partly [ˈpɑːtli] adv пәлен(дей) болғандықтан да, сол/ осы себепті де, бір жағынан, белгілі бір себепті; біраз, толық(тай) емес, ішінара, белгілі бір дәрежеде, белгілі бір деңгейге/ шекке дейін, біршама Some people are unwilling to attend the classes partly because of the cost involved. – Қымбат болғандықтан да кейбір кісілердің сабаққа қатысқысы келмейді. These low prices were partly due to excess supply. – Бағаның арзандауына товардың тым көптігі де әсер етті. ♦He was only partly responsible for the accident. – Ол оқиғаға аздап қана жауапты болды. The story is partly based on fact. – Әңгіме ішінара фактілерге сүйенген. It was partly my fault. – Бұнда менің де кінәм бар. Two factors at least partly explain her success. – Осы екі фактор әйтеуір ішінара болса да оның табысқа қалай жеткенін көрсетеді. Her eyes were partly open. – Көздері сәл ашық еді.