play [pleɪ] A.v 1.ойнау You'll have to play inside today. – Бүгін іште ойнауың керек. There's a time to work and a time to play. – Жұмыс істейтін де, ойнайтын да уақыт бар. with smb/smth A group of kids were playing with a ball in the street. – Бір топ бала көшеде доп ойнап жатты. I haven't got anybody to play with! – Ойнайтын ешкімім жоқ! smth Let's play a different game. – Басқа ойын ойналық/ ойнайық! 2.біреу/ бірдеңе болып ойнау smth Let's play pirates. – Қарақшы/ Пират болып ойнайық. at smth Let's play at pirates! - Қарақшы/ Пират болып ойнайық. at doing smth They were playing at being cowboys. – Олар ковбой болып ойнап жүрген. 3. (спорт ойынын) ойнау, жарысқа қатысу smth to play football/cards – футбол/ карта ойнау smth with/against smb I usually play chess with my brother. – Әдетте бауырыммен шахмат ойнаймын. smb France are playing Wales tomorrow. – Ертең Франция Уэльспен ойнайды. for smb He plays for Cleveland. – Ол Кливләнд үшін ойнайды. against smb France are playing against Wales on Saturday. – Франция Уэльспен сенбі күні ойнайды. 4. (спорт командасында) белгілі бір позицияда ойнау Who's playing on the wing? – Қапталда кім ойнауда? I've never played right back before. – Оң жақ қорғаушы болып ойнамаппын. 5. ∼ smb ойнату, командаға қосу I think we should play Matt on the wing. – Мәтті қапталда ойнатқан дұрыс деп ойлаймын. 6. ∼ smth допты түрту/ тебу/ ұру She played the ball and ran forward. – Ол допты тепті де алға жүгірді. He played a backhand volley.Допты қолдың сыртымен соқты. 7. smth (шахматта) жүру, жүріс жасау She played her bishop. – Пілін жүрді. 8. ∼ (smth) (карта ойынында) жүру to play your ace/a trump – тұзды/ көзірді жүру ¨He played out of turn! – Ол кезектен тыс жүрді! 9. (муз-қ аспапта) ойнау (smth) She played Mozart's Piano Concerto No. 20. – Ол Моцарттың фортепьяноға арнаған 20-(сыншы) концертін ойнады. The music is well played and beautifully recorded. – Музыка жақсы ойналды және (таспаға) жақсы жазылды. In the distance a band was playing. – Қашықта муз-қ топ ойнап жатты. on smth He sat in the corner, playing softly on his guitar. – Ол бұрышта гитарда жұмсақ ойнап отырды. 10. ∼ (smth) (MP3, CD плейер, жазылған музыка) ойнату, қою I played some music to drown out the noise. – Шуды естімес үшін біраз музыка тыңдадым/ қойдым. They're always playing that song on the radio. – Олар радиодан ылғи сол музыканы қояды. My favourite song was playing on the radio. – Жақсы көретін әнімді радиодан беріп жатты. 11. (видео не DVD) көрсету, қойылу, қою These videos won't play on my computer. – Бұл видеоларды компьютерім көрсетпейді (компьютерімде оларды көрсететін программа жоқ). smth Click below to play videos. – Видеоларды көру/ ойнату үшін астын клікте/ бас. Nothing happens when I try to play a DVD.DVD-ді қойғым келгенде, көрсетпейді. A short video was played to the court showing the inside of the house. – Сотта үйдің ішін көрсеткен видео қойылды. 12. (фильмде, рөлде) ойнау, киноға түсу smth to play a role/part – рөлде ойнау The part of Elizabeth was played by Cate Blanchett. – Елизаветаның рөлін Кейт Бланчет ойнады. He had always wanted to play Othello. – Ол/ Оның қашан да  Отеллоның ролін ойнағысы келген. opposite smb She played opposite Brad Pitt. – Ол Брәд Питт екеуі басты рольдерде ойнады. 13. (біреу/ бірдеңе сияқты) болып көріну The children were dressed as soldiers, but they were just playing. – Балалар ойнап, солдаттардың киімін киді. I decided it was safer to play dead. – Өлген сияқты болып көрінген дұрыс деп ойладым. She enjoys playing the wronged wife. – Оған күйеуінен жапа шеккен әйел болып көрінген ұнайды. 14. ∼ the smth (біреу сияқты) болып көріну, біреуге ұқсау, біреуді салу This is no time to play the hero. – Қазір батырситын кез емес. She always did enjoy playing the victim. – Жапа шеккен адамның кейпінде бүрісіп жүрген оған ұнайтын. 15. ∼ (to smb) (пьеса, спектакль, тамаша) қойылу, қою A production of ‘Carmen’ was playing to packed houses. – «Кармен» аншлагпен жүріп жатты./ «Карменді» көруге жұрт толып келіп жатты. 16. ∼ smth өнер көрсету, концерт қою The band are playing 11 cities around the country. – Ансамбль елдің 11 қаласында өнер көрсетуде. I've played some fantastic venues. – Керемет сахналарда ойнадым/ өнер көрсеттім. 