pink [pɪŋk] A.adj 1.күлгін, қызғылт, қызылдау, ақшыл қызыл, бозғылт қызыл pale pink roses – күлгін/ бозғылт қызыл раушан гүлдер She went bright pink with embarrassment. – Ұялғаннан беті алаулап кетті. The sun was now just a pink glow in the evening sky. – Күн енді кешкі аспандағы қызғылт алау ғана еді. She was wearing a hot pink top. – Ол үстіңгі жағына күлгін/ қызғылт киіп жүрді. Outside, the sky is turning pink. – Сыртта аспан қызғылт тартты. 2. (BrE) гомосексуалист/ гей (адамдарға қатысты) the pink pound – гейлер мен лесбиандар жұмсаған ақша 3. (informal, disapproving, politics) солшыл (саяси көзқарас); сол(шылдар)ға бүйрегі бұрған pale pink politics – солшыл саясат B.n 1. күлгін, қызғылт, қызылдау, ақшыл қызыл, бозғылт қызыл (түс) She was dressed in pink. – Ол күлгін/ қызғылт киім киген. She frowned as her cheeks flushed a light shade of pink. – Беті алаулаңқырап, қабағын түйді. The bedroom was decorated in pale pinks. – Ұйқы бөлмесі күлгінмен/ ақшыл қызылмен әсемделіпті. 2.қалампыр (гүл, орысша: гвоздика) 3. (idm) *in the pink (informal, old-fashioned) денсаулығы жақсы C.v (BrE) (NAmE ping) (машина двигателі ж) (жанармай дұрыс жанбай) партылдау, қақалу