professionalism [prəˈfeʃənəlɪzəm] n 1.профессионализм, кәсіби шеберлік, кәсібилік, біліктілік We were impressed by the professionalism of the staff. – Қызметкерлердің (кәсіби) шеберлігіне тамсандық. Their duties were carried out with commitment and professionalism. – Олар міндеттерін беріле, кәсіби шеберлікпен атқарды. 2.асқан шеберлік, қабілет the power and professionalism of her performance – оның орындауындағы жігер пен шеберлік 3.ойынға профессионал/ кәсіпқой спортшыларды көбірек тарту, спортты кәсіпке айналдыру, профессионализм, кәсіпқойлық, кәсібилік Increased professionalism has changed the game radically. – Кәсібиліктің өсуі ойынды түбегейлі өзгертті.