policy [ˈpɒləsi] n (pl -cies) 1.саясат; жоспар; шара; стратегия; практика on smth the present government’s policy on education – қазіргі үкіметтің оқу/ білім (жөніндегі) саясаты The company has adopted a firm policy on shoplifting. – Компания дүкеннен ұрлауға қарсы қатаң шаралар қабылдады. The new managers are expected to implement new policies. – Жаңа менеджерлер/ басқарушылар жаңа жоспарларды орындамақ/ жүзеге асырмақ. of smth We have tried to pursue a policy of neutrality. – Біз бейтарап саясат/ бейтараптық саясатын ұстануға талпындық. of doing smth We have a policy of refusing to comment on such matters. – Бізде осындай мәселелер бойынша пікір білдіруден бас тарту практикасы бар. towards smb/smth This marked the beginning of a more open policy towards the rest of the world. – Бұл тыс әлемге ашығырақ саясат ұстанудың басы еді. US foreign/economic policy – АҚШ(-тың) сыртқы/ экономика(лық) саясаты The document does not represent government policy. – Бұл документ үкімет саясатын білдірмейді. He implemented an aggressive monetary policy to stimulate the economy. – Экономикаға дем беру/ жан бітіру үшін ол тегеурінді қаржы саясатын іске асырды. They have had a significant change in policy on paternity leave. – Әке(нің балаға қарайтын) декреті бойынша олардың көзқарасы әжептәуір өзгерді. This would be a radical shift in policy. – Бұл (жайт) саясаттағы ауқымды өзгеріс болар еді. a policy adviser/decision – жоспарлау кеңесшісі/ маңызды шешім a policy statement/objective/initiative/document – жоспар туралы мәлімдеме/ саяси мақсат/ жоспар бойынша инициатива/ жоспар туралы документ 2. (formal) қағида, принцип; әдет, дағды She is following her usual policy of ignoring all offers of help. – Ол баяғысынша ұсынған жәрдемнің ешқайсысын алмайды. (saying) Honesty is the best policy. – Адалдық/ Туралық – ең жақсы дағды. 3.полис (сақтандыру/ страхование контрактісі) Check the terms of the policy before you sign. – Қол қоймас бұрын полистің шарттарын тексеріп алғын.