pure [pjʊə(r)] adj (∼r [ˈpjʊərə(r)], ∼st [ˈpjʊərɪst]) 1.таза; нағыз; саф; қоспасыз; асыл pure gold – саф алтын ties made of pure silk – нағыз/ таза жібек галстуктер These shirts are 100% pure cotton. – Бұл жейделер 100% таза мақта. The patient was given pure oxygen to breathe. – Пациентке дем алу үшін таза оттегі берді. pure art – нағыз өнер The metal needs to be very pure. – Металл мүлде қоспасыз болуы керек. 2.таза (лас, кір емес) (opp: impure) a bottle of pure water – бір шөлмек таза су The air was sweet and pure. – Ауа жұпар да таза еді. pure drinking water – таза ауыз су 3.мүлде, толығымен, толықтай They met by pure chance. – Олар ойда жоқта/ кездейсоқ кезігісіп қалды. She laughed with pure joy. – Ол мейірлене күлді. That woman is pure evil. – Ол әйел - нағыз зұлым. These reports are pure speculation. – Бұл хабарлар – құры сөздер. 4.таза; мінсіз; тұнық beaches of pure white sand – аппақ құмды пляждар a pure voice – тұнық дауыс 5.пәк, риясыз, таза, кіршіксіз; адал (opp: impure) to lead a pure life – ар-ұятқа сай өмір сүру His motives were pure. – Ниеті таза еді. (literary) to be pure in body and mind – тәні де, жаны да пәк/ таза болу 6.асыл тұқымды These cattle are one of the purest breeds in Britain. – Бұл ірі-қара (малдар) - Британиядағы нағыз асыл тұқымдылардың бірі. 7. (idm) *​pure and simple (сол) ғана, әншейін ғана, тек It's laziness, pure and simple. – Бұл әншейін (ғана) жалқаулық. The man wants revenge, pure and simple. – Ол кісінің ойлағаны тек кек (алу).