pave [peɪv] v 1. smth (with smth) тас төсеу, асфальт/ бетон төсеу a paved area near the back door – артқы есіктің жанындағы тас төселген жер/ тұс 2. (idm) *pave the way (for smb/smth) біреу/ бірн-е үшін «жол салу», жол ашу, жағдай жасау This decision paved the way for changes in employment rights for women. – Осы шешім әйелдердің еңбек ету хақындағы өзгерістерге жол ашты. *the road to hell is paved with good intentions ​(saying) «тозаққа барар жолға ізгі ниет төселген», артық қыламын деп тыртық қылу, бір істі тыңғылықты ойластырып, аяғына дейін жеткізбесе теріс нәтиже беруі мүмкін дег мағ *the streets are paved with gold (saying) «көшелерге алтын төселген», «бақыр бар деп барып едім, бақыр тұрмақ тақыр да жоқ», пәлен жерде ақшаны күреп табады екен дег мағ