foul [faʊl] A.adj (~er, ~est) 1.лас, сасыған, сасық, жиіркенішті ¨foul air/breath – сасық ауа/дем ¨a foul-smelling prison – жиіркенішті түрме ¨Foul drinking water was blamed for the epidemic. – Лас ауыз су індетке/эпидемияға себепкер болған дейді. 2. (especially BrE) өте жайсыз; өте нашар ¨She's in a foul mood. – Ол құлазып жүр. ¨His boss has a foul temper. – Бастығының көзі шытынап шыға келетіні бар. ¨This tastes foul. – Мынаның дәмі сұмдық қой. 3.бейпілауыз, бейәдеп, боғауыз, бәдік (тіл) (syn: offensive) ¨foul language – бәдік тіл/сөйлеу ¨I'm sick of her foul mouth. – Оның бейпіл аузы мені шаршатты. ¨He called her the foulest names imaginable. – Оны аузына келгенді айтып боқтады. 4.өте нашар (ауа-райы) ¨a foul night – ауа-райы безірейген түн 5. (literary) жауыз, залым; қаныпезер; жиіркенішті (syn: abominable) ¨a foul crime/murder – жауыздықпен жасалған қылмыс/кісі өлтіру 6. (idm) *fall foul of sb/sth пәлеге ұрыну ¨to fall foul of the law – заң бұзып пәлеге ұрыну B.v 1. ~ sb (спортта) қате ойнау, тәртіп бұзу (шалу, ұстау, итеру, тсс) ¨He was fouled inside the penalty area. – Айып алаңының ішінде қате ойнады/тәртіп бұзды. 2.~ sth тышу, (ішінен нәжіс шығарып) былғау ¨Do not permit your dog to foul the grass. – Итің көгалға отырып қоймасын. ¨More and more beaches are being fouled by oil leakages. – Көптеген пляждарды аққан мұнай ластауда. 4.оралып қалу, ілініп қалу ¨~ sth (up) The rope fouled the propeller. – Арқан пропеллерге оралып қалыпты. ¨The line became fouled in the propeller. – Жіп пропеллерге оралып қалыпты. ¨~ (up) A rope fouled up as we pulled the sail down. – Желкенді түсірмек болғанда арқан оратылып қалды. 5. (phr v) *foul up (informal) шатасу; бүлдіру, нашар істеу ¨I've fouled up badly again, haven't I? – Тағы бүлдірдім-ау, солай емес пе? *foul sth up (informal) бүлдіру ¨Everything was going really well until Rob came along and fouled things up. – Бәрі жақсы болып жатқан еді, бір уақытта Роб келді дағы айрандай етті. C.n (спортта) қате, тәртіп бұзу(шылық) ¨It was a clear foul by Ford on the goalkeeper. – Фордтың қақпашыға жөнсіздік жасағаны/қақпашымен қате ойнағаны анық.