pull [pʊl] A.v 1.тарту You push and I'll pull. – Итер де тарт. Don't pull so hard or the handle will come off. – Қатты тартпа, әйтпесе тұтқа жұлынып кетеді. ♦He got hold of the end and pulled. – Ол ұшын ұстады да тартты. on smth I pulled on the rope to see if it was secure. – Арқанның мықты бекітілгенін көру/ тексеру үшін оның бір ұшын тарттым. at smth He pulled at her coat sleeve. – Ол оның үсі киімінің жеңінен тартты. smth Pull the door shut. – Есікті тартып жап(қын). She pulled the straps tight. – Ол тартып, таспаларды мықтады. 2.жұлу, жұлқу, тарту, шығару, тартып шығару smth If these weeds are not pulled, they will spread rapidly . – Мына шырмауықтарды отамаса, қаулап өседі. to pull a knife пышақ шығару smth Pull the plug out. – Розетканы шығар. She pulled off her boots. – Ол аяқ киімін жұлқи шешті.  3. ∼ smb/smth тарту, сүйреу, қозғау, сырғыту Pull your chair nearer the table. – Орындығыңды столға тақау сырғыт. I pulled up a seat next to her. – Орындықты оның жанына жақындаттым. He pulled on his sweater. – Ол свитерін киді. She took his arm and pulled him along. – Ол оның қолын алып, ертті. The sun was too bright so I pulled the blinds down. – Күн шақырайған соң, перделерді түсірдім. She pulled on her boots and hurried off. – Ол аяқ киімін (тартып) киді де зыта жөнелді. 4. ∼ smth сүйреу, тарту In this area oxen are used to pull carts. – Бұл жерде өгіздерді арбаға қатады/ жегеді. a car pulling a trailer – трейлерді сүйреп бара жатқан машина 5.қозғалу, жылжу He tried to kiss her but she pulled away. – Ол оны сүйгісі келген, бірақ ол әрі қозғалды. smth/yourself John pulled himself free and ran off. – Джон денесін босатып алды да жүгіріп кетті. 6. ∼ smth перделерді тарту/ түсіру/ ашу/ жабу (syndraw) Pull the curtains - it's dark outside. – Пердені жапшы – тыс қараңғы болды. 7. ∼ smth сіңірін созу, етін ауырту to pull a muscle/ligament/tendon – етін ауырту/ сіңірін созу He pulled a hamstring in training.Ол жаттығу кезінде тақылжырын (тізенің артқы жағы) созып алды 8. ∼ smth тарту, басу (сөйтіп оталдыру, істету, тб) Pull the lever to start the motor. – Моторды оталдыру үшін тұтқаны тарт. Don't pull the trigger! – Шүріппені баспа! 9. ∼ (smth) to the right/the left/one side (көлікті) қозғау, бұру The wheel is pulling to the left. – Дөңгелек солға қарай тартуда. She pulled the car to the right to avoid the dog. – Ол иттен қашып, машинаны оңға бұрды. 10. (мотор ж) қатты істеу, тарту The old car pulled hard as we drove slowly up the hill. – Төбеге қарай көтерілгенімізде көне машина ышқына тартты. 11. ∼ (smth) ескек есу They pulled towards the shore. – Олар жағаға қарай есті. 12. ∼ smb/smth (in) қызықтыру, тарту They pulled in huge crowds on their latest tour. – Олардың кейінгі ел араласында концертке жұрт  ағылып келді. 13. ∼ (smb) (BrE, informal) (өзінің әдемілігімен, тб) тарту, қарату He can still pull the girls. – Оған әлі де қыз қарайды. She's hoping to pull tonight. – Ол бүгін түнде біреуді қаратсам дейді. 14. ∼ smth (informal) әккілікпен/ қулықпен қылмыс жасау; алдау; келемеждеу, келекелеу, әжуалау, ойнау He's pulling some sort of trick on you. – Ол сенімен ойнағысы/ сені келекеткісі келіп жүр. He was trying to pull a fast one when he told you he’d paid. – Ол төледім дегенде сені алдағысы келген. 15. ∼ smth (informal) болдырмау, тоқтату The gig was pulled at the last moment. – Концертті соңғы сәтте болғызбай тастады. 