past [pɑːst] A.adj 1. өткен, бұрынғы, баяғы; жақындағы, ана/ әнеу кездегі in past years/centuries – өткен жылдары/ ғасырларда in times past – бұрынғы уақытта/ баяғыда The time for discussion is past. – Талқылайтын уақыт біткен/ өткен. The days are long past when people worked at the same company all their lives. – Жұрт бір компанияда өмір бойы істейтін заман баяғыда өткен. in the past year/month/week – былтыр/ өткен айда/ аптада I've seen her several times over the past few days. – Әнеу күндері/ Бірнеше күн бұрын оны бірнеше рет көрдім. The past month has been really busy at work. – Өткен айда жұмыс шынымен көп болды. This past summer I worked at a theatre. – Өткен жазда театрда істедім. past and present students of the college – колледждің бұрынғы және қазіргі студенттері Let's forget about who was more to blame - it's all past history. – Кімнің кінәлі болғанын ұмыталық, бұның бәрі – өткен әңгіме. I warned her not to repeat her past mistakes. – Оған бұрынғы қателеріңді қайталама деп ескерттім/ қателерін қайталамауын ескерттім. past events – өткен/ бұрынғы оқиғалар Americans hold past presidents in high regard. – Америкалықтар бұрынғы президенттерін құрмет тұтады. He is reluctant to speak about his past life as a professional musician. – Кәсіби музыкант ретіндегі бұрынғы өмірі жайлы оның айтқысы келмейді. 2. (grammar) өткен (шақ) the past tense – өткен шақ B.n 1. the ∼ өткен заман/ кезең, бұрынғы уақыт, баяғы заман in the  I used to go there often in the past. – Баяғыда ол жаққа көп баратынмын/ барушы едім. He had hurt her so many times in the past. – Ол оны бұрын талай қинаған/ жылатқан. ♦the recent/distant past – әнеу кездері/ баяғы заман She looked back on the past without regret. – Ол өткенге өкінішсіз қарады. of the  Writing letters seems to be a thing of the past. – Хат жазу баяғыда қалған сияқты. She had learned from her mistakes of the past. – Ол өзінің бұрынғы қателерінен үйренді. I feel that the past and the present and the future are all tied together in some way. – Өткен шақ, осы шақ және келешек әйтеуір бір өзара байланысқандай сезінемін. 2.өткен өмір We don't know anything about his past. – Оның өткені/ өткен өмірі жайлы ешнәрсе білмейміз. Little remains from the city's glorious past. – Қаланың бұрынғы даңқты дәуірінің тамтығы ғана қалыпты. They say she has a ‘past’ – Оның бұрын ұрынып қалған бір нәрсесі бар дейді. He has a chequered past. – Оның басынан талай нәрсе өткен. 3. the ∼ (also  tense) (grammar) өткен шақ (етістіктің) The past of ‘shine’ is ‘shone’. - ‘Shine’-ның өткен шағы - ‘shone’ 4. (idm) *a blast from the past (informal) өткеннен жеткен леп/ нәрсе *the (dim and) distant past баяғы, бұрынғы заман/ уақыт stories from the dim and distant past – баяғы заманнан жеткен әңгімелер In the distant past this land was covered in forests. – Баяғы заманда бұл жерді орман басып жатыпты. *live in the past баяғыдағыдай өмір сүру, бұрынғыша жүріп-тұру C.prep 1. (NAmE also after) пәлен уақыттан кейін, пәлен уақыт өткенде half past two – (сағат) екі жарым ten (minutes) past six – алтыдан он кетті There's a bus at twenty minutes past the hour. – Әр сағаттан жиырма минут өткенде (м.: 1.20, 2.20, тсс) автобус жүреді. We arrived at two o'clock and left at ten past. – Сағат екіде келіп, (екіден) он кеткенде кеттік. It was past midnight when we got home. – Үйге жеткенде түн ортасынан ауған еді. 2.әр жағы, жаны, қасы We live in the house just past the church. – Шіркеудің жанындағы үйде тұрамыз. He hurried past them without stopping. – Ол кідірместен олардың жанынан тез өте шықты. He just walked straight past us! – Ол қасымыздан өте шықты! 3.өткен, асқан Unemployment is now past the 3 million mark. – Жұмыссыздық енді 3 миллионнан асты. The flowers are past their best. – Гүлдер сола бастапты/ солғын тартыпты. He's past his prime. – Оның дәуірі өткен. She's long past retirement age. – Оның баяғыда пенсияға/ зейнетке шығатын уақыты болған. Honestly, I'm past caring what happens. – Шынында, уайым жейтін уақыттан өткенмін. 4. (idm) *past it ​(BrE, informal) жасы жеткен/ өткен; уақыты/ дәуірі өткен In some sports you're past it by the age of 25. – Кейбір спортта жиырма бесте кәрісің. That coat is looking decidedly past it. – Көмірдің дәуірі/ дәурені біржолата өткен сияқты. D.adv 1.өте бере, өтіп бара жатып She smiled at me as she walked past. – Жанымнан өте бере ол маған жымиды. I called out to him as he ran past. – Ол жүгіріп өтіп бара жатқанда атын атадым. 2.өткен, өтті (synby) A week went past and nothing had changed. – Бір апта өтті, ешнәрсе өзгермеді. The next two hours seem to whizz past. – Келесі екі сағат зу ететіндей көрінеді.