place [pleɪs] A.n 1.орын, тұс, жер, жақ, жай in a  Keep your purse in a safe place. – Әмияныңды дұрыс жерге қой. I can't be in two places at once. – Бір мезетте екі жерде/ жақта бола алмаймын. They organized several demonstrations in public places. – Олар қоғам орындарында бірнеше демонстрация ұйымдастырды. I happened to be in the right place at the right time. –Дұрыс жерде дер кезінде/ дұрыс кезде болыппын. where… Is this the place where it happened? – Оқиға осы жерде болды ма? for smth This would be a good place for a picnic. – Сейілге мына тұс дұрыс екен. There is a time and place for these questions, but not right here and now. – Бұндай сұрақтардың өз уақыты мен орны болады, бірақ та тап қазір, тап осы жерде емес. a good place to start – істі бастауға дұрыс жер/ жақ 2.жер, тұс, жақ I can't remember all the places we visited in Thailand. – Тайландта барған барлық жер/ жақ есімде жоқ. I used to live in York and I'm still fond of the place. – Нью-Йоркте тұрғанмын және ол жерді әлі жақсы көремін. The police searched the place. – Полиция ол тұсты/ жерді/ жақты ақтарып шықты. Let's get out of this place! – Бұл жерден/ жақтан кетейікші! to do smth We were looking for a place to eat. – Тамақ ішетін жер іздеп жүргенбіз. a place to live/stay – тұратын/ тұрақтайтын (қонатын) жер/ орын place of birth – туған (дүниеге келген) жері The town has many excellent eating places. – Қалада тамақ жейтін тамаша жерлер көп. I couldn't find a parking place anywhere. – Төңіректен машина қояр жер таппадым. of smth (formal) churches and other places of worship – шіркеулер мен басқа да сыйынатын орындар/ ғибадатханалар (formal) He can usually be contacted at his place of work. – Онымен әдетте (өз) жұмыс орнында хабарласса болады. place of residence – тұратын жері These streets are no place for a child to be out alone at night. – Бұл көшелер - балалар түнде жалғыз жүретін жер емес. 3.тұс, жер in… s He broke his arm in three places. – Ол қолын үш жерден сындырыпты. in s The paint was peeling off the wall in places. – Қабырғаның кейбір тұсында сыр көшіпті/ сыдырылыпты. The footpath is bumpy in places.Соқпақ жолдың кейбір тұстары – ойқы-шойқы. 4. (кітаптағы, сөздегі, тб) тұс, орын, жер She had marked her place with a bookmark. – Кітаптағы өзіне керекті жерін/ жерді белгілеп қойды. Excuse me, I seem to have lost my place. – Ғафу ет(іңіз-дер), керекті тұсымды жоғалтып алған сияқтымын. in… s The audience laughed in all the right places. – Көрермендер дұрыс жерлерге келгенде күліп отырды. in s The film is scary in places. – Фильмнің кейбір тұстары – қорқынышты. in smth This is one of the few places in his work where he mentions his childhood. – Бұл - оның өзінің еңбегінде балалық шағын еске алатын бірнеше тұстардың бірі/ біреуі. 5.тұс, орын, жер, жақ (in/on smth) (to do smth) Is there a place on the form to put your address? – Формада адресіңізді жазатын жер бар ма? There is a place to sign and date at the bottom of the form. – Форманың аяқ жағында қол қойып, күнін көрсететін тұс бар. in smth's place Put it back in its place when you've finished with it. – Бұны бітіргенде бұны орнына қайта қойғын. 6. (отыратын, тб) орын Come and sit here - I've saved you a place. – Кел, мұнда отыр – саған орын алып қойдым. I don't want to lose my place in the line. – Кезектегі орнымды жоғалтқым келмейді. Would you like to change places with me so you can see better? – Менімен орындарымызды ауыстырайық па – сонда жақсы көретін боласың? I've set a place for you at the table. – Столдан саған орын алып қойдым. 7. (оқу орнындағы) орын She's been offered a place at Bath to study Business. – Оған Бат университетінен бизнесті оқуға орын ұсынды. There are very few places left on the course. – Бұл курста бірнеше ғана орын қалды. 8. (спорт командасындағы) орын, мүшелік She has won a place in the Olympic team. – Ол олимпия командасынан өзіне орын ұтып алды. He lost his place in the first team. – Ол негізгі құрамдағы орнын жоғалтты. 9. (жарыс кезінде алған) орын She took third place. – Ол үшінші орын алды. in…  He finished in third place. – Ол үшінші болып аяқтады. in smth Victory earned them a place in the final. – Жеңіс оларға финалдан орын алып берді. 