16. (idm) *do/pull/serve double duty (as smth) ​бір мезетте екі жұмыс істеу, екі міндет атқару This device can pull double duty as a decent laptop and an adequate tablet. – Бұл девайс ноутбук және планшет ретінде қос міндет атқара алады. She deserves credit for serving double duty as a host and performer. – Ол ұйымдастырушы әрі өнер көрсетуші ретінде қос міндет атқарғаны үшін мақтауға лайық. *draw/pull your horns in үнемшіл, ұқыпты бола бастау Small businesses have had to pull their horns in during the recession. – Шағын кәсіпорындар кризис кезінде үнемдей түсті. *like pulling teeth (informal) «тіс жұлғандай», өте қиын It's like pulling teeth trying to get him to talk. – Оны сөйлету тіс жұлғанмен бірдей. *pick/pull/tear smb/smth to pieces/shreds [қ-з: pick (А5)] *pull/drag yourself up by your (own) bootstraps (informal) өзіне өзі сүйену, өзін-өзі демеу *pull/make faces/a face (at smb) тыжырыну, тұштию, тыржию [қ-з: face (А8)] What are you pulling a face at now? – Неменеге тыжырынып/ тұштиып тұрсың? Do you think it’s funny to make faces behind my back? – Арқамнан беттеріңді тыржитқандарың соншама күлкілі ме? *pull a fast one (on smb) (slang) алдау, келемеждеу, келекелеу *pull in different/opposite directions әр жаққа тарту, мақсаттары түрлі болу There are different considerations, often pulling in different directions. – Көбінесе әр жаққа тартқан түрлі ойлар бар. *pull it/smth out of the bag (informal) «қоржыннан суырып алу», қиын істі күшпен не ақылмен тындыру We managed to pull it out of the bag despite not being at our best for most of the game. – Ойынның көп бөлігінде жақсы ойнамағанымызбен, әйтеуір ұтып кеттік. *pull smb’s leg (informal) келекету, алдау, алдап ойнау *pull the other one (it’s got bells on) (BrE, informal) біреудің айтқанына сенбеймін Your dad’s a racing driver? Pull the other one!Әкем көлікпен жарысады дейсің бе? Сенбеймін! *pull out all the stops (informal) бар күшін салу, әупірімдеу *pull the plug on smb/smth [қ-з: plug (В10)] *pull your punches (informal) тартыну, абайлау Her articles certainly don't pull any punches. – Ол мақалаларында абайлап жазатыны көрініп тұр. *pull smth/a rabbit out of the hat (informal) аяқ астынан шеше салу, таңдай салу *pull rank (on smb) өзінің қызметін/ мәртебесін/ атағын пайдалану *pull the rug (out) from under smb’s feet (informal) «біреудің аяғының астынан кілемшені жұлып алу», көмектеспей/ қолдамай тастау/ қою *pull your socks up (BrE, informal) жұмысын/ мінезін, тб жақсартуға тырысу You're going to have to pull your socks up. – Жұмысыңды жақсартуға тырысуың керек. *pull strings (for smb) (NAmE also pull wires) (informal) өз ықпалын пайдалану *pull the strings (басқаларды) бақылау, қадағалау *pull up stakes (NAmE) (BrE up sticks) (аяқ астынан) көшіп кету, кетіп қалу He pulled up stakes and went back to France. – Ол тез көшіп, Францияға қайтып кетті. *pull your weight аянбай еңбектену *pull the wool over smb’s eyes (informal) өзінің шын ниетін жасыру/ көлгейлеу 17. (phr v) *pull ahead (of smb/smth) озу, алға шығу/түсу The cyclists were together until the bend, when Tyler pulled ahead. – Велосипедшілер бұрылысқа дейін бірге етін, сосын Тайлер алға түсті. *pull smb/smth apart (төбелесіп жатқандарды) ажырату, айыру *pull smth apart ажырату, айыру *pull at smth (also pull on smth) (темекіні, тб) сору, сораптау *pull away (from smth) (көлік ж) қозғала бастау They waved as the bus pulled away. – Автобус қозғала бастағанда олар қол бұлғады. *pull back a) (әскер ж) шегіну, кету (synwithdraw) b) шегіну, бас тарту (synwithdraw) Their sponsors pulled back at the last minute. – Соңғы сәтте олардың демеушілері айнып кетті. *pull smb back әскерді шегеру/ шегіндіру/ қайтару/ әкету *pull back | pull smth back (sport) гол салу, ұпай алу Rangers pulled back to 4-3. – Рейнджерз есепті 4-3 етті. They pulled back a goal just before half-time. – Бірінші тайм бітер кезде олар бір гол салды. *pull smb down (especially US) «төмен тарту», қиындықтар туғызу Her problems have really