patina [ˈpætɪnə; pəˈtiːnə] n 1.патина (кейбір металдардың бетінде пайда болатын жасыл, қара не қоңыр түсті жұқа) жамылғы, жабын, жылтыр The bronze statue had acquired a hard green patina with age. – Қола мүсіннің түсі жылдар өте қою жасылға өзгеріпті./ Қола мүсіннің үстін жылдар өте қою жасыл түс басыпты.  2. (кейбір материалдардың бетіне тұратын жұқа) жамылғы, жабын; (ағаш не былғарыны маймен ысқылағаннан пайда болған) жұқа қабат, жалтыр, жылтыр The furniture was old, with the shiny patina of frequent polishing. – Жиһаз көне еді, ылғи ысқылағаннан жылтырап тұрды. (figurative) He looked relaxed and elegant and had the patina of success. – Ол бейқам, сырбаз көрінді, табыс табы есіп тұрды.