perpetuate [pəˈpetʃueɪt] v (formal) (нашар жағдайды, көзқарасты, тб) меңдету, дендету, тамыр алдыру, санаға сіңдіру, орнықтыру, асқындыру smth to perpetuate injustice – әділетсіздікті орнықтыру an education system that perpetuates the divisions in our society – қоғамымыздағы жікке бөлінушілікті асқындыратын/ меңдететін білім жүйесі itself This system perpetuated itself for several centuries. – Бұл жүйе өзін бірнеше ғасырға орнықтырды. People think of him as a cruel man, an image perpetuated by the media. – Жұрт оны қатігез адам деп ойлайды – баспасөз санаға сіңдірген имидж/ келбет.