press [pres] A.n 1. ​(often the P∼) баспасөз, пресса (газеттер мен журналдар) the local/national/ foreign press – жергілікті/ елдік (ұлттық)/ шетелдік баспасөз the popular/tabloid press – көпшілік/ таблоид пресса the music/sporting press – музыка/ спорт баспасөзі/ газет-журналдары The mainstream press is ignoring this story. – Ірі/ Негізгі газет-журналдар бұл оқиғаға көңіл бөлмеуде. in the  The case has been widely reported in the press. – Бұл іс баспасөзде кеңінен айтылды. the freedom of the Press/press freedom – баспасөз бостандығы The event is bound to attract wide press coverage. – Бұл оқиға жайлы баспасөз кең(інен) жазатын болады. a White House press briefing – Ақ үй пресс-брифингі 2. the , the P∼ баспасөз, пресса (тілшілер, фототілшілер, журналистер) The Press was/were not allowed to attend the trial. – Сотқа кіруге баспасөзге рұхсат етпеді. She has been harassed by the press, who desperately need a story. – Оны жанұшыра әңгіме қуған баспасөз өкшеледі. He told the press that there had been ‘further progress’. – Ол баспасөзге «тағы ілгерілеу» болғанын айтты. She told them not to talk to the press. – Ол оларға прессамен сөйлеспеңдер деді. 3.баспасөзде біреу/ бірн-е жайлы жазылғандар The airline has had a bad press recently. – Кейінгі кездері бұл авиалиния жайлы нашар жазып жүр. The demonstration got very little press. – Демонстрация жайлы аз ғана жазды. His latest novel didn't get (a) very good press. – Оның кейінгі романын онша мақтап жазбады. 4. (газет-журнал, тб) басу станогы, баспа (жабдығы) We were able to watch the books rolling off the presses. – Кітаптардың баспа станогынан шығып жатқанын көре алдық. These prices are correct at the time of going to press. – Бұл баспаға берер кездегі бағалар. a story that is hot off the press – газетке енді шыққан әңгіме 5.баспахана, баспа Oxford University Press – Оксфорд университеті баспасы 6.басқыш, қысқыш, престегіш; сыққыш, мыжығыш a trouser press – сым үтіктегіш a garlic press – сарымсақ мыжығыш 7.басу He gave the bell another press. – Қоңырауды тағы бір бастым. Those shirts need a press. – Ол жейделерді үтіктеу керек. 8.құжынаған/ қаптаған/ иін тірескен халық/ нәрсе (synthrong) the press of bodies all moving the same way – бір бағытта қозғалып бара жатқан иін тірескен денелер Among the press of cars he glimpsed a taxi. – Машина нөпірі арасынан көзі такси шалды. B.v 1.басу smth to press a button/key – түймені (кнопканы)/ кілтті басу smth He pressed the lid firmly shut. – Ол қақпақты мықтап басып жапты. Press here to open. – Ашу үшін мына жерді бас. She pressed down hard on the gas pedal. – Ол газ педалін қатты басты. 2.басу, қысу, итеру  smth/smb/yourself against smth She pressed her face against the window. – Ол бетін терезеге сүйеді. smth to smth He pressed a handkerchief to his nose. – Ол мұрнын қол орамалмен басты. smth together She pressed her lips together. – Ол еріндерін жымқырды. smth Her lips softly pressed my cheek. – Еріндері бетіме жұмсақ басылды. against smth His body was pressing against hers. – Оның (жігіттің) денесі оның (қыздың) денесін басып бара жатты. (down) (on smth) She pressed down harder on the paper. – Ол қағазды қаттырақ басты. 3. ∼ smth into/onto smth басу, батыру, шұқу He pressed a coin into her hand and moved on. – Ол монетаны оның қолына қысып ұстатты да кетіп қалды. She pressed a finger into the dough. – Ол қамырға саусағын батырды. 4. ∼ smth (қолын, тб аялай) қысу He gently pressed her arm, then left. – Ол оның қолын жұмсақ қысты да кетіп қалды. 5. (топ ж) итере/ кимелей қозғалу, лықсу The photographers pressed around the royal visitors. – Фотографтар король үй-іші өкілдерін қаумалады. (figurative) A host of unwelcome thoughts were pressing in on him. – Бір жайсыз ойлар оның санасын кимеледі. The crowd pressed forward. – Топ алға қарай лықсыды. 6.