point [pɔɪnt] A.n 1.ой, пікір, сөз, жайт, факті, мәселе, нәрсе She made several interesting points in the article. – Ол мақаласында бірнеше қызық ой айтқан. I take your point. – Ойыңды ұқтым. He's just saying that to prove a point. – Ол оны өз ойын дәлелдеу үшін айтуда. OK, you've made your point! – Жә, ойың(ыз)ды айттың(ыз)! 2. (usually the ∼) негізгі ой, ойдың түйіні/ өзегі The point is you shouldn't have to wait so long to see a doctor. – Мәселе/ Әңгіме былай – дәрігерге көріну үшін осыншама ұзақ күтуге болмайды. I wish he would get to the point. – Ойын тезірек айтса екен. I'll come straight to the point: we need more money. – Мәселеге бірден көшейін: бізге ақша көбірек қажет. Do you see my point? – Ойымды ұқтың(ыз) ба? I think I missed the point. – Түсінбедім-ау./ Түсінбей қалған сияқтымын. You have a point - it would be better to wait till this evening. – Дұрыс айтасың(ыз) – кешке дейін күткен жөн болады. ‘There won’t be anywhere to park.’ ‘Oh, that’s a (good) point.’ – «Онда машина қоятын жер болмайды». «Оу, бұны ойламаптық қой». It just isn't true. That's the whole point. – Бұл – шын емес. Мәселе сонда. I thought the whole point was getting the same amount done with less effort. – Әңгіме - әлгі мөлшерді аз талпыныспен қалай алуға болады деген сұрақ. ‘He's been married before.’ ‘That's beside the point’. – «Ол бұрын некелі болған». «Бұл (жайт) - маңызды емес./ Бопты». I know it won't cost very much but that's not the point. – Бұның аса қымбат болмайтынын ұғамын, бірақ әңгіме онда емес. behind smth The point behind the film was to help people understand the motivations of the criminals. – Фильмнің негізгі мақсаты – қылмысқа итермелейтін жайттарды жұртқа түсіндіру. 3.себеп, мақсат, ниет, пейіл, пиғыл What's the point of all this violence? – Осыншама бұзақылықтың себебі не?/ Не үшін осыншама бұзақылық болуда? ‘Why don't you try again?’ ‘What's the point?’ – «Тағы бір (рет) талпынып көрмейсің бе?» «Не үшін?» The point of the lesson is to compare the two countries. – Сабақтың мақсаты – екі елді салыстыру. of doing smth I don't see the point of doing it all again. – Мұның бәрін не үшін қайта істеу керектігін ұқпай тұрмын. in doing smth There's no point in getting angry. – Ашудан/ Ашуланғаннан ештеңе шықпайды/ өнбейді. 4.жайт, факт(і), тұс, деталь, нәрсе Can you explain that point again? – Сол тұсты/ жерді түсіндіре аласыз ба? Summarize the main points of the argument. – Мәселенің негізгі тұстарын қорыт(ыңыз). I should like to highlight the key points. – Негізгі тұстарды айтып өткім келеді. An important point has been missed out. – Маңызды жайт енбей қалған. You raise an interesting point. – Қызық жайтқа көңіл бұрдыңыз. 5.қасиет, жайт, нәрсе Tact is not one of her strong points. – Әдеп – оның мықты қасиеттерінің бірі емес./ Әдеп – оның осал тұсы. Read the manual to learn the program's finer points. – Программаның ұсақ детальдерін/ нәрселерін білу үшін нұсқауды оқы. Living in Scotland has its good points but the weather is not one of them. – Шотландияда тұрғанның жақсы жақтары бар, алайда олардың қатарында ауа-райы жоқ. One of the hotel's plus points is that it is very central. – Қонақ үйдің бір жақсы жері – орталықта орналасқан. There is not a single weak point in his essay. – Оның шығармасының бірде-бір осал тұсы жоқ. 6.сәт, кез, кезең, уақыт; хал, күй, жағдай We had reached the point when there was no money left. – Мүлде ақшасыз қалған халге жеттік. at/on the point of smth The climber was at the point of death when they found him. – Олар альпинисті тапқан кезде ол ажал аузында екен. at one, some, this, etc. At one point he looked like winning. – Бір кездері ол жеңетіндей көрінді. Many people suffer from mental illness at some point in their lives. – Өмірінің әйтеуір бір кезеңде көптеген адам ақыл-ес дертіне шалдығады. At this point in time we just have to wait. – Уақыттың осы кезінде тек күтуіміз керек. At this point I don't care what you decide to do. – Енді не істесең де маған бәрібір. up to/until that Up to that point we were living in London. – Сол кезге шейін біз Лондонда тұрып жатқанбыз. 7.