part [pɑːt] A.n 1. ∼ of smth бөлік, жақ, қыр, парша We spent part of the time in the museum. – Біраз уақыт музейде өткіздік. Part of the building was destroyed in the fire. – Өрт үй-жайдың бір бөлігін/ жағын/ паршасын жойды. Part of the problem is that more and more people live alone. – Проблеманың тағы бір жағы – жалғызбасты кісілер көбеюде. Voters are given only part of the story. – Сайлаушыларға әңгіменің шет жағасын ғана айтқан. Part of me feels sorry for him. – Оны аяңқыраймын. We spent a good part of the day rehearsing. – Күннің көп бөлігін репетициялаумен болдық. The mountains are covered with snow for a large part of the year. – Жылдың көп бөлігінде тауларда қар жатады. The early part of her life was spent in Paris. – Өмірінің алғашқы бөлігін Парижде өткізді. the latter part of the 19th century – ХІХ ғасырдың аяғы/ кейінгі бөлігі Making mistakes is an integral part of the learning process. – Қате жіберу – оқу процесінің ажырамас бөлігі. We've done the difficult part of the job. – Жұмыстың қиын бөлігін бітірдік. an important/essential part of the project – жобаның маңызды/ өзекті бөлігі Wool production was a key part of the economy. – Жүн өндірісі экономиканың өзекті бөлігі болды. in parts The novel is good in parts. – Романның кейбір жерлері жақсы. The procedure can be divided into two parts. – Процедураны екі бөлікке бөлсе болады. The worst part was having to wait three hours in the rain. – Ең қиыны жаңбыр кезінде пойызда үш сағат қамалып отырған болды. Snacks can be part of a healthy eating plan. – Ұсақ тағам (закуска) салауатты тамақтанудың бір бөлігі бола алады. You need to be able to work as part of a team. – Топтың құрамдас бөлігі ретінде/ Топтың бір мүшесі ретінде жұмыс істей алуың керек. Under the Saxons, Westmorland formed part of the Kingdom of Northumberland. – Саксондар билеп тұрған кезде Уэстморләнд Нортумберләнд корольдігінің бір бөлігі болған. Antibiotics have become part of our daily existence. – Антибиотиктер күнделікті тіршілігіміздің бір бөлігі болды. 2.мүше, бөлік, бөлшек parts of the body – дене мүшелері It may one day be possible to grow new body parts in the laboratory. – Бір күні лабораторияда дене мүшелерін өсіру мүмкін болатын болады. Different insects feed on different parts of the plant. – Түрлі шіркейлер өсімдіктің түрлі бөлігінде қоректенеді. 3.бөлшек, қосалқы бөлшек, бөлік The factory manufactures aircraft parts. – Завод ұшақ бөлшектерін жасайды. car/machine/engine parts – машина/ жабдық/ мотор бөлшектері/ бөліктері the working parts of the machinery – жабдықтың жұмыс істейтін бөліктері Where can I get spare parts for my bike? – Велигіме қосалқы бөлшектер қайдан тапсам болады? 4.жақ, тұс, бөлік The island is mostly flat, but there are some hilly parts. – Арал, негізі, жазық, бірақ кейбір тұстарда төбелер бар. of smth the northern part of town – қаланың теріскейі/ солтүстік бөлігі different parts of the world/country – әлемнің/ елдің түрлі тұстары Which part of Japan do you come from? – Жапонияның қай жерінен/ жағынан боласың(ыз)? Come and visit us if you're ever in our part of the world. – Біздің жақта бола қалсаңыз, бізге келіңіз/ келіп-кетіңіз. 5. ∼s (old-fashioned, informal) аймақ, тұс, өңір, жақ, жер She's not from these parts. – Ол бұл жақтан емес. He's just arrived back from foreign parts. – Ол енді/ жаңа ғана шетелден келді. 6. (abbr pt) бөлім, тарау, серия The documentary was screened in four parts. – Деректі фильм төрт бөлімнен тұрады. Henry IV, Part IIIV Генрих (Һенри), II бөлім The final part will be shown next Sunday evening. – Соңғы бөлімі алдағы жексенбі кешке көрсетіледі. 