көндіруге тырысу, қолқалау; қысым жасау (syn: pushurge) smb If pressed, he will admit that he knew about the affair. – Қолқаласа/ Қысым жасаса, істі білгені жайлы ол айтады. smb for smth The bank is pressing us for repayment of the loan. – Банк қарызды төле деп бізге қысым жасап жатыр. smb to do smth They are pressing us to make a quick decision. – Олар бізге тез шешіңдер деп жатыр. smb into (doing) smth Don't let yourself be pressed into doing something you don't like. – Көңілің қаламаған нәрсені істеуге өзіңді мәжбүрлемесін/ көндірмесін. smb on smth I did not press him further on the issue. – Бұл мәселеде оны артық қолқаламадым. ‘Are you sure?’ she pressed gently. – «Сенімдісің бе?», деді ол жұмсақ қолқамен. 7. ∼ smth нығарлай айту, қатты айту, қоймау I don't want to press the point, but you do owe me $200. – Қатты айтқым келмейді, бірақ сен маған $200 қарызсың. She is still pressing her claim for compensation. – Ол әлі өтемақы/ компенсация төлесін деп қоймауда. They were determined to press their case at the highest level. – Олар жоғары жаққа айтамыз/ шағымданамыз деп отыр. 8.басу, таптау, тегістеу, жайпақтау, жайпақ етіп нығыздау smth pressed flowers – (кітап парақтары арасында кепкен) гүл гербарийі smth Press the soil flat with the back of a spade. – Күректің артқы жағымен топырақты жайпақ етіп нығызда. 9. ∼ smth үтіктеу (syniron) My suit needs pressing. – Костюмімді үтіктеу керек. his immaculately pressed suit – оның мінсіз үтіктелген костюмі 10. ∼ smth сығу, мыжу, сығып/ мыжып сөлін/ суын шығару 11.престеп жасау, қысып жасау smth to press a CDCD-ді престеп жасау smth from/out of smth The car bodies are pressed out of sheets of metal. – Машина бөлшектерін металл қаңылтырларынан престеп жасайды. 12. (idm) *bring/press/lay/prefer charges against smb [қ-з: prefer (2)] *press all the (right) buttons (especially BrE) (also push all the (right) buttons) (informal) «барлық (дұрыс) кнопкаларды басу», не керек екенін біліп істеу, діттеген жерінен шығу, дөп түсу The coach has pushed the right buttons with his players this season. – Бапкер осы маусымда ойыншыларының райын таба білді. The successful politician is the one who presses just the right buttons. – Табысты саясаткер - жұртқа не керек екенін білетін адам. This product hits all the right buttons with us. – Бұл товар/ өнім ойымыздан шықты. *press (the) flesh (informal) (әйгілі адам я саясаткер ж) (жұртпен) қол алысу, қол алысып амандасу *press smth home шабуылдап не пікір таластырып басымдыққа жетуге/ жеңуге тырысу to press home an attack/an argument/a point – шабуылды үдету/ дәлелдерін/ пікірін нығарлай айту Simon saw she was hesitating and pressed home his advantage. – Оның жүрексініп тұрғанын көріп Саймон жағдайды пайдаланып қалуға тырысты. *press smb/smth into service (біреуді/ бірн-ні) іске жұмылдыру/ салу ​Every type of boat was pressed into service to rescue passengers from the sinking ferry. – Батып бара жатқан паромнан адамдарды құтқару үшін кез-келген қайықты салды/ қолданды. *press/push the panic button «дабыл қағу», шұғыл/ қауырт/ күрт әрекет ету, шалт қимылдау ​The prime minister pressed the panic button yesterday as Britain’s economy plunged deeper into crisis. – Британияның экономикасы кризиске бата түскендіктен, кеше премьер-министр дабыл қақты. 13. (phr v) *press ahead/on (with smth) істі белсене істей түсу, бастырмалату; ұмтылу The company is pressing ahead with its plans for a new warehouse. – Компания жаңа қойма салу жоспарын іске асырмақ болып ұмтылуда. ‘Shall we stay here for the night?’ ‘No, let's press on.’ – «Осында түнейік пе?» «Жоқ, жүрелік». *press for smth сұрап/ талап етіп қоймау (syndemandpush for) They continued to press for a change in the law. – Олар заңды өзгертуді талап етуін қоймады. *press smth on smb (тамақты, ішімдікті) тықпалау, бергіштеп қоймау She kept pressing cake on us. – Ол бізге тортты тықпалап қоймады.