potential [pəˈtenʃl] A.adj ықтимал, мүмкін, потенциалды (synpossible) potential customers/buyers/investors/clients – ықтимал тұтынушылар/ сатып алушылар/ инвесторлар/ клиенттер We have compiled a list of 10 potential candidates. – Ықтимал он кандидаттың тізімін жасадық. the potential benefits of European integration – европалық интеграцияның ықтимал пайдалары potential risks – ықтимал қауіптер/ рисктер a potential threat – ықтимал қатер/ қауіп the potential impact of the latest surge in oil prices – мұнай бағасының кейінгі кездегі өсуінің ықтимал әсері First we need to identify actual and potential problems. – Әуелі, нақты және ықтимал проблемаларды анықтауымыз/ анықтап алуымыз керек. Have you looked into the potential side effects of the treatment? – Емнің ықтимал теріс жақтарын тексердің(із) бе? a potential prime minister – ықтимал премьер-министр a potential source of conflict – жанжалдың ықтимал көзі B.n 1.потенциал, шама, мүмкіндік for smth the potential for change – өзгеру мүмкіндігі/ өзгере алу шамасы/ өзгеру потенциалы for doing smth The European marketplace offers excellent potential for increasing sales. – Европа рыногында сауданы өрістетуге тамаша потенциал/ мүмкіндік бар. of smth the huge potential of the American market – Америка рыногының орасан зор потенциалы to do smth The disease has the potential to cause a global health emergency. – (Бұл) аурудың денсаулық саласында жаһандық деңгейде төтенше жағдай туғызуы/ жаратуы мүмкін. 2.потенциал, қарым, мүмкіндік, шама, қабілет, қасиет (synpromise) All children should be encouraged to realize their full potential. – Балалардың барлығына/ бәріне өз(дерінің) қабілеттерін барынша ашуына дем беру керек. to reach/fulfil/achieve your potential – бабына жету/ өз қабілетін барынша ашу an artist of great potential – қарымды суретші ♦John shows great potential in the swimming pool. – Джонның бассейінде жүзісі оның қарымының мол екенін аңғартты. as smb/smth She has great potential as an artist. – Суретші ретінде оның қабілеті мол. her belief in art's potential as a healing agent – оның өнердің емдік қасиетіне сенімі/ сенуі to do smth He has the potential to become a world-class musician. – Оның әлемге танымал музыкант бола алатын шамасы бар. with We're looking for a trainee with potential. – Қабілет-қарымы мықты бапкер іздеп жүрміз. The house has a lot of potential. – Бұл үй көп нәрсеге жарайды. Zambia has large unexploited tourism potential. – Замбияның әлі түрен түспеген туризм потенциалы бар. 3. (physics) потенциал, шама (электр өрісінің екі нүктесіндегі кернеудің (вольттің) айырмашылығы)