popular [ˈpɒpjələ(r)] adj 1.жұрт жақсы көретін, жұртқа сыйлы, жұрт құштар, жұрт арасында атақты (oppunpopular) Andalucia is a popular tourist destination. – Андалусияға туристер көп барады. an extremely/immensely popular TV show – жұрт өте құштар/ өте қызыға көретін телешоу This annual event is wildly popular. – Бұл жылдық шараны жұрт өте жақсы көреді. This is one of our most popular designs. – Бұл жұрт арасында кең тараған дизайндеріміздің бірі. The use of case studies has become increasingly popular in higher education.Жоғары оқу орындарында істі зерделеу кең таралуда. with smb These policies are unlikely to prove popular with middle-class voters. – Бұл саясат орта тап сайлаушылардың көңілінен шыға қоймас-ау. I'm not very popular with my parents at the moment. – Қазіргі кезде ата-анама онша жақпай жүрмін. (ironic) ‘Our dog got into the neighbour's garden again!’ ‘You'll be popular.’ – «Итіміз көршінің бағына тағы түсіпті!» «Атың шығатын болыпты ғой». 2. (sometimes disapproving) көпшілік(тің), жұрт(тың), поп, көпшілік ұнататын, жұрт құштар, жұртқа сыйлы popular music/songs/culture/ fiction – жұрт құштар эстрадалық музыка/ әндер/ поп-культура/ поп-фикшн This story has been widely reported in the popular press. – Бұл әңгіме жайлы көпшілік баспасөзде көп жазды. The band's success is largely due to the popular appeal of the lead singer. – Ансамбльдің табысқа жету себебі – олардың басты әншісі жұрт арасында сыйлы. 3.жұрт/ көпшілік арасында кең таралған (түсінік, тб) There's a popular misconception that it's a difficult instrument to play. – Жұрттың көбі дұрыс ұқпай, бұл аспапта ойнаған қиын деп ойлайды. Contrary to popular belief, women cause fewer road accidents than men. – Жұрт ойлағандай емес, әйелдерге қарағанда ерлер көбінесе жол оқиғасына себепкер. Popular opinion was divided on the issue. – Бұл мәселеде жұрт пікірі айырылды. By popular demand, the tour has been extended by two weeks. – Жұрттың талап етуі бойынша, сапарды екі аптаға ұзартты. Their story has captured the popular imagination. – Олардың әңгімесіне жұрт қызықты. 4.жұрт(тың), көпшілік(тің) The party still has widespread popular support. – Партия әлі (де) жұрт арасында кең қолдауға ие/ өте сыйлы. a share of the popular vote – сайлаушылар дауысындағы үлес The regime was overthrown by a popular uprising. – Жұрт көтеріліп, режим құлады. 5. (idm) *conventional/received/ popular wisdom жұрт(шылық)/ көп(шілік) пікірі/ ұғымы Conventional wisdom has it that riots only ever happen in cities. – Жұрт жаппай бұзақылықтар тек қалада болады деп ойлайды.