panic [ˈpænɪk] A.n 1.зәресі зәр түбіне кету, шошыс, үрей, қорқыныш, (шошып) қалтырау, дүрбелең, паника, үркіс, шошып кету, үрей қысу ¨a moment of panic – зәре ұшқан/ кеткен сәт ¨They were in a state of panic. – Оларда зәре қалмаған еді. ¨in  Office workers fled in panic as the fire took hold. – Өрт өрши бастағанда кеңсе қызметкерлері жан ұшыра/ үрке қашты. ¨There's no point getting into a panic about the exams. – Емтиханды ойлап, дірілдеп-қалтырайтын ешнәрсе жоқ. ¨a panic attack – шошып кету/ зәресі қалмау/ ұрку ¨a panic decision –үріккендегі шешім ¨A look of panic crossed his face. – Жүзін үрей шарпып өтті. ¨The mere thought of flying fills me with panic. – (Ұшақпен) ұшуды ойласам болды, қалтырап-дірілдеймін/ денем түршігеді. 2.дүрбелең, үрей, үркіс, дүрлігіс, аласапыран, жінігіс ¨News of the losses caused (a) panic among investors. – Шығындар туралы хабар инвесторларды дүрліктірді. ¨Careful planning at this stage will help to avoid a last-minute panic. – Осы кезеңде мұқият жоспарланса, арты тыныш болады/ артынан ешкім жінікпейді. ¨There's no panic, we've got plenty of time. – Асығыс жоқ, уақытымыз көп. ¨panic buying/selling – дүрліге/ жініге сатып алу/ сату 3. (idm) *panic stations (BrE, informal) дүрлігіс, жінігіс, аласапыран, алашапқын, дүрбелең ¨It was panic stations when the deadline was brought forward by a week. – Тапсырма бір жеті ерте орындалсын дегенде, астаң-кестең болды да кетті. B.v 1.шошу, заресі қалмау; шошыту, зәресін қалдырмау, тб ¨I panicked when I saw smoke coming out of the engine. – Мотордан түтін шығып жатқанын көргенде, шошып кеттім/ зәрем ұшты. ¨ smb/smth The gunfire panicked the horses. – Қарудың тарсылы аттарды үркітті. 2. (phr v) *panic smb into doing smth үркіту, шошыту, зәресін кетіру ¨We will not be panicked into making a decision before we have considered all the evidence. – Барлық айғақты қарап шықпайынша, шешім шығаруға асықпаймыз. ¨The police say women shouldn't be panicked into staying at home. – Полиция әйелдер қорқып, үйде қамалып отырмасын дейді.