тұс, жер, жақ, нүкте I'll wait for you at the meeting point in the arrivals hall. – Сені келушілер залындағы жолығатын жерде тосамын. the point at which the river divides – өзеннің айырылар тұсы/ өзен айырылатын жер Draw a line from point A to point B. – А нүктесінен В нүктесіне (дейін) сызық сыз. No parking beyond this point. – Мына жерден әрі (қарай) көлік қоюға болмайды. 8. (компастағы бағытты көрсететін) нүкте, бағыт the points of the compass (= N, S, E, W, etc.) – компас нүктелері/ бағыттары (= N, S, E, W, тб) 9. (abbr pt) ұпай (ойындағы) to win/lose a point – ұпай алу/ жоғалту Australia finished 20 points ahead. – Австралия 20 ұпай озып ұтты. for (doing) smth Players score points for finding words not found by any other player. – Ойыншылардың қайсысы сөз тапқанға мықты болса, сол ұтады. ons They won on points. – Олар ұпай бойынша ұтты. 10.өлшем, мөлшер The party's share of the vote fell by ten percentage points. – Партия 10 процент кем дауыс алған. 11.ұпай; баға Applicants are awarded points on criteria such as education, skills and knowledge of English. – Үміткерлерге/ Кандидаттарға білім, шеберлік және ағылшынша білу талаптары бойынша ұпайлар беріледі. Let children trade their earned points for privileges, like extra playtime. – Балалар өздері жиған ұпайларын қызықтарға, мысалы, қосымша ойынға айырбастасын. 12.ұш (пышақтың, тб) the point of a pencil/knife/pin – қарындаш(тың)/ пышақ(тың)/ түйреуіш(тің) ұшы 13. (also P∼) мүйіс, түбек (құрғақ жердің теңізге сұғынған жіңішке тұсы) The ship sailed around the point. – Кеме мүйісті/ түбекті айнала жүзді. Pagoda Point – пагода тұрған мүйіс/ пагода мүйісі 14. (бүтін мен бөлшекті айыратын) нүкте, да, де, та, те two point six (2.6) – екі бүтін оннан алты/ екі де алты (2.6) a decimal point – ондық нүкте/ ондық бөлшек нүктесі We broadcast on ninety-five point nine (95.9) FM. – Біз тоқсан бес те тоғыз (95.9) FM жиілігінде/ толқынында эфирге шығамыз. 15.нүкте, ноқат The stars were points of light in the sky. – Жұлдыздар аспанда жарық нүктелер/ ноқаттар (сияқты) еді. 16. (BrE) (электрге жалғайтын) нүкте, тұс a power/shaver/telephone point – электр(ге қосу)/ электробритва/ телефон нүктесі 17. ​∼s (also pointes) (also pointe) пуанты (балерина аяқ киімінің қатты ұшы) 18. ∼s (BrE) (NAmE switch) темір жол рельстерінің бағытын ауыстырғыш (железнодорожный переключатель) 19.әріп көлемі Change the text to 10 point. – Тексті/ Текст әрпін 10 ет. 20. (idm) *belabour the point ​(formal) өзеуреу, қайта-қайта айта беру I don’t want to belabour the point, but it’s vital you understand how important this is. – Қайта-қайта өзеурегім келіп тұрған жоқ, бірақ бұның қаншалықты маңызды екенін ұққаның өзіңе жақсы. *a case in point мәселенің, тб мысалы Many professions feel they deserve higher pay, and nurses are a case in point. – Көптеген кәсіптегі адамдар жоғары жалақыға лайықтымыз дейді, мысалы, күтушілер/ медбикелер. *the finer points of smth бірнәрсенің күрделі, ұсақ-түйегі көп жақтары ​She seems at ease discussing the finer points of foreign policy. – Ол сыртқы саясаттың күрделі жақтарын қиналмай талқылай алатын сияқты. He learnt the finer points of cricket during a trip to London. – Лондонға барған кезде ол крикеттің ұсақ-түйегін үйренді. *if/when it comes to the point істің тоқетеріне/ өзегіне келгенде, мәселені бірыңғай етейін/ шешейін дегенде When it comes to the point, he always changes his mind. – Істі бірыңғай ететін кезде ол айнып шыға келеді. *in point of fact шынында, расында In point of fact, she is their adopted daughter. – Шынында, ол олардың асыранды/ асырап алған/ бағып алған/ бауырына салып алған қызы. *labour the point өзеуреу, қайта-қайта айту I understand what you’re saying - there’s no need to labour the point. – Айтқандарыңды ұғамын – өзеуреп қажеті жоқ. *make a point of doing smth істі тиянақты/ тыңғылықты ету, істі құнттау I made a point of closing all the windows before leaving the house. – Үйден шықпас бұрын барлық терезені жаптым. *a moot point/question түсініксіз/ бұлыңғыр мәселе Whether this should be enforced by law or not is a moot point. – Бұны заң жүзінде міндеттеу керек пе, жоқ па – түсініксіз мәселе. *more to the point ең бастысы I couldn't do the job - I've