – Ол орнығатын шаққа келді. *of an ~ with smb жасты, құрдас *over ~ жасы тым үлкен *under ~ кәмелетке толмаған, жасы толмаған ¨under-age teenagers – кәмелетке толмаған жасөспірімдер В. v (pres p ageing or aging, pp aged) 1.қартаю ¨He's (he has) ~d a lot recently. – Соңғы кездері ол едәуір қартайып қалды. ¨Worry ~d him rapidly. – Қобалжу оны тез қартайтты. 2. жетілу, толысу ¨to allow wine to ~ - шараптың жетілуіне мұрсат беру

-age suff (зат есімдер мен етістіктерге жалғанып зат есімдер құрайтын жұрнақ) ¨bondage – байланыс, туыстық ¨baggage – жүк, багаж ¨breakage - сынық ¨wastage – күл-қоқыс ¨postage – поштамен жіберу құны ¨porterage – жүк тасу құны ¨anchorage – якорь тастайтын жер ¨orphanage – жетімдер үйі ¨mileage – спидометр көрсеткіші ¨dosage – доза, дәрі-дәрмек мөлшері