production [prəˈdʌkʃn] n 1.өндіру(шілік), жасау, жасап шығару; өсіру; өндіріс food/oil production – тамақ/ мұнай өндіру, тамақ/ мұнай өндірісі The new plant is due to begin production next year. – Жаңа завод жұмысын/ өндірісті келесі жылы бастайды. Production of the new aircraft will start next year. – Жаңа ұшақты жасау келесі жылы басталады. in The new model will be in production by the end of the year. – Жаңа модельді жыл соңына қарай жасап шығара бастайды. The car goes into production later this year. – Машинаны жыл соңына қарай өндіре бастайды. This model went out of production last year. – Бұл модель былтырдан бастап өндірістен шыққан (шығып қалған)./ Бұл модельді былтырдан бастап жасамайтын болды. production costs/processes – өндіру/ өндіріс шығындары/ барысы Prices have fallen below the cost of production. – Бағалар өндіріс құнынан/ өзіндік құннан төмендеп кетті. 2.өнім, өндіріс, өнім өндіру a decline/an increase in production – өнім өндірудің/ өндірістің азаюы The goal is to increase production by 40%. – Мақсат – өндірісті 40%-ке арттыру. Industries boosted production last month. – Кәсіпорындар өндірісті өткен айда ұлғайтты. Production declined by 20%. – Өнім/ Өндіріс 20%-ке азайды. Production will drop by 60 000 next year. – Өнім өндіру келесі жылы 60 мыңға азаяды. It is important not to let production levels fall. – Өндіріс деңгейін түсірмеген маңызды. Market demand could outpace production capacity. – Сұраныс өндірістен асып түсуі мүмкін. 3. (табиғи) бөл(ін)у, жаса(л)у Eating cheese stimulates the production of saliva. – Сыр (ірімшік) жегенде сілекей бөліне бастайды. Exposure to sunlight increases the production of melanin. – Теріге күн сәулесі түскенде меланиннің бөлінуі артады. Green tea inhibits the production of this enzyme. – Көк шай энзимнің бөлінуін тежейді. 4. (фильм, пьеса) түсіру, жасау, қою, өндіру, сахналандыру; түсірілім, қойылым a new production of ‘King Lear’ – «Король Лирдің» жаңа қойылымы. The college will be staging a production of 'The Wizard of Oz'. – Колледж 'The Wizard of Oz'-ды сахналандыратын болады. Every year the school puts on a musical production. – Мектеп жыл сайын музыкалық қойылым қояды. He wants a career in film production. – Ол фильм жасау кәсібімен айналысқысы келеді. inSeries four is currently in production. – Төртінші сериал қазір түсірілуде/ өндірісте. The film goes into production next year. – Фильмді келесі жылы түсіре бастайды. 5. (idm) *on production of smth (formal) бірнәрсені көрсеткенде Discounts only on production of your student ID card. – Студент куәлігін көрсеткенде ғана арзан сатылады.