equip [ɪˈkwɪp] v (-pp-) 1.қамдау, жабдықтау, қамтамасыз ету, жеткізу (syn: kit out) ¨~ sth to be fully/poorly equipped – толығымен/нашар қамдалған ¨She got a bank loan to rent and equip a small workshop. – Ол банктен шағын цехты жалға алып, жабдықтау үшін несие алды. ¨~ yourself/sb/sth (with sth) (for sth) He equipped himself with a street plan. – Ол өзіне көше жоспарын алды. ¨The centre is well equipped for canoeing and mountaineering. – Орталық каное мен тауға шығу спорты/альпинизм үшін жақсы жабдықталған. 2. ~ sb (for sth)/~ sb (to do sth) дайындау, оқыту ¨The course is designed to equip students for a career in nursing. – Курс студенттерді қамқоршылық кәсіпке үйретеді.