pulled her down. – Проблемалары оның етегінен тартты. *pull smth down a) (үй-жайды) бұзу, талқандау, сүру (syndemolish) b) (also pull smth in) (informalкөп ақша/ жалақы табу (syn: make (A15)) I reckon she's pulling down over £200 000. – Ол £200 000-тен көп табатын шығар деп ойлаймын. *pull smb in a) (informal) біреуден жауап алу үшін полицияға әкелу b) (also pull smth down) (informal) көп ақша/ жалақы табу (synmake (A15)) I reckon she's pulling in over $100 000. – Ол £100 000-тен көп табатын шығар деп ойлаймын. *pull in (to smth) a) (пойыз ж) станцияға келіп тоқтау b) (BrE) (көлік не жүргізуші ж) жолдың шетіне не бір жерге келіп тоқтау The police car signalled to us to pull in. – Полиция машинасы бізге тоқта деп белгі берді. *pull off | pull off smth (көлік не жүргізуші ж) шетке тоқтау/ тоқтай тұру *pull smth off (informal) қиын нәрсеге қол жеткізе алу We pulled off the deal. – Контрактіге қол қоя алдық. I never thought you'd pull it off. – Ойымызға жетеміз деп тегі ойламаппын. *pull on (also pull at smth) (темекіні, тб) сору, сораптау *pull out (көлік ж) бір шетке қозғалу, бұра тарту A car suddenly pulled out in front of me. – Машина кенет алдымнан бұра өте шықты. *pull out (of smth) a) (пойыз ж) станциядан кету b) (бір жерден) кету; іске араласуын қою (synwithdraw) ♦The project became so expensive that we had to pull out. – Жоба соншама қымбаттағаннан соң, бас тартуымызға тура келді. *pull smb/smth out (of smth) әкету, шығару, тоқтату (synwithdraw) They are pulling their troops out of the war zone. – Олар әскерін соғыс аймағынан әкетуде. *pull over (көлік ж) шетке жылжу/ қозғалу She saw the ambulance coming up behind her and pulled over. – Артынан келе жатқан жедел жәрдемді көрді де (көлігін) шетке тартты. *pull smb/smth over (полиция ж) көлікті шетке қозғату/ жылжыту *pull through | pull through smth a) сауығу, оңалу, тәуір болу, жазылу, айығу The doctors think she will pull through. – Дәрігерлер оны тәуір болады дейді. b) ​қиын нәрсені істей алу It's going to be tough but we'll pull through it together. – Бұл қиын болады, алайда бірге еңсереміз. *pull smb through | pull smb through smth a) біреудің аурудан сауығуына жәрдемдесу b) көмектесу, жәрдемдесу I relied on my instincts to pull me through. – Қиындықты жеңу үшін өзіме-өзім сүйендім. *pull together бірлесе әрекет ету/ жұмыс істеу *pull up (көлік ж) тоқтау He pulled up at the traffic lights. – Ол светофорда тоқтады. *pull smb up (BrE, informal) ащы сынау, ащы сынға алу *pull yourself together өзін өз қолына алу, сабыр сақтау Stop crying and pull yourself together! – Жылауыңда қойып, есіңді жи! B.n 1.тарту, жұлқу I gave the door a sharp pull and it opened. – Есікті қатты тартып/ жұлқып аштым. One last pull on the rope should do it. – Арқаннан тағы бір рет тартса, болды. 2. the (of smth) тартылыс/ тарту күші the earth’s gravitational pull – жердің тарту/ тартылыс күші The tides depend on the pull of the moon. – Судың тасуы айдың тарту күшіне байланысты. 3. the (of smth) тарту, қызықтыру, еліктіру The magnetic pull of the city was hard to resist. – Қаланың еліктіруіне төтеп беру қиын болды. He felt the pull of paternal love. – Ол ата-ана махаббаты күшін сезді. 4. (informal) қуат, ықпал people who have a lot of pull with the media – медиаға ықпалы күшті адамдар 5. ∼ (at/on smth) темекі сору/ сораптау She took a long pull on her cigarette. – Ол темекіні ұзақ сорды. a pull at his flask – торсығынан (су, тб) жұту 6. (BrE) қинала жоғару жүру It's a long pull up to the summit. – Шыңға дейін жол қиын. 7.сіңірін созып алу, бұлшық етін ауыртып алу 8.тартқыш, тұтқа a bell/door pull  - қоңыраудың тартқышы/ есік тұтқасы 9. (idm) *on the pull (BrE, slang) өзіне ойнас іздеген