never been to Spain and, more to the point, I don't speak Spanish. – Жұмысты істей алмадым – Испанияда болған емеспін және, ең бастысы, испанша білмеймін. More to the point, did they get away? – Ең бастысы, олар құтылып па? *not to put too fine a point on it шынын/ турасын/ төтесінен айтқанда Not to put too fine a point on it, I think you are lying. – Төтесінен айтқанда, өтірік айтып тұрсың деп ойлаймын. think she's wrong - not to put too fine a point on it. – Турасын айтсақ – оныкі қате деп ойлаймын. *on point (NAmE) a) қисынды, орынды, жөнді, лайықты; сай, сәйкес The quotation was directly on point. – Цитата қисынды болды./ Цитата дер кезінде айтылды. Let's stay on point. – Әңгіме желісінен шықпалық./ Мәселеден ауытқымалық. None of the replies was on point. – Жауаптардың ешқайсысы сұрақтарға сай болмады.b) ​(informal) дұрыс, жөн; дәл, орынды The music here is totally on point. – Бұл жерде музыканың жөні бар. *on the point of doing smth бірнәрсе істейін деу, істеуге жақын болу (synbe about to do smth) I was just on the point of calling you. – Саған телефон шалайын деп жатқамын. We were on the point of giving up. – (Істі) қояйық/ Бас тартайық/ Айниық деп тұрғамыз. *point of contact (мәселе бойынша) хабарласатын адам/ бөлім The receptionist is the first point of contact most people have with the clinic. – Қабылдаудағы қызметкер көптеген жұрт үшін клиникадағы бірінші жолығатын адам. *a point of departure a) жолға шығатын жер, сапарды бастайтын жер b) ​​(formal) бастапқы/ бастайтын нүкте The author takes Freud's dream theories as the point of departure for his essay. – Автор Фрейдтің түстер теориясын өз шығармасына тиек/ түрткі етіп алған. *a point of honour абырой мәселесі, ар-ұят ісі *the point of no return «оралмас нүкте», кейін қайту я істі, тб доғару мүмкін емес жағдай We have passed the point of no return. – Оралмас нүктеден өттік. *point taken дұрыс, жә (біреудің дұрыстығын ұқтым дег мағ) Point taken. Let's drop the subject. – Жә. Бұл әңгімені доғаралық. *score a point/points (off/against/over smb) «ұпай алу», артық білетінін, тб көрсету He was always trying to score points off his teachers. – Ол ылғи мұғалімдерінен артық білетінін көрсетуге тырысатын. *a sore point жүйкеге тиетін/ қапаландыратын нәрсе Don't ask him about the job search - it's a bit of a sore point. – Одан жұмыс таптың ба деп сұрама – көңілі түседі. *stretch a point рұхсат ету, жағдайды түсіну I was hoping they would stretch a point and let me stay on for a while. – Олар жағдайды түсініп, маған қала тұруға рұхсат етер деп ойлағанмын. *to the point ​қысқа да нұсқа, қарапайым тілмен айтылған (syn: pertinent) The letter was short and to the point. – Хат қысқа да нұсқа еді. *to the point of (doing) smth соншама, тіпті He was rude to the point of being aggressive. – Оның дөрекілігі соншама, әкіреңдеуге дейін барды. He was focused on perfecting the project to the point of obsession. – Оның жобаға көңіл бөлгенші соншама, жатпай-тұрмай ойлайтыны сол болды. He is always so earnest and good-natured, to the point of seeming naïve at times. – Ол ылғи (да) ақкөңіл және сыпайы, кейде тіпті аңғалданып кетеді. *up to a (certain) point біршама I agree with you up to a point. – Сенімен біршама келісемін. B.v 1.саусақпен/ қолмен көрсету, нұсқау, саусағын шошайту at smb/smth ‘What's your name?’ he asked, pointing at the child with his pen. – «Атың кім?», деді ол балаға қаламмен нұсқай. ‘That's my mother,’ she said, pointing at a photo on the wall. – «Анау – шешем», деді ол қабырғадағы фотографияға нұсқай. to smb/smth He pointed to the spot where the house used to stand. – Ол үй тұрған тұсты (нұсқай) көрсетті. She shook her head and pointed to him again. – Ол басын шайқап, оған тағы да қолын/ саусағын шошайтты. towards smb/smth He said my name and pointed towards me. – Ол менің атымды атап, мен жаққа нұсқады. She pointed in my direction. – Ол мен жаққа/ жақты нұсқады. It's rude to point! – Қолмен көрсетуге/ Нұсқауға болмайды! smth She pointed her finger in my direction. – Ол саусағымен мен жақты көрсетті/ нұсқады. with smth She pointed with her finger at the map. – Ол саусағымен картаны нұсқады. 2.