promote [prəˈməʊt] v 1. (өнімді, қызметті, тб рынокта) ілгерілету, демеу, таныстыру, қолдау, дем беру, сүйеу smth The band has gone on tour to promote their new album. – Музыкалық топ өздерінің жаңа альбомдарын таныстыру үшін ел аралап, концерт қоюда. This trade fair will help businesses from Kazakhstan to promote their products. – Осы сауда жәрмеңкесі қазақстандық бизнестерге/ кәсіпорындарға өз өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдеседі. smth as smth The area is being promoted as a tourist destination. – Бұл тұсты туризм орны деп ілгерілетуде. 2. ∼ smth демеу, сүйеу, қолдау, орнықтыру, өрістету (synencourage) to promote democracy/peace/understanding/health – демократияны/ бейбітшілікті өрістету/ түсінікті/ денсаулықты демеу I applaud his efforts to promote world peace. – Оның дүниеде бейбітшілікті өрістетуге бағыттаған еңбегін қошеметтеймін. to promote the development/use of something – бірнәрсенің дамуын/ қолданысын демеу policies to promote economic growth – экономиканың өсімін демеу саясаты a campaign to promote awareness of environmental issues – табиғат мәселерінен (жұртты) хабардар ету науқаны The exhibition was intended to promote interest in contemporary sculpture. – Көрме қазіргі заманғы скульптураға деген ынтаны көтеруді көздеді. We think football can help to promote the idea of a multicultural and multiethnic society. – Футбол көпмәдениетті және көпұлтты қоғам туралы идеяны өрістетуге жәрдемдесе алады деп ойлаймыз. Vietnam has actively promoted foreign investment. – Вьетнам шетел инвестицияларына белсенді дем берді. 3. (біреуді жұмыста) жоғарылату, өсіру (opp: demote) smb She worked hard and was soon promoted. – Ол тынбай еңбектеніп, жұмысында көп ұзамай өсті. smb to smth He has been promoted to sergeant. – Оны сержант қылды. smb from smth He was an experienced officer who had been promoted from the ranks. – Ол қызметін төменнен бастаған тәжірибелі офицер еді. smb from smth to smth She was promoted from finance director to chief executive. – Ол қаржы директорынан бас атқарушылыққа жоғарылады. 4. ∼ smth (from smth) (to smth) (спорт командасын жоғары деңгейге/ лигаға) жоғарылату (opp: relegate) They were promoted to the First Division last season. – Олар өткен маусымда Бірінші дивизионға жоғарылады.