husband [ˈhʌzbənd] A.n 1. (also informal hubby) күйеу, (еркек) жұбай, зайып ¨This is my husband, Steve. – Бұл (менің) күйеуім Стив. 2. (idm) *husband and wife күйеуі мен әйелі ¨They lived together as husband and wife for years. – Жылдар бойы олар (үйленбесе де) күйеуі мен әйелі сияқты тұрды. ¨a husband-and-wife team – күйеуі мен әйелінен құралған команда B.v ~ sth (formal) өте үнемдеу, ысырап етпеу ¨Times are hard and we have to husband our resources. – Жағдай қиын, қолымызда барды өте үнемдеуіміз керек. ¨She waited, husbanding her strength for her next visitors. – Ол, шамасын жиа, келесі келушілерді күтті.