parade [pəˈreɪd] A.n 1. (мерекелік) шеру, сап түзей жүру (synprocession) the Lord Mayor’s parade – лордмэр шеруі St Patrick’s Day parade in New York – Нью-Йорктегі Әулие Патрик күніндегі шеру 2. (әскери) парад, шеру, сап түзей өту ¨a military parade – әскери парад/ шеру They held a parade to mark the soldiers' return. – Олар солдаттардың оралуына орай шеру өткізді. on  They stood as straight as soldiers on parade. – Олар парадтағы солдаттардай қасқия/ қасқиып тұрды. (figurative) The latest software will be on parade at the exhibition. – Кейінгі компьютерлік программа көрмеге қойылады. 3.тізбек, тізбе Each generation passes through a similar parade of events. – Әр ұрпақ осы сияқты оқиғалар тізбегін басынан өткереді. 4. (especially BrE) шағын дүкендер қатар орналасқан көше a shopping parade – дүкендер көшесі/ қатары 5. ∼ of wealth, knowledge, etc. (often disapproving) мақтаншақтық, көрсете мақтану Social media is a constant parade of wealth, happiness, success and vanity. – Әлеуметтік медиада қашан да дәулет пен шаттық, табыс пен кербездік шеруі өтіп жатады. 6. (idm) *rain on smb’s parade (informal) «біреудің тойында жаңбыр жауу», көңіл көтеруіне кедергі болу; жоспарын бұзу B.v 1.шерумен өту, шеру болып өту, жүріп өту, сап түзеп өту The victorious team will parade through the city tomorrow morning. – Жеңімпаз команда ертең ертемен қаланың ішімен жүріп өтеді. 2.бой жазып жүру, әрі-бері жүру People were parading up and down showing off their finest clothes. – Әдемі киімдерін көрсін дегендей, жұрт ерсілі-қарсылы жүрді. 3. ∼ smb/smth жұртқа көрсету The trophy was paraded around the stadium. – Жүлдені/ Трофейді стадион ішінде айналдырып өтті. The prisoners were paraded in front of the crowd. – Тұтқындар жұрт алдынан өтті. (figurative) He is not one to parade his achievements. – Ол табыстарын жұртқа жая беретін адам емес. 4.сап түзей өту, әскери парадпен/ шерумен өту The crowds applauded as the guards paraded past. – Күзетшілер саппен өткенде жұрт қол соқты. smb The colonel paraded his men before the Queen. – Полковник кісілерін королева алдынан сап түзеп өткізді. 5.өзін пәлендей, мықты етіп көрсету as smth myth parading as fact – қиялды шындай етіп көрсету smb/smth/yourself as smth He paraded himself as a loyal supporter of the party. – Ол өзін партияның нағыз жақтасы ретінде көрсетті.