prepare [prɪˈpeə(r)] v 1.дайындау, әзірлеу, даярлау, таярлау smth/smb to prepare a report – есеп/ баяндама даярлау ♦ smth/smb for smb/smth A hotel room is being prepared for them. – Оларға арнап қонақ үй бөлмесін әзірлеуде. ♦The college prepares students for a career in business. – Колледж студенттерді бизнестегі карьераға әзірлейді. ♦ smb/smth to do smth The training has prepared me to deal with any medical issue. – Дайындық мені кез-келген денсаулық мәселесімен айналысуға үйретті. ♦ for smth We all set about preparing for the party. – Бәріміз де тойға әзірлікке кірісіп кеттік. 2. дайындалу, әзірлену, даярлану, таярлану ♦I had no time to prepare. – Даярлануға уақытым болмады. ♦ for smth The whole class is working hard preparing for the exams. – Бүткіл класс/ сынып емтихандарға тынбай әзірленуде. ♦ yourself for smth The police are preparing themselves for trouble at the demonstration. – Полиция өздерін демонстрация кезінде болатын қиындықтарға әзірлеуде. ♦I had been preparing myself for this moment. – Өзімді осы сәтке дайындап жүргемін. ♦ yourself As I waited, I closed my eyes to mentally prepare myself. – Күтіп отырған кезімде көзімді жауып өзімді ойша дайындадым. ♦ to do smth I was preparing to leave. – Кетейін деп жатқамын. ♦ yourself to do smth The troops prepared themselves to go into battle. – Әскер өзін шайқасқа әзірледі. 3. ∼ smth тамақ/ ас әзірлеу/ дайындау, даярлау/ таярлау ♦He was in the kitchen preparing lunch. – Ол кухняда түскі ас әзірлеп жатқан. ♦to prepare meals/food/dinner – ас әзірлеу 4. ∼ smth (from smth) дәрі-дәрмек/ дәрі әзірлеу/ дайындау, даярлау/ таярлау ♦remedies prepared from herbal extracts – шөп тұнбаларынан әзірлеген дәрі-дәрмек 5. (idm) *prepare the ground (for smth) пысықтау, орын әзірлеу, жол ашу ♦The committee will prepare the ground for next month's meeting. – Комитет келесі айдағы жиналысты пысықтаумен айналысады/ айналысатын болады. ♦Early experiments with rockets prepared the ground for space travel. – Ракеталарды ерте кездегі сынау жұмыстары ғарыш сапарына жол ашты.