high [haɪ] A.adj (higher, highest) 1.биік (opp: low) ¨What's the highest mountain in the US? – АҚШ-тағы ең биік тау қайсысы? ¨The house has a high wall all the way round it. – Үйдің айналасында биік қабырға/дуал бар. ¨shoes with high heels – биік өкше аяқ киім ¨He has a round face with a high forehead. – Ол - дөңгелек жүзді, маңдайы биік. ¨How high is Everest? – Эвересттің биіктігі қанша? ¨It's only a low wall - about a metre high. – Бұл биіктігі бір метр болатын аласа ғана қабырға/дуал. ¨The grass was waist-high. – Шөп белуардан келіп тұрды. ¨knee-high boots – тізеден келетін ботинка 2.биік, жоғары; көп (opp: low) ¨a high branch/shelf/window – биіктегі бұтақ/тартпа/биік терезе ¨The rooms had high ceilings. – Бөлмелердің төбесі биік болатын. ¨streaks of high cloud – тарамдалған биік бұлттар ¨They were flying at high altitude. – Олар жоғары биіктікте ұшып бара жатты. ¨the grasslands of the high prairies – биік жайылымдардағы шөп/от ¨a high temperature/speed/price – жоғары температура/жылдамдық/баға ¨a high rate of inflation – инфляцияның жоғары деңгейі ¨Demand is high at this time of year. – Жылдың осы уақтында сұраныс жоғары. ¨a high level of pollution – ластанудың жоғары деңгейі ¨a high standard of craftsmanship – шеберліктің жоғары деңгейі/дәрежесі ¨high-quality goods – жоғары сапалы товарлар ¨a high risk of injury – жоғары жарақаттану ықтималы ¨A high degree of accuracy is needed. – Аса мұқият болу керек. ¨The tree blew over in the high winds. – Ағаш дауылда шайқалды. ¨We had high hopes for the business. – Бизнеске/Кәсіпкерлікке үміт артқан едік. ¨A high proportion of our staff are female. – Қызметкерлеріміздің көп бөлігі әйелдер. 3. ~ (in sth) көп, мол (opp: low) ¨foods which are high in fat – майы көп тамақтар ¨a high potassium content – калийі мол құрам ¨a high-fat diet – майлы тағам 4.жоғары, биік (дәреже) ¨She has held high office under three prime ministers. – Ол үш премьер-министрдің тұсында жоғары қызметте болды. ¨He has friends in high places. – Оның жоғары жақта достары бар. 5.жоғары бағалы, құны жоғары ¨to play for high stakes – бәсті жоғары тігу ¨My highest card is ten. – Ең ірі картам – он(дық). 6. ізгі, жоғары, биік ¨a man of high ideals/principles – ізгі ұғымдар/принциптер адамы, түсінігі жоғары адам 7.мәртебелі, сыйлы, жоғары ¨She is held in very high regard by her colleagues. – Оны әріптестері өте сыйлайды. ¨You seem to have a high opinion of yourself! – Өзің жайлы тым жоғары ойлайтын секілдісің!/Өзіңді мықтымын деп ойлайтын сияқтысың! 8. (дауыс ж) жіңішке, жоғары ¨She has a high voice. – Оның даусы  - жіңішке. ¨That note is definitely too high for me. – Мына нота мен үшін тым жоғары/ жіңішке. 9.ең ортасы, шарықтаған кезі ¨high noon – тал түс ¨high summer – жаз ортасы 10. (ет, ірімшік ж) бұзыла бастаған 11. ~ (on sth) (informal) (араққа) қызған, қызып алған 12. (idm) *be/get on your high horse (informal) мақтану, паңдану *have a high old time (old-fashioned, informal) қызықты уақыт өткізу *high and dry a) (қайық ж) су жағасында ¨Their yacht was left high and dry on a sandbank. – Яхталары құм жағада қалды. b) қиын, шарасыз жағдай *high and mighty (informal) менменсіген, паңданған, кердеңдеген, көкірек керген *high as a kite (informal) «батпырауықтай биікте», мәз, мәре-сәре болған *in high dudgeon (old-fashioned, formal) ашулы, кіжінген ¨He stomped out of the room in high dudgeon. – Ол бөлмеден кіжіне шығып кетті. ¨She stormed out in high dudgeon. – Ол ашулана шығып кетті. *smell, stink, etc. to high heaven (informal) a) ащы сасық иісі болу b) мүттайымдай, оңбағандай көріну B.n 1.ең жоғарғы деңгей, сан ¨Profits reached an all-time high last year. – Өткен жылы пайда бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. 2.жоғары атмосфералық қысым, антициклон ¨A high over southern Europe is bringing fine, sunny weather to all parts. – Оңтүстік Европадағы жоғары ауа қысымы/антициклон барлық аудандарға тамаша, ашық ауа райын жеткізуде. 3.ең жоғар(ғ)ы температура ¨Highs today will be in the region of 25°C. – Бүгін ең жоғарғы температура 25°C төңірегінде болады. 4. (informal) (есірткіге бөгіп) рахаттанушылық, мастану ¨The high lasted all night. – Есірткі рахаты түні бойы жалғасты. 5. (informal) мәз-майрам болу, масайрау, шаттық, қуаныш ¨He was on a real high after winning the competition. – Сайысты жеңген(нен) соң ол шаттанып жүрді. ¨the highs and lows of her acting career – оның актерлігінің ой-қыры 6.орта мектеп ¨He graduated from Little Rock High in 1982. – Ол Литл Рок орта мектебін 1982 жылы бітірген. 7. (idm) *on high a) (formal) биік тұста, жоғары жақта ¨We gazed down into the valley from on high. – Біз алқапқа жоғары жақтан қарадық. b) (humorous) басқарма, жоғарғы жақ ¨An order came down from on high that lunchbreaks were to be half an hour and no longer. – Жоғарғы жақтан түскі ас үзілісі жарты сағаттан аспасын деген бұйрық келді. c) «көктен», жаратқанның ісі ¨The disaster was seen as a judgement from on high. – Апатты (жұрт) жаратқанның жазасы болар деп қабылдады. C.adv (higher, highest) 1.биікте, жоғарыда, тсс ¨An eagle circled high overhead. – Биікте бүркіт басты айнала ұшып жүрді. ¨I can't jump any higher. – Бұдан биікке секіре алмаймын. ¨She never got very high in the company. – Ол компанияда ешқашан тым жоғарылаған емес. ¨His desk was piled high with papers. – Столында қағаз биік болып үйіліп жатты. ¨She's aiming high in her exams. – Емтиханда жоғары нәтиже алғысы келеді. ¨Prices are expected to rise even higher this year. – Биыл бағалар бұдан да өсе түседі дейді. 2. жоғары дауыста ¨I can't sing that high. – Тым жоғары айта алмаймын. 3. (idm) *high and low әр жерде, әр тұста ¨I've searched high and low for my purse. – Қапшығымды/Әмиянымды әр жерден іздедім. *run high (сезім, тсс ж) толқу, лықсу ¨Feelings ran high as the election approached. – Сайлау жақындаған сайын жұрт көңілі лықсыды.