priority [praɪˈɒrəti] n (pl -ties) 1.приоритет, басымдық, (басқаларға қарағанда) маңыздылық, бірінші кезектегі іс a high/low priority – маңызы жоғары/ төмен іс Education is a top priority. – Білім (беру) – аса маңызды іс. Our first priority is to improve standards. – Ең әуелгі міндетіміз – стандарттарды жақсарту. National security is our main priority. – Ұлттық қауіпсіздік – ең басты міндетіміз. Public sector reform is a key priority. – Мемлекеттік секторды реформалау – бірінші кезектегі іс. Financial security was high on his list of priorities. – Қаржы қауіпсіздігі – приоритеттер тізімінде жоғарғы орынды алды. You need to get your priorities right. – Өзіңе ең маңызды істерді анықтап алуың керек. (NAmE) You need to get your priorities straight. - – Өзіңе ең маңызды істерді анықтап алуың керек. The department must start setting priorities. – Бөлім ең маңызды міндеттерді айқындауға кірісуі тиіс. 2. (басқаларға қарағанда) маңыздырақ болу(шылық), басымдық, маңыздылық, әуелгілік, жоғарылық, өзектілік (synprecedence) Club members will be given priority. – Бірінші кезекте клуб мүшелеріне көңіл бөлінетін болады. The search for a new vaccine will take priority over all other medical research. – Жаңа вакцинаны табу басқа медицина зерттеулерінен маңызды болмақ. A clean ocean must have priority over the profits of polluting industries. – Таза мұхит ластағыш өнеркәсіптердің пайдаларынан маңызды болуы тиіс. Priority cases, such as homeless families, get dealt with first. – Үйсіз отбасылар сияқты өзекті істер бірінші қаралады. 3. (BrE) (бір көліктің екіншісінен) озу хақы, басымдық (synright of way) Buses have priority at this junction. – Мына қиылыста автобустардың басымдығы бар.