17. ∼ a part/role (in smth/in doing smth) әсері/ маңызы болу, рөл ойнау/ атқару Social media played an important part in the last election. – Әлеуметтік медиа соңғы сайлауда маңызды рөл ойнады. Farming plays a crucial role in maintaining the landscape. – Ауыл шаруашылығы табиғатты сақтауда маңызды рөл атқарады. High environmental temperatures may also play a role. – Айналадағы жоғары температураның әсері болуы мүмкін. Businesses can play their part by contributing some of their profits. – Табыстарының бір бөлігін бере отырып, кәсіпорындар/ бизнестер біршама роль атқара алады. All countries have a part to play in protecting the environment. – Айналаны/ Қоршаған ортаны қорғауға барлық ел(дер) (өз) үлес(ін) қоса алады. 18. ∼ a trick/tricks (on smb) мазақтау, келекету, әжуалау, қылжақтау Children ran around the village playing tricks. – Балалар ауыл ішінде бірін-бірі мазақтап ойнап жүрді. I played a trick on him just to see his reaction. – Қайтер екен деп оны мазақтап/ келекелеп көрдім.19. ∼ smth айналысу, шұғылдану He played the situation carefully for maximum advantage. – Ол жағдайды барынша пайдаланып қалу үшін мұқият әрекет етті. 20. (often disapproving) «ойнау», ойын көру, атүсті/ жеңіл-желпі/ қалай болса солай қарау at smth He was just playing at it before - now he's serious. –Алдында ол бұған қалай болса солай қараған – енді дұрысталды. smth (with smth) Officials are playing politics with farm programs. – Ауыл шаруашылығы программаларын үкімет адамдары саяси ойынға айналдырып жіберді. 21. (informal) селбесу, әрекеттесу, істесу He needs another loan, but the bank won't play. – Оған тағы бір кредит керек, бірақ банк бермейді. 22.жалт-жұлт ету, құбылып тұру; білініп/ жалт етіп жоқ болу Sunlight played on the surface of the lake. – Күн сәулесі көл бетінде жымыңдады. A small smile played on her lips. – Ернінде жымиыс табы білінді. 23. (фонтан ж) шашырау, атқылау Two huge fountains were playing outside the entrance. – Кіреберістің сыртында екі үлкен фонтан шашырап жатты. 24. (idm) *have money, time, etc. to play with (informal) бірнәрсе істеуге ақшасы, уақыты мол болу *play with yourself (informal) мастурбациялау, онанизммен айналысу *what is smb playing at? «пәлен неге ойнап жүр?», пәлен неге дұрыс істемейді дег мағ ​What do you think you are playing at? – Не, ойнап жүрсің бе?/ Неменеге ойнап жүрсің? 25. (phr v) *​play around/ about (with smb/smth) a) «ойнау», қалай болса солай жүріп-тұру/ қарау Don't play around with my tools! – Менің құралдарыммен ойнама! b) (informal) біреумен ойнастық жасау, ойнас болу Her husband is always playing around. – Оның күйеуі қылмыңдайды да жүреді. *play along (with smb/smth) келіскендей болу, келіскен сияқты көріну I decided to play along with her idea. – Оның идеясын құптаған сияқты болып көрінгім келді. *play A off against B ê play A off B тайталастыру, (теке)тірестіру, бір-біріне қарсы қою She played her two rivals off against each other and got the job herself. – Ол екі бәсекелесін бір-біріне айдап салды да жұмысты өзі иемденді. *play away (from home) a) (спорт командасы ж) сырт алаңда/ қарсыластың алаңында ойнау b) (BrE) біреумен құпия ойнас/ ашына болу *play smth back (to smb) (таспаға жазылған видеоны, музыканы) қайтадан ойнату Play that last section back to me again. – Соңғы бөлігін маған қайтадан қойшы/ ойнатшы. *play smth down маңызын азайтып көрсетуге тырысу, елемеу, ерен қылмау (syndownplay) (oppplay smth up) *play yourself/itself out әлсіреп пайдасыз болып қалу/ маңызын жоғалту *play on ​(sport) (тоқтамай) ойнай беру; ойынды қайта жалғастыру The home team claimed a penalty but the referee told them to play on. – Алаң иелері пенальти болды дегенмен, төреші ойнай беріңдер деп белгі берді. *play on/upon smth адамдардың сезімдерін, тб пайдаланып қалу (synexploitAdvertisements often play on people's fears. – Жарнамалар/ Рекламалар кісілердің қорқатынын жақсы пайдаланады. *play smth out (оқиға) болу (synenact) Their love affair was played out against the backdrop of war. – Олардың махаббаты/ махаббат хикаясы соғыс кезінде өрбіді. ​*play