көздеу, оқталу, үңілу, бағыттау, қадалу smth at smb/smth He pointed the gun at her head. – Ол қаруды оның басына кезеді. A hundred camera lenses were being pointed at her. – Жүз фотообъектив оған үңіліп/ қадалып тұрды. smth He simply points the camera and shoots with simplicity and realism. – Ол әшейін камераны бағыттайды да қаз-қалпында түсіре береді. 3.бағытталу, қарау, үңілу, бұрылу The telescope was pointing in the wrong direction. – Телескоп теріс жаққа қарап тұрған. The signpost pointed straight ahead. – Жол белгісі алға қарай тура бағытты көрсетіп тұрды. A compass needle points north. – Компас тілі солтүстікті көрсетеді. The gun was pointing straight at me. – Қару тура маған кезеліп тұрды. The sign pointed right. – Белгі оң жақты көрсетті/ нұсқады. 4. (компьютер экранында) курсорды бағыттау; уэб-сайтқа кіру Shopping on the Web is pretty simple - you just point and click and wait. – Уэб арқылы сауда жасау оп-оңай – курсорыңды бағыттап, кліктейсің де күтесің. smth at/to smth Point your browser to www.oxfordlearnersdictionaries.com. – Браузеріңді www.oxfordlearnersdictionaries.com.-ге бағытта. 5.меңзеу, нұсқау The evidence seems to point in that direction. – Айғақ әлгі жаққа меңзейтін сияқты. the way The fans are looking to the new players to point the way to victory. – Жанкүйерлер жаңа ойыншыларға жеңіске бастар деген үмітпен қарайды. 6.жол сілтеу/ көрсету/ нұсқау smb I wonder if you could point me in the right direction for the bus station. – Автобус аялдамасының қайда екенін көрсетіп берер ме екенсіз? the way A series of yellow arrows pointed the way to reception. – Сары стрелкалар қабылдауға баратын жақты көрсетті. ‘You must cross that field,’ she said, pointing the way. – «Ана алқаптан өтуің керек», деді ол жол сілтей. 7. ∼ smth аяғының ұшын созу Reach up with your arms and point your toes. – Қолдарыңды жоғары, аяқтарыңды төмен соз. 8. ∼ smth қара сылақ салу, қара сылақтау, сылау (үйді тұрғызып, кірпіштердің, тастардың арасына лай сала сылау) The house needs pointing before winter. – Үйді қысқа дейін қара сылақтау қажет. 9. (idm) *point a/the finger (at smb) «біреуді саусағымен көрсету», біреуді айыптау The article points an accusing finger at the authorities. – Мақала билік орындарын айыптайды. 10. (idm) *​​point smb/smth out (to smb) (нұсқай) көрсету, нұсқау I'll point him out to you next time he comes in. – Оны келесі жолы келгенде саған көрсетемін. The guide pointed out various historic monuments. – Гид түрлі тарихи монументтерді көрсетті. *point out (to smb) | point smth out (to smb) айту, ұқтыру She tried in vain to point out to him the unfairness of his actions. – Ол оған қылықтарының дұрыс еместігін ұқтырмақ болып бос талпынды. He pointed out the dangers of driving alone. – Ол жалғыз машина айдағанның қауіп-қатерін айтты. As you so rightly pointed out, our funds are not unlimited. – Өзің(із) дұрыс айтқандай, қаражатымыз шексіз емес. out (to smb) that… I should point out that not one of these paintings is original. – Бұл картиналардың ешқайсысының оригинал/ түпнұсқа емес екенін айтып өткенім жөн. ‘It's not very far,’ she pointed out. – «Ол жер алыс емес», деді ол. *point to smth a) атап көрсету, ашып көрсету/ айту ​The board of directors pointed to falling productivity to justify their decision. – Директорлар кеңесі өздерінің шешімін еңбек өнімділігінің төмендеп жатқанымен түсіндірді. Pointing to the results of a recent survey, he claimed voters were most interested in education and unemployment. – Жақындағы шолу қорытындыларына сілтеме жасай отырып, ол сайлаушыларды білім және жұмыссыздық мәселелері көбірек толғандырады деді. She points to the fact that organic wine won't give you a headache. – Ол органик(алық) шараптың басты ауыртпайтынын айтады. b) меңзеу, білдіру All the signs point to a successful year ahead. – Алдын-ала қарағанда келесі жылы табысты болатын сияқты. The evidence before us points clearly to his innocence. – Алдымыздағы айғақ оның кінәсіз екенін анық көрсетеді. *point smth up ​(formal) білдіру, көрсету (synhighlightThe conference merely pointed up divisions in the party. – Конференция партия ішіндегі жікті/ алауыздықты көрсетіп берді.