profile [ˈprəʊfaɪl] A.n 1.дерек, мәлімет, сипаттама, профиль We first build up a detailed profile of our customers and their requirements. – Алдымен клиенттеріміз бен оларға қажет нәрселер жайлы егжей-тегжейлі дерек жиямыз. You can update your Facebook profile. – Фейсбуктегі профиліңді жаңартсаң болады. He fits the profile of the killer. – Ол кісі өлтірушінің сипаттамасына/ профиліне сай келеді. The magazine published a short profile of the new mayor. – Журналда жаңа мэр жайлы қысқаша дерек жарияланған. a job/employee profile – жұмыс/ жұмыскер жайлы мәлімет His psychological profile is revealing.Оның психологиялық мінездемесінен біраз нәрсе аңғаруға болады. 2.келбет, имидж, бедел, профиль Her popularity has done great things for the profile of the sport. – Оның танымалдығы спорт келбетінің түзелуіне көп ықпал етті. The deal will certainly raise the company's international profile. – Контракт компанияның халықаралық келбетін биіктетеді. We want to improve the profile of women’s health issues. – Әйелдердің денсаулық мәселелеріне жұрт назарын көбірек аударғымыз келеді. a campaign to boost the profile of the city as a cultural leader – қаланың мәдениет үздігі (ретіндегі) келбетін жақсартпақ науқан 3.бүйір сұлба, қыр сұлба, профиль (кісінің бір қырынан қарағандағы оның бет жүзінің кескіні) ​his strong profile – еңселі қыр сұлбасы She presented her best profile to the camera. – Ол камера алдында бүйірінен әдемілене тұрды. in  a picture of the president in profile – президенттің бір қырынан түскен суреті 4.сұлба, пішін, кескін the profile of the tower against the sky – мұнараның аспан астындағы сұлбасы 5. (idm) *a high/low profile көп/ аз танымал(дық)/ белгілі(лік) This issue has had a high profile in recent months. – Бұл мәселе кейінгі айларда жұртты елеңдетумен болды. I advised her to keep a low profile for the next few days. – Ол оған алдағы бірнеше күн көзге түспеуге кеңес берді. The story was given a low profile in today's papers. – Бұл әңгіме жайлы бүгін газеттер онша жазбады. B.v smb/smth сипаттау, мінездеме жасау His career is profiled in this month's journal. – Осы айдың журналында оның еңбек жолы жайлы жазылған.