management [ˈmænɪdʒmәnt] n 1.басқару(шылық), басқарма, менеджмент ¨a career in management – басқару саласындағы карьера/қызмет ¨hotel/project management – қонақ үй/жоба басқару, қонақ үй/жоба менеджменті ¨a management training course – басқаруға/менеджментке баулу курсы ¨The report blames bad management. – Есепте басқармаға/ менеджментке кінә тағылған. ¨The company's top-down management style made decision-making slow and inflexible. – Компанияда орныққан жоғары жаққа қарайлау жүйесі шешім шығаруды баяу әрі икемсіз еткен. ¨He is one of the highest paid management gurus in the world. – Ол әлемдегі жалақысы көп басқару шеберлерінің/пірлерінің бірі. 2.басқарма, басқарушы құрам, менеджмент ¨The management is/are considering closing the factory. – Басқарма заводты жабуды қарастыруда. ¨The shop is now under new management. – Дүкен енді жаңа басқарманың қарауына өтті. ¨junior/middle/ senior management – төменгі/ орта / жоғары буындағы (деңгейдегі) басқарма/менеджмент ¨a management decision/job – басқарма шешімі/ басқарушы қызметі ¨My role is to act as a mediator between employees and management. – Жұмысым – қызметкерлер мен басқарма арасындағы араағайындық. ¨Most managements are keen to avoid strikes. – Басқармалардың көпшілігі ереуілден қашады. 3.адамдарды, жағдайды игере алу, айналыса алу, шамасы жету ¨classroom management – класты игеру/ класпен жұмыс істей алу ¨time management – уақытты игеру/дұрыс жұмсау ¨management of staff – қызметкерлерді игеру/ басқару ¨Diet plays an important role in the management of heart disease. – Жүрек ауруын оңалтқанда диета маңызды рөл атқарады.