picnic [ˈpɪknɪk] A.n 1.көкке шығу, сейіл, серуен, пикник (табиғат аясына барып ас ішу, көңіл көтеру) It's a nice day. Let's go for a picnic. – Күн жақсы екен. Көкке шығайық. We had a picnic beside the river. – Өзеннің жағасында сейіл құрдық. 2. «сейіл тамақ/ ас», көкке шыққанда жейтін тамақ Let's eat our picnic by the lake. – Көлдің жағасына жайғасып, тамағымызды жеп алайық. a picnic lunch – көктегі/ көкке шыққандағы ас a picnic basket – сейілге/ көкке алған тамақ We took a picnic and spent the day watching the races. – Сыртта тамақтандық та күні бойы бәйге/ жарыс көрдік. 3. (idm) *be no picnic ​(informal) қиын әрі ауыртпалығы көп болу, машақатқа толы болу Bringing up a family when you're unemployed is no picnic. – Жұмыссыз болсаң, үй-ішін бағып-қағу оңай шаруа емес. B.v көкке шығу, сейіл құру, пикникке бару No picnicking allowed. – Сейіл құруға болмайды.