10. (тарихтағы, қоғамдағы, тб) орын in smth He is assured of his place in history. – Ол тарихта қалады. They felt that they had no place in society and nowhere to go. – Оларға өздеріне қоғамда орын жоқтай және барар жер қалмағандай көрінді. It took her a while to find her place in the world. – Әлемде(гі) өз орнын табу үшін оған біраз уақыт керек болды. Anecdotes have no place in an academic essay. – Академиялық шығармада анекдоттарға орын жоқ. Accurate reporting takes second place to lurid detail. – Жұрт нақты баяндаудан гөрі алыпқашпа әңгімені жақсы көреді. My father believed that people should know their place. – Әкем әркім өз орнын білуі керек дейтін. It's not your place to give advice. – Ақыл айтатын жөнің(із) жоқ. 11. (informal) үй, мекен, тұратын жер/ жақ What about dinner at my place? – Менің үйімде тамақтансақ қалай болады? I'm fed up with living with my parents, so I'm looking for a place of my own. – Ата-анаммен тұрып шаршадым, сондықтан өзім жеке тұратын жер іздеп жүрмін. I thought I’d better clean the place up. – Бұл жерді тазалап алғаным дұрыс болар деп ойладым. 12. (математикада) шаманың ондық нүктеден (decimal point) кейінгі орны Convert the decimal to a percentage by moving the decimal point two places to the right. – Ондық нүктені оңға қарай екі орын жылжытып ондықты процентке айналдыр. 13. P (abbr Pl.) (қысқа көшелер не алаңдардың атауларында қолд) 66 Portland Place 14. (idm) *all over the place (BrE also all over the shop) (US all over the lot) (informal) a) әр жерде, әр тұста ​New restaurants are appearing all over the place. – Әр жерде/ тұста жаңа ресторандар ашылып жатыр. b) ыбырсыған, шашылған; дұрыс ұйымдастырылмаған/ ойластырылмаған Your calculations are all over the place. – Есептеулерің тіпті/ мүлде дұрыс емес. *be going places ​(informal) табысты бола түсу, табыстан табысқа жете түсу a young architect who’s really going places – танымал болып келе жатқаан жас архитектор *behave/act as if you own the place | think you own the place ​(disapproving) өзін сол жердің қожасындай ұстау, шікірею, жұртқа ақыл айту She was acting as if she owned the place. – Ол өзін бастық сияқты ұстады. *be in a good, bad, dark, etc. place (also less frequent be in a good, bad, dark, etc. space) бақытты/ мұңлы, тб сезіну/ күйде болу I'm happy now. I'm in a good place. – Енді көңілім көтеріліп қалды. Жағдай – дұрыс. Me and Ed are in a good space right now. – Мені мен Эдтің жағдайымыз дәп қазір жақсы. The economy is in a better place than it was a year ago. – Экономиканың күйі былтырғыдай емес, жақсы. He was in a bad place, mentally and emotionally. – Ол сіркесі су көтермейтіндей күйде болды. She was in a dark place after her mother's death. – Шешесі қайтыс болғаннан кейін ол күйзеліп кетті. *be in the right place at the right time «дұрыс уақытта дұрыс жерде болу», дұрыс жерде дер кезінде болу, оңтайлы сәт кезіккенде пайдаланып қалу His success was down to being in the right place at the right time. – Ол оңтайлы сәттерді дұрыс пайдаланып, табысты болды. *(caught/stuck) between a rock and a hard place жайсыз/ жаман екі нәрсенің бірін/ біреуін таңдау  *change/swap places (with smb) «біреумен орын алмастыру/ ауыстыру», біреудің жағдайында/ күйінде болу I'm perfectly happy - I wouldn't change places with anyone. – Күйім – мінсіз; ешкіммен де орын алмастырмас едім. *fall/slot into place түсінікті/ анық бола түсу; орын-орнына келу Then I found his diary and it all began to fall into place. – Оның күнделігін тапқанымда бәрі де түсінікті бола бастады. *friends, people, etc. in high places [қ-з: friend (5)] *give place to smb/smth ​(formal) біреуге/ бірн-ге орнын босату/ беру (syngive way to) Houses and factories gave place to open fields as the train gathered speed. – Пойыз үдей түсіп, үйлер мен заводтар ашық алқаптарға ұласты. *have/hold a place in smb's heart жүрегінде сақталу He'll always have a place in my heart. – Ол әрқашан жүрегімнің түкпірінде болады. *smb’s heart is in the right place (біреу қате істесе де, тб) жүрегі таза, (сөзінің) артында зілі жоқ *if I