paint [peɪnt] A.n 1.сыр, бояу, бояқ; әк ¨white paint – ақ сыр ¨gloss/matt/acrylic paint – жылтырақ/ тұйық (мат)/ акрил бояу ¨The woodwork has recently been given a fresh coat of paint. – Ағаш мүлікті жақында жаңадан сырлап шықты. ¨Wet paint! – Сырланған!/ Сыры кеппеген! ¨The paint is starting to peel off. – Сыр сылынып түсе бастады. ¨The house is desperately in need of a lick of paint. – Үйді әктемегелі/ сырламағалы талай уақыт болды. ¨We did a quick paint job on the car and hoped the damage wasn't noticeable.Машинаны тез сырлап шығып, бүлінген тұсы көрінбес деп дәмелендік. ¨a can/pot/tin of paint – бір қалбыр сыр/ бояу 2. ∼s (сурет салатын) бояулар ¨oil paints – майлы бояулар ¨an artist working with acrylic paints – акрил бояулармен салатын суретші B.v 1.сырлау, бояу; әктеу ¨∼ smth with smth Paint the shed with weather-resistant paint. – Қораны/ Тамды ауа-райына төзімді әкпен әкте. ¨∼ smth a brightly painted barge – ашық түспен сырланған баржа ¨a freshly painted fence – енді сырланған қаша/ қоршау ¨have smth painted We've had the house painted. – Үйді әктеп, сырлап шықтық. ¨∼ smth The walls were painted yellow. – Қабырға сары түспен сырланыпты/ әктеліпті. 2.сурет салу, кескін сызу ¨ smth/smb to paint portraits/pictures – портреттер/ суреттер салу ¨A friend painted the children for me. – Досым балаларды мен үшін салып берді. ¨∼ smth on smth Slogans had been painted on the walls. – Қабырғаға ұрандар жазылыпты. ¨∼ in smth She paints in oils. – Ол майлы бояумен салады. ¨∼ smth in smth a portrait painted in oils – майлы бояумен жазылған/ салынған портрет ¨My mother paints well. – Анам сурет жақсы салады. ¨He taught himself to draw and paint. – Ол өзін сурет салып, бояуға үйретті. 3. (біреуді/ бірн-ні) пәлендей етіп көрсету (synportray) ¨∼ smb/smth as smth The article paints them as a bunch of petty criminals. – Мақала оларды ұсақ қылмыскерлер тобыры етіп көрсетеді. ¨∼ smb/smth in… The documentary painted her in a bad light. – Деректі фильм оны теріс жағынан көрсеткен. 4. ∼ smth бет-жүзін опалау, тырнағын бояу 5. (idm) *not as black as he/she/it is painted жұрт айтқандай соншама жаман емес ¨He's not very friendly, but he's not as black as he's painted. – Оның онша адамға жақындығы жоқ, бірақ соншама бір жаман емес. *paint a (grim, gloomy, rosy, etc.) picture of smb/smth белгілі бір күйде сипаттау/ суреттеу/ көрсету ¨The report paints a vivid picture of life in the city. – Есеп қаладағы тіршілікті жақсы суреттеген. ¨Journalists paint a grim picture of conditions in the camps. – Журналистер лагерлердегі ауыр жағдайды сипаттайды. *paint the town red (informal) түрлі бар, клубтарға барып, қызыққа бату *paint smth with a broad brush жалпылама сипаттау/ суреттеу 6. (phr v) *paint smth out (белгіні, жазуды, тсс) үстінен бояп тастау, бояп кетіру ¨The premises have been sold and the company name painted out. – Үй-жай сатылған, сөйтіп компания(ның) аты өшірілген. ¨The name of the firm had been partially painted out. – Фирманың атын/ атауын жартылай өшірді/ бояп кетірді. *paint over smth үстінен бояу/ сырлау ¨We painted over the dirty marks on the wall. – Қабырғадағы сатпақтарды (үстінен) сырладық.