up | play smb up (especially BrE, informal) a) жүріс-тұрысы/ тәртібі жаман болу The kids have been playing up all day. – Балалар күні бойы қағынып жүрді. b) біреуді қинау, әлек қылу, мазасын алу My shoulder is playing me up today. – Иығым маған бүгін маза/ тыным бермеді. *play smth up дардитып көрсету, үлкейтіп көрсету (synoverplay) (oppplay smth down) *play with smb/smth «ойнау», кісінің сезімдеріне қалай болса солай қарау She tends to play with men's emotions. – Ол (әйел) ерлердің сезімдерімен ойнауға бейім. She realized that Patrick was merely playing with her. – Ол (әйел) Патриктің өзімен ойнап жүргенін ұқты. *play with smth a) тию, қозғау, ойнау She was playing with her hair. – Ол (өз) шашын ұстай берді. Stop playing with your food! – Ойнама тамағыңмен! b) «ойнау», құбылту, нәрселерді түрліше қолдану арқылы жаңаша бір әсер жасау In this poem Fitch plays with words which sound alike. – Өз поэзиясында Фитч ұқсас естілетін сөздерді қақпақылдайды. The composer plays with the exotic sounds of Japanese instruments. – Композитор жапон муз-қ аспаптарының экзотикалық үндерін құбылтады. Don’t be afraid to play with colour. – Түрлі реңдерді құбылтып көруден қашпа. B.n 1.пьеса, спектакль a stage/radio play – сахнадағы пьеса/ радиопьеса She wrote a play for the students to perform. – Ол оқушыларға (оқушылардың ойнауына арнап) пьеса жазды. to put on/stage a play – пьеса қою to produce/direct a play – пьеса қою by smb a play by Shakespeare – Шекспирдің пьесасы 2.ойын; ойнау(шылық); ермек the importance of learning through play – ойын арқылы үйренудің маңызы Making time for both work and play is not easy. – Жұмыс та істеп, ойнап та үлгеру оңай емес. at  the happy sounds of children at play – ойнап жүрген балалардың шат үндері ♦a children's play area – балалар ойнайтын жер/ тұс 3.ойын Rain stopped play. – Жауын ойынды тоқтатты. There was some excellent play in yesterday's match. – Кешегі матч біршама үздік ойын болды. The spectators were asked to be quiet during play. – Көрермендерден ойын кезінде тыныш болуын өтінді. This video game has fast and exciting game play. – Мына видеоойын жинағының ішінде тез әрі қызық ойын бар. 4. (NAmE) ойын; ойнау, ойнап әрекет жасау He made several nice defensive plays. – Ол бірнеше рет жақсы қорғанды. They are playing better now, making big plays at key times. – Олар енді жақсы ойнауда – шешуші сәттерде шебер қимылдайды. 5.әрекет; әсер the free play of market forces – рынок/ базар күштерінің еркін әрекеті in  More powerful forces are in play. – Қуатты күштер ойын үстінде. The financial crisis has brought new factors into play. – Қаржы дағдарысы/ кризисі жаңа факторлар алып келді. Personal feelings should not come into play when you are making business decisions. – Бизнесте шешімдер қабылдағанда жеке сезімдер әсер етпеуі керек. at  Other issues such as market power could be at play. – Басқа да мәселелер, мысалы: рынок күші/ қуаты әсер етіп жатқан болуы мүмкін. 6. (literary) жалт-жұлт ету, құбылып тұру the play of sunlight on water – күннің судағы жымыңдауы 7. (idm) *all work and no play (makes Jack a dull boy) (saying) бас алмай жұмыс істеген денсаулыққа зиян, демалып тұру керек *be child’s play (informal) «баланың ермегі», оп-оңай нәрсе *call smth into play [қ-з: call (B9)] *have a play (with smth) ойыншық/ ойын ойнау I had a play with the new computer game. – Жаңа компьютер ойынын ойнадым. *in/out of play ​(sport) (доп ж) ойында/ ойыннан тыс She just managed to keep the ball in play. – Ол допты ойыннан шығармай ұстап қала алды. *make great/much play of smth ​белгілі бір жайтты/ фактіні бұлдау/ ерекше көрсету He made great play of the fact that his uncle was a duke. – Ағасының герцог екендігін жұртқа білдіретін. *make a play for smb/smth бірнәрсеге қол жеткізуге тырысу; бір нәтижені ойда ұстай әрекет ету She was making a play for the sales manager's job. – Ол сауда бөлімі менеджерінің орнынан дәмелі болып жүрді. *a play on words «сөзді қақпақылдау», сөзді екіұшты қолдану (synpun) *the state of play істің/ мәселенің күйі/ мән-жайы What is the current state of play in the peace talks? – Бейбіт келіссөздердегі істің қазіргі күйі/ мән-жайы қалай?