was/were in your place сенің/ сіздің орның(ыз)да болғанымда/ болсам If I were in your place, I'd resign immediately. – Сенің орныңда болсам, бірден қызметтен кетер едім. *in the first place ең алдымен, ең әуелі, бірінші кезекте ​I still don't understand why you chose that name in the first place. – Ең әуелі, ол атты/ атауды неге таңдағаныңды әлі ұқпаймын. I should never have taken that job in the first place. – Ең алдымен/ Ең әуелі, ол жұмысқа ешқашан тұрмауым керек еді. *in the first, second, etc. place біріншіден, екіншіден Well, in the first place he has all the right qualifications. – Біріншіден, оның барлық керекті квалификациясы бар. *in my, your, etc. place менің, сенің, тб жағдайымда/ -ңда ​I wouldn't like to be in your place. – Сенің орныңда/ күйіңде болғым келмес еді. *in place (also into place) a) дұрыс орында; бірнәрсеге әзір Carefully lay each slab in place. – Әр кесекті орнына мұқият қой. b) орнында, дайын All the arrangements are now in place for their visit. – Сапар үшін бар(лық) нәрсе әзір. How long has the import ban been in place? – Импортқа тыйым қашан салынып еді? c) (NAmE) (also on the spot) бір орында, қозғалмастан Running in place is good exercise. – Бір орында жүгіру – жақсы шынығу. *in place of smb/smth | in smb’s/smth’s place біреудің/ бірн-ң орнына You can use milk in place of cream in this recipe. – Бұл рецепт бойынша кремнің орнына сүт пайдаланса болады. He was unable to come to the ceremony, but he sent his son to accept the award in his place. – Ол рәсімге келе алмады, өз орнына сыйлықты алуға ұлын жіберді. *lightning never strikes (in the same place) twice [қ-з: lightning (A2)] *not have a hair out of place [қ-з: hair (4)] *out of place a) өз орнында емес Some of these files seem to be out of place. – Мына файлдердің кейбіреуі ауысып/ жылжып кеткен сияқты. b) орынды емес, орынсыз, дұрыс емес Her remarks were out of place. – Оның сөздері біртүрлі/ орынсыз болды. I felt completely out of place among all these successful people. – Осынау табысты адамдардың арасында ыңғайсыздандым. *a place in the sun ыңғайлы/ жайлы орын *pride of place көрнекті/ сыйлы орын The photo was given pride of place on the mantelpiece. – Фотоны көрінетіндей етіп каминнің үстіне қойыпты. *put smb in their place «біреуді орнына қою», біреуді жөнге салу ​At first she tried to take charge of the meeting but I soon put her in her place. – Алдымен ол жиналысты өзі басқарғысы келді, бірақ сәлден соң оны жөнге салдым. *put yourself in smb else’s/ smb’s place «өзін біреудің орнына қою», өзін біреудің орнындамын деп елестету Of course I was upset - just put yourself in my place. – Әрине күйіндім – өзіңді менің орныма қойып көр(гін). *shelter in place (төтенше жағдайларда сақтану үшін) үйде/ іште отыру Residents of the city have been ordered to shelter in place for at least the next three weeks. – Қала тұрғындары кем дегенде үш апта үйде отырсын деген бұйрық болды. *take place (оқиға ж) болу, өту The film festival takes place in October. – Кинофестиваль қазанда болады. We may never discover what took place that night. – Ол түні не болғанын ешқашан біле алмаспыз. *take smb’s/smth’s place | take the place of smb/smth біреудің/ бірн-ң орнын алу, алмастыру, орнына келу She couldn't attend the meeting so her assistant took her place. – Жиналысқа өзі қатыса алмағандықтан, көмекшісі келді. Computers have taken the place of typewriters in most offices. – Көптеген офистерде компьютерлер машинкалардың орнына келді. *take your place a) орнына/ орындарына бару Take your places for dinner. – Асқа келіп жайғасың(ыз)дар. b) қоғамдағы өз(іне лайықты) орнын алу B.v 1. ∼ smth қою, орналастыру He placed his hand on her shoulder. – Ол қолын оның иығына қойды. A bomb had been placed under the seat. – Орындықтың астына бомба қойған. The parking areas in the town are few, but strategically placed. – Қалада машина қоятын жерлер аз болғанымен, дұрыс орналасқан. 