packet [ˈpækɪt] n 1. (BrE) пакет, дорба, қапшық ¨a packet of biscuits/cigarettes/crisps – бір пакет бискуит/ темекі/ чіпс ¨A packet of photographs arrived with the mail. – Почтамен фотографиялар салынған пакет келді. 2. (NAmE) (BrE sachet) пакетик, қалташа, дорбаша ¨a packet of instant cocoa mix – тез демделетін какао пакеті/ қалташасы 3. (BrE, informal) көп ақша ¨That car must have cost a packet. – Ана машинаға көп ақша кеткен болар. 4. (computing) деректер пакеті/ бөлігі ¨The data transmission is split into a number of packets of equal size. – Деректі бірнеше өзара тең бөлікке бөліп жеткізеді./ Дерек жеткізу өзара тең бірнеше бөлікке бөлінген. 5. (NAmE) документтер/ құжаттар жинағы ¨a training packet – дайындық жинағы ¨My kids have summer math packets from their schools. – Балаларыма мектептен математикаға дайындық оқулықтарын беріпті.