promise [ˈprɒmɪs] A.v 1.уәде ету/ беру ♦‘We haven't got time to go to the park.’ ‘But you promised!’ – «Паркке баратын уақтым жоқ». «Ой, уәде етіп едің ғой!» ♦to do smth The college principal promised to look into the matter. – Колледж директоры мәселені қарауға уәде етті. ♦‘Promise not to tell anyone!’ ‘I promise.’ – «Ешкімге айтпауға уәде ет(кін)!» «Уәде беремін». ♦They arrived at 7.30 as they had promised. – Уәде еткендеріндей, сағат 7.30-да келді. ♦I'll see what I can do but I can't promise anything. – Не істей аларымды көрейін, бірақ ештеңе уәде ете алмаймын. 2.бірнәрсе болатындай/ болатын сияқты көріну; бірн-ң белгісі болу it s to be smth It promises to be an exciting few days. – Қызыққа толы бірнеше күн болатын сияқты. ♦ smth There were dark clouds overhead promising rain. – Үстіде қарақошқыл бұлттар төнді; жаңбыр болатындай көрінді. 3. (idm) *I (can) promise you (informal) (саған) уәде етемін (қолпаштауды я ескертуді білд) ♦I can promise you, you'll have a wonderful time. – Саған уәде етейін, керемет уақыт өткізетін боласың. ♦If you don't take my advice, you'll regret it, I promise you. – Айтқанымды тыңдамасаң, өкінетін боласың. *promise (smb) the earth/moon/world (informal) аспандағы айды, тб уәде ету ♦Politicians promise the earth before an election, but things are different afterwards. – Сайлау алдында саясаткерлер аспандағы айды уәде етеді, алайда сосын мәселе басқа. B.n 1.уәде, уағда ♦to make/keep/fulfil/break a promise – уәде беру/ уәдесінде тұру/ уәдесін орындау/ уәдесінен таю ♦You haven't gone back on your promise, have you? – Уәдеңнен айныған жоқсың ғой, иә? ♦He simply broke every single promise he ever made me. – Маған берген еш уәдесін ол орындаған емес. ♦The minister was under attack for a series of broken promises. – Бірнеше уәдесін орындамағаны үшін министр сынға ілікті.  ♦to do smth She kept her promise to visit her aunt regularly. – Ол апайыма ылғи келіп тұрамын деген уәдесінде тұрды. ♦He fulfilled a campaign promise to end the war. – Ол сайлау науқаны кезіндегі соғысты тоқтатамын деген уәдесінде тұрды. ♦to smb He had now to deliver on his promises to the Canadian electorate. – Ол енді Канада сайлаушыларына берген уәдесін орындауға тиіс болды. ♦from/by smb These are empty promises from a party not in a position to honour them. – Бұлар - өз уәделерін құрметтей алмайтын партияның айтқан құрғақ уәделері. ♦of smth The government failed to keep its promise of lower taxes. – Үкімет салықты төмендетпек болған уәдесінде тұрмады. ♦They were lured by government promises of either money or other benefits. – Олар үкіметтің ақша не басқа жақсылықтар жайлы уәдесіне елікті/ алданды. ♦ (that…) Do I have your promise that you won't tell anyone about this? – Бұны ешкімге айтпаймын деп уәде бере аласың ба? 2.жақсы белгі/ нышан, үміт күттіретін нәрсе (synpotential) ♦Her work shows great promise. – Оның жұмысынан қабілетінің молдығын аңғаруға болады. ♦Their research holds considerable promise. – Олардың зерттеу жұмысы көп нәрсе күттіреді. ♦He failed to fulfil his early promise. – Ол алғашындағыдай емес, нашарлап кетті. ♦Their future was full of promise. – Оларды талай қызық нәрсе күтіп тұр еді. ♦ for smth Stem cell research offers real promise for the treatment of currently incurable diseases. – Сабақ клеткалары зерттеулерінің арқасында қазір емделмейтін ауруларды емдеуге мүмкіндік тууы мүмкін. 3. ∼ of smth жақсы белгі/ нышан ♦The day dawned bright and clear, with the promise of warm, sunny weather. – Таң жарық әрі ашық болып атты, күн жылы да шуақты болатындай. ♦The dog approached, attracted by the promise of food. – Ит азықтан дәмелене жақындады. ♦Organic food seems to hold out the promise of healthy living. – Органик азық саламатты өмірге сеп болатындай. 4. (idm) *a lick and a promise (informal) апыл-ғұпыл/ шала-шарпы істеу