2. ∼ smth on smth/smb/doing smth мән/ маңыз беру, әспеттеу; бірн-ні біреуден/ бірн-ден көру smth on smth They place a high value on punctuality. – Олар ұқыптылыққа зор мән береді. Great importance is placed on education. – Оқуға/ Білімге зор мән берілген. The blame was placed squarely on the doctor. – Кінәні тура дәрігерге артты./ Болған оқиғаны дәрігерден көрді. smth on doing smth We have always placed emphasis on delivering customer satisfaction. – Клиенттерімізге дұрыс қызмет етуге қашан да мән береміз. 3. ∼ smth заказ/ тапсырыс беру, өтініш/ арыз беру, нұсқау to place an order/a bet – заказ беру/ бәс тігу We placed an advertisement for a cleaner in the local paper. – Тазалаушы қызметкер қажет болып, жергілікті газетке хабарлама бердік. 4. ∼ smb/yourself қою, орналастыру, тағайындау to place somebody in command – біреуді командаға/ басшылыққа қою She was placed in the care of an uncle. – Оны ағасының қарауына берді. His resignation placed us in a difficult position. – Оның қызметтен кетуі бәрімізді қиын күйге түсірді. The job places great demands on me. – Бұл жұмыстың маған артар жүгі көп. He has placed himself above party politics. – Ол өзін партия саясатынан биік қойды. highly placed officials in the government – үкіметтегі жоғары лауазымды тұлғалар You will be placed on the waiting list. – Сені/ Сізді күту кезегіне қояды. to place restrictions/a burden on somebody – біреуге шектеу қою/ ауыртпалық арту They are placing lives at risk. – Олар талай адамның өміріне қатер төндіруде. 5.біреуге лайықты жұмыс, үй, тб табу smb The agency placed about 2 000 secretaries last year. – Агенттік былтыр 2 мың адамға хатшылық/ секретарьлық жұмыс тапты. smb with smb/smth The children were placed with foster parents. – Балаларды асырап алатын ата-аналарға берді. smb in smth children who are difficult to place in foster homes – бағып алатын семьяларға беруге қиын балалар 6. ∼ smb/smth баға/ орын беру; мән беру, бағалау I would place her among the top five tennis players in the world. – Оны дүниедегі ең үздік бес теннисшінің қатарына қояр едім. Nursing attracts people who place relationships high on their list of priorities. – Күтіп-бағу жұмысына адами қарым-қатынасты жоғары бағалайтын жандар барады. 7. (жарыста) белгілі бір орын алу/ орында келу smb/smth He was placed fifth in last Saturday's race. – Сенбідегі жарыста/ бәйгеде ол бесінші (болып) келді. (smth) (BrE) My horse has been placed several times. – Атым бірнеше рет жүлде алды (алдыңғы үштікте/ төрттікте келді). (NAmE) His horse placed in the last race. – Оның аты соңғы бәйгеде жүлде алды (екінші/ үшінші болып келді).  8. ∼ smb/smth есіне түсіре алмау, тани алмау I've seen her before but I just can't place her. – Оның бұрын көргенмін, бірақ есіме түсіре алмай отырмын. His accent was impossible to place. – Оның акцентінің қай жақтыкі екенін ұғу қиын. 9. (idm) *be well, ideally, uniquely, better, etc. placed for smth/to do smth a) жағдайы жақсы, өте жақсы, тб болу, жақсы, тб мүмкіндігі болу Engineering graduates are well placed for a wide range of jobs. – Инженерлікті бітіргендердің жұмыс табуға мүмкіндігі мол. The company is ideally placed to take advantage of the new legislation. – Компания үшін жаңа заң өте тиімді. The company is ideally placed to win the contract. – Компанияның контарктіні алуға барлық мүмкіндігі бар. ​b) жайлы я ыңғайлы жерде орналасу The hotel is well placed for restaurants, bars and clubs. – Қонақ үй ресторандар, барлар не клубтар үшін жақсы орналасқан. *put/place smth on (the) record | be/go on (the) record (as saying…) жұрт көзінше я ресми айту, айтқандары жазылып алыну, баспасөзде басылу He didn't want to go on the record as either praising or criticizing the proposal. – Ол өзінің (әлгі) ұсынысты құптағанын я сынағанын жария еткісі/ ашық білдіргісі келмеді. I should like to place on record my sincere thanks to all those who have given support. – Қолдау көрсеткен жандардың бәріне арнайы рахмет айтқым келеді. *put/place/set a premium on smb/smth мән, маңыз беру, жоғары бағалау, қастерлеу The company places a high premium on initiative. – Компания кез-келген инициативаға үлкен мән береді. They put a high premium on customer loyalty. – Олар клиенттерге зор көңіл бөледі. *to put/place smb on a pedestal «біреуге ескерткіш орнату», біреуді көз жұма көкке көтеру