7.роль (актердің) She played the part of Juliet. – Ол Джульеттаны ойнайды. (figurative) He's always playing a part. – Ол паңданады да жүреді. Have you learned your part yet? – Рөліңнің сөзін жаттадың ба? in smth He got a small part in a West End play. – Ол Уэст Енд сериалында шағын рөлде ойнайды. in a  She was very good in the part. – Ол өз рөлін өте жақсы ойнап шықты. 8.құрамдас бөлігі болу, араласу, тсс Luck played a big part in their success. – Олардың көбінесе жолы болып табысқа жетті. She plays an active part in local politics. – Ол жергілікті саясатта белсенді рөл атқарады. We all have a part to play in the fight against crime. – Қылмысқа қарыс күреске бәріміздің де атсалысумыз керек. He had no part in the decision. – Ол шешімге біз араласпадық. I want no part of this sordid business. – Бұндай сиықсыз іске араласқымыз келмейді. 9.белгілі бір муз-қ аспапқа (инструментке) не дауысқа арналған музыка/ ырғақ the clarinet part – кларнет бөлігі The first two verses of the song are set in four-part harmony. – Әннің алғашқы екі жолы төрт дауысқа арналған. I can play the guitar part to that song. – Әнді гитарамен сүйемелдей аламын. 10.бөлік, мөлшер Add three parts wine to one part water. – Үш бөлік шарапқа бір бөлік су қос. fluoride levels of 0.2 parts per million – миллионға 0.2 бөліктен келетін флорид деңгейі 11. (NAmE) (BrE parting) айрықайырым (таралған шаштың екіге бөлінген жігі, орысша: пробор) 12. (idm) *be greater/more than the sum of its parts топ ретінде/ бірлескенде жақсы, пәрменді болу The team is greater than the sum of its parts. – Топ бірлесе жақсы әрекет етеді./ Топтың қадірі/ бағасы - бірлігінде. *​the best/better part of smth көп бөлігі(н)/ уақыты(н) He drank the best part of a bottle of Scotch waiting for her to get home. – Ол (әйел) үйге жеткенше, ол (еркек) шотланд вискиінің көбін тауысты. The journey took her the better part of an hour. – Ол бір сағаттай жүрді. *discretion is the better part of valour (saying) [қ-з: ​discretion (3)] *for the most part негізі(нен), жалпы; әдетте The contributors are, for the most part, professional scientists. – Үлес қосқандар, жалпы/ негізі, кәсіби ғалымдар. *for my, his, their, etc. part меніңше, оныңша, олардың пікірінше (syn: personally) ♦For my part, I would reject all these arguments. – Өз басым, бұл дәлелдердің ешбірін қабылдамаймын. *in large part | in large measure [қ-з: ​ large (A3)] *in part ара-тұра, кейде, біршама, арасында Her success was due in part to luck. – Табысқа жетуіне жолының болуы да әсер етті. Your salary depends in part on your qualifications. – Жалақың біліктілігіңе де/ квалификацияңа да байланысты. *look/dress the part ұқсау, сияқты болу He acts and dresses the part of a gentleman. – Ол джентльменше жүріп-тұрады, киінеді. He was a pirate in the school play and certainly looked the part. – Ол мектеп пьесасында қарақшы болып ойнады және өзі де қарақшыға ұқсайтын. If you want to be taken seriously in business, you have to dress the part. – Бизнесте саған дұрыс қарасын десең, дұрыс киін. If you want people at work to believe that you're a professional, you have to dress the part. – Жұмысыңда профессионал екеніңді білсін десең, лайықты/ лайығынша киін. You can be an amazing actor, but to land a role, you also have to look the part. – Сен қызықты актер болсаң болады, алайда ол рөлді алу үшін соған сай болуың керек. You look the part of an English gentleman, so people trust you. – Ағылшын джентльменіне ұқсайсың, сондықтан жұрт саған сенеді. *a man/woman of (many) parts сегіз қырлы, бір сырлы, ісмер, шебер ​*on the part of smb/on smb’s part біреудің, біреудің жағынан болған It was an error on my part. – Бұл менің қатем болды. *part and parcel of smth бірн-ң негізгі бөлігі Keeping the accounts is part and parcel of my job. – Бухгалтерия – негізгі жұмысым. *part of the furniture ​(informal) «жиһаздың бөлігі», көз үйренген, сіңісті болып қалған нәрсе I worked there so long that I became part of the furniture. – Ол жерде ұзақ істегенім соншама, сіңіп кеттім/ сол жердің бір бөлігі сияқты болып қалдым. *take smth in good part ​(BrE) өкпелемеу, көңіліне алмау, дұрыс қабылдау He took the teasing in good part. – Қалжыңды көңіліне алмады. *take part (in smth) қатысу, араласу (synparticipate) ♦to take part in a discussion/demonstration/fight/celebration – талқыға/ таныстыруға/ төбелеске /мерекеге қатысу How many countries took part in the last Olympic Games? – Олимпия ойындарына қанша ел қатысты? They took little part in the discussion. – Олар талқыда аз ғана сөйледі. *take smb’s part ​(BrE) біреуді жақтау, біреудің жағына шығу (synside with) His mother always takes his part. – Шешесі ылғи соның сөзін сөйлейді. B.v 1. (formal) біреуден кету, бөлек кету, қоштасу; айырылысу, ажырасу We parted at the airport. – Бір-бірімізбен аэропортта қоштастық./ Біз әуежайда (бір-бірімізден) бөлек кеттік. I hate to part on such bad terms. – Осындай жаман (жағдайда) айырылсқым келмейді. from smb He has recently parted from his wife. – Ол жақында әйелімен ажырасты. 2. ∼ smb (from smb) (formal) ажырату, айыру, бөлектеу, бөлу I hate being parted from the children. – Балаларсыз болғым келмейді. The puppies were parted from their mother at birth. – Туған кезде күшіктерді анасынан айырды. I refused to be parted from my sisters. – Әпке-қарындастарымнан/ Әпке-сіңлілерімнен айырылысуға қарсы болдым. 3.ашылу, айырылу, жарылу The crowd parted in front of them. – Олардың алдындағы жұрт айырыла жол берді. The elevator doors parted and out stepped the President. – Лифт есіктері ашылып, ішінен президент шықты. smth Her lips were slightly parted. – Еріндері сәл ашылыңқырап тұрды. She parted the curtains a little and looked out. – Ол перделерді сәл түріп, тысқа қарады. 4. smth шашын тарақпен бөлу/ жару He parts his hair in the middle. – Ол шашын ортасынан бөледі. 5. (idm) *a fool and his money are soon parted​ [қ-з: fool (A4)] *part company (with/from smb) (also part ways (with/from somebody)) a) біреуден кету; айырылысу, ажырасу, қарым-қатынасын үзу This is where we part company. – Осы жерден бөлек кетеміз. The band have parted company with their manager. – Муз-қ топ менеджерлерімен айырылысты. The band and their manager have parted company. – Топ пен олардың менеджері айырылысты. He parted ways with the team at the end of the season. – Маусым соңында ол командадан кетті. b) біреумен келіспеу Weber parted company with Marx on a number of important issues. – Уебер Маркспен бірқатар мәселеде келіспеді. The two leaders parted ways on this question. – Осы мәселеде екі лидер өзара келіспеді. 6. (phr v) *​part with smth біреуге бірн-е беру Make sure you read the contract before parting with any money. – Ақша бермес бұрын контаркті жақсылап оқып ал. She was very reluctant to part with her treasures. – Бағалы заттарын тегі бергісі келмеді. C.adv ішінара, біршама, біраз; жартылай She's part French, part English. – Ол – жартылай француз, жартылай ағылшын. His feelings were part anger, part relief. – Ол ашуланып та, жеңілденіп те тұрды. The course is part funded by the European Commission. – Курстың біраз бөлігін Еврокомиссия қаржыландырады. He is part owner of a farm in France. – Ол Франциядағы бір ферманың